Жанасу, қысым түйсiктерi

Жанасу мен қысым түйсiктерiөзара өте тығыз байланысты. Қысым қатты жанасу болып табылады.

Ауырсыну түйсiгiмен салыстырғанда, жанасу мен қысым түйсiктерiнiң салыстырмалы нақты локализациясы болады. Бұл көру мен бұлшықет сезiмiнiң қатысуымен, олардың негiзiнде жиналған тәжiрибемен байланысты. Қысым рецепторларының өзiне тән ерекшiлiктерiнiң бiрi – олардың бейiмделгiштiгi. Сондықтан бiз қысымның өзiн емес, ал көбiнесе оның өзгеруiн сезiнемiз. Жанасу мен қысымға сезгiштiк терiнiң түрлi учаскелерiнде әр түрлi болады.

4. Есту түйсiктерi.Адамның есту түйсiктерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.

Есту түйсiктерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.

Дауыс көмекейдегi дыбыс желбезегiнiң (шымылдығының) тербелiсiнен туады. Оның тербелiсi ауаның өтуiне және дыбыс желбезегiнiң керiлу күшiне байланысты болады.

Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi.

Есту жiткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық есту қабiлетi.

Дыбыстық толқындар, бiрiншiден, тербелiстiң түрлi амплитудасымен сипатталады. Екiншiден, тербелiстiң жиiлiгi мен созылу ұзақтығына байланысты болады. Үшiншiден, тербелiс түрiмен сипатталады.

Есту түйсiктерi жүйелi, сондай-ақ жүйелi емес тербелiстiк процестермен де тудырылуы мүмкiн. Бiрiншiлерi музыкалық дыбыстарда, ал екiншiлерi шуда бейнеленедi.

Адамның сөйлеуiнде де шулармен қоса музыкалық дыбыстар да бар.

Кез-келген дыбыстың негiзгi қасиеттерiне жататындар:

1. оның қаттылығы;

2. жоғарылығы;

3. тембрi.

Дыбыстың есту аппаратына әсерi барысында оның сезгiштiгiн өзгертетiн адаптация процестерi жүредi. Бiрақ есту түйсiктерi аймағында адаптация жоғары болмайды және айрықша жекедара ауытқулармен сипатталады.

Бiздiң құлақпен барлық дыбыстар қабылдана бермейдi. Ультрадыбыстар да (өте үлкен тербелiстi дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелiстi дыбыстар) бiздiң естуiмiзден тыс қалады.

Абсолюттiк есту (толық есту)-индивидтiң полифониялық дыбыстарды, жоғарылығы белгiлi басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс қайта жаңғыртып, анықтай алуы.

Абсолюттiк есту– бұл музыкалық естудiң абсолюттi модалдығы, оның сипаттамасы емес, ал дыбыстарды қабылдаудың айрықша түрi.

Абсолюттiк естуi жоқ адамдар белгiлi бiр дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгi дыбыстық тембрiмен салыстырып, тондарды жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтердiң естуi квазиабсолюттiк есту деп аталады.

Абсолюттiк естуiбар адамдар ешбiр қосалқы акустикалық-жоғарылықтық байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады.

Абсолюттiк есту, әдетте, балалық-жасөспiрiмдiк кезеңдерде жақсы анықталады.

Бинауралды есту-екi құлақпен бiрдей есту. Осылай есту адам дыбыс шыққан жаққа бетiмен тура қарай алады, ал бiр құлағы нашар еститiн болса, дыбыс шыққан жаққа сау құлағын тосып, басын бұрып тыңдайды.

4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.

Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Көру түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар.

Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң әсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде 110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.

Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте жарық сәулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия) ауруына ұшырайды.

Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн (осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жәрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру жолының бiр нүктеде түйiсуi.

Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы көздiң әр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны есептелген.

Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады.

Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.

Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.

Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көрудегенiмiз-екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.

Алыстан көргiштiк - көздiң жарық сәулесiн дұрыс сындырмауынан туатын ауытқулардың бiр түрi. Бұл кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сәулелер фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi. Шын мәнiнде, ңалыстан көргiштiкң деген сөз өз мағынасына сәйкес келмейдi, өйткенi ондай адам затты алыстан да, жақыннан да анық көре алмайды. Алыстан көрудi рефракцияны күшейтетiн дөңестi көзiлдiрiк арқылы жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм -түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады.

5. Иiс сезу түйсiгi.Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.

Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.

6. Дәм сезу түйсiгiиiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.

Дәм сезуге, әдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсiктерi қосылады.

Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.

Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.

Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi. Дәм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне әсер етедi.