М жүргізудің ерекшелігі

8. ӨМ қондырылған мерзімділікпен әділетті мәліметтер алу үшін орындалатын ӨЭБ-ның элементі болып табылады.

9. ӨЭБ-ны жүзеге асыру аясында операциялық мониторинг, эмиссия мониторингі және ықпал ету мониторингі орындалады:
1) операциялық мониторинг (немесе өндірістік процесс мониторинг) - табиғатты пайдаланушының қызметінің көрсеткіштері, оның тиісті жобалық пайдалану және осы өндірістің технологиялық регламентінің шарттарын қадағалау үшін дұрыс мақсатты болып есептелетін диапазонда екендігін растау үшін, технологиялық процестің параметрлерін қадағалау;
2) эмиссия мониторингі - өндірістің ысыраптары, эмиссияның саны мен сапасын және олардың өзгеруін қадағалау үшін өндірістік эмиссияларға дереккөздерден бақылау;
3) ықпал ету мониторингі - табиғатты пайдаланушыға бөлінген, санитарлы-қорғау аймағындағы қоршаған ортаның жағдайына бақылау.

10. Эмиссияның жанама есеп айырысуы немесе эмиссияның және ықпал ету мониторинг шарттарының сипаттамасы үшін қолданылатын параметрлер мониторингінен өзге, операциялық мониторинг параметрі табиғатты пайдаланушының өзімен белгіленеді.

11. Эмиссия мониторингінің параметрі табиғатты пайдаланушының іс-әрекет жоспарының құрамында бар.

12. Ықпал ету мониторингін жүргізу іс-әрекет жоспарына, егер қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларды, оның сапасының нормативі мен экологиялық талаптарын қадағалауды бақылау үшін қажет және дұрыс мақсатты болған жағдайда қосылады.

13. Ықпал ету мониторингі мынадай жағдайда міндетті болып табылады:
1) табиғатты пайдаланушының қызметі сезімтал экожүйе және тұрғындардың денсаулығының жағдайына әсер етсе;
2) кәсіпорындар немесе технологиялық объектілерді енгізу кезеңінде;
3) авариялық эмиссиялардан кейін.

14. Ықпал ету мониторингін табиғатты пайдаланушы жеке, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органмен келісім бойынша тепе-теңдік бастауда көршілес табиғатты пайдаланушылармен жүзеге асыра алады.

15. Ықпал ету мониторинг аясында өлшеу және нәтижелер талдауын жүргізуді, табиғатты пайдаланушы не заңды немесе жеке тұлғалармен келісім бойынша жүргізіледі.

Ішкі тексерістер және айқындалған экологиялық талаптарға сәйкессіздікті жою жөніндегі шаралар

16. Табиғатты пайдаланушы экологиялық талаптарды қадағалауды тұрақты ішкі тексеру және ӨЭБ нәтижесін рұқсат беру шарттарымен салыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды.

17. Ішкі тексеру табиғатты пайдаланушымен, міндетіне қоршаған ортаны қорғау және ӨЭБ жүзеге асыру жөніндегі функциялар енгізілген тұлғамен (тұлғалар тобымен) жүргізіледі.

18. Ішкі тексеру барысында мыналар бақыланады:
1) іс-әрекет жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы;
2) қоршаған ортаны қорғауға қарасты өндірістік нұсқаулар мен ережелерге сүйену;
3) рұқсат беру шарттарын орындау;
4) ӨЭБ нәтижесі бойынша есеп айырысу және есеп беруді жүргізудің дұрыстығы;
5) ӨЭБ ұйымдастыру және жүргізу мәселесін айқындайтын өзге де мәліметтер.

19. Ішкі тексеруді жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар тобы):
1) алдындағы тексерістің есебін қарастырады;
2) қоршаған ортаға сезімтал тұрғысынан қызметті жүзеге асыратын әр объектіні зерттейді;
3) Тексеру барысында айқындалған сәйкессіздікті түзету, оларды жою мерзімі мен тәртібі жөніндегі түзету шараларын жүргізу жөніндегі талаптар қоса берілген, табиғатты пайдаланушы-кәсіпорын басшысының мекен-жайына жазбаша есеп құрайды.

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес, табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, өндірістік мониторинг (ӨМ) оның элементі болып табылады.

 

ӨЭБ шеңберінде жүзеге асырылатын өндірістік мониторингтің негізгі мақсаты – кәсіпорынның нысандарының қоршаған ортаның құрамдастарына келтіретін әсері, штаттық (апатсыз) қызмет кезінде де,сондай-ақ штаттан тыс (төтенше) жағдайлардың нәтижесінде олардың күйінің өзгерістері туралы дәйекті ақпарат алу болып табылады.

 

Компанияның нысандарындағы атмосфералық ауаға, жер асты және жер үсті суларына, ақаба суларға, топырақтарға,өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізіледі.