Популяция тығыздығы

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 мсудағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.

Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.

Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық.

Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.

Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері - абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.

Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.

Жоғарыда келтірілген реттеулермен қатар тағы да особьтердің сапасының өзгеруін тудыратын популяциялар сандарының мөлшеріне әсер ететін өзіндік реттелуде кездеседі.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.

Туылым

Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Тірі организмдерде көбеюдің зор мүмкіншілігі бар. Мысалы, бактерия әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай қарқындылықпен көбейсе, бір клетка 36 сағатта бүкіл планетаны жабатын ұрпақ береді. Сол сияқты бақбақ 10 жылдың ішінде егер бүкіл тұқымдары өссе, өз ұрпақтарымен бүкіл жер шарын қаптайды. Бірақ табиғатта іс жүзінде организмнің мұндай өнімділігі жүзеге аспайды. Туылым немесе туылым жылдамдығы-популяция санының ұлғаюы белгілі уақыт аралығында туылған және иммиграцияланған особьтерге байланысты, ал сандардың азаюы- өлім мен особьтердің эмиграциясына байланысты.

Лім – жітім

Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Бірақ популяциядағы организмдердің санының көбеюі немесе азаюы туылым мен өлім-жітімге ғана емес, сонымен қатар олардың иммиграциясы мен эммиграция жылдамдығына, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяцияға келген және кеткен особьтер санына да байланысты болады. Өлім-жітім туылымға қарама-қарсы шама. Популяцияның өлім -жітімі белгілі бір кезеңде өлген особьтар санын көрсетеді. Өлім-жітімнің үш түрі бар. Бірінші түрі- бірдей жас кезеңдеріндегі өлім -жітім. Екінші түрі - дамуының ерте кезеңіндегі өлімнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Үшінші түрі- ересек особьтардағы өлімнің жоғарылауын сипаттайды.

Қышқыл жауынның экологиялық зардабы

Организмге мөлшерден тыс түсетін нитраттар нәтижесінде жұқпалы және тері аурулары жиілей түседі, тері асты клеткалары зақымдалады құлақ, мұрын, өңештің (кеңірдектің) иммунитеті төмендей, аллергиялық аурулардың көбеюіне әсер етеді.

· Қышқыл жауын-шашын нормадан тыс мөлшерде болу салдарынан балықсыз көлдер, орман алқаптарының қурап жойылуы (ағаштардыңөспей солып қалуы, т.б,), ауыл шаруашылығының өсімдіктер өнімділігінің кемуі, топырақтың құнарсыздығына алып келеді:

· тұщы су қоймаларда рН 6,5-тен төмен болғанда ақ мүктің тез көбейіп, нәтижесінде су қойма биологиялық тұрғысынан өлі деп саналады;

· топырақта рН 3-тен кем болғанда топырақ толығымен дерлік құнарсызданады;

· қышқыл жауын-шашын топырақ қышқылдығын көбейтіп, ондағы калий, магний, кальций сілтісізденеді, фосфор таралмай қалады, ауыр металдардың улары жиналады, нәтижесінде өсімдіктердің өсуіне залал келтіріледі.

· Қышқыл жауын-шашын су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға т.б. зиянды әсер етеді.

· Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, Германия, Бельгия, Дания, Польша, Канада,АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән.

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Физика-техникалық факультет

 

СӨЖ

Тақырыбы:_________________________________________________________

Орындаған: Еденбаев Қ.

Қабылдаған: Ердесбай А.

 

 

Алматы 2016