Медициналық симуляция сценарийі

Клиникалық жағдай: «Гепатит (СВГ С) диагностикасы және науқастарды жүргізу тәсілі»

 

Ситуациялықжағдай: сіз – аймақтық терапевт дәрігерісіз. 45 жастағы әйел қаралуға келді.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

 

Соңғы нәтиже (outcomes):

1. Сұрастыруды жүргізіңіз (шағымдарының, ауру және өмір анамнезінің толықтылығы және детализациясы)

2. Бауыр ауруы бар науқастарды қарап тексеру.

3. Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз: жалпы қан анализін, биохимиялық қан анализін (трансаминазалар, билирубин, ГГТП, СФ, темір, белок және белоктық фракциялар) мәліметтерін интерпретациялау

4. ВГ маркерлеріне ИФА, ПЦР диагностикасы және бауырдың тура емес эластометрия нәтижелерін интерпретациялау

5. СВГ бар науқасты жүргізу тәсілі.

 

«Гепатит (СВГ С) диагностикасы және науқасты жүргізу тәсілі» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдық бағасы
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындамады
Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Анамнезді жинау Анамнезді нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма, соның ішінде жанұялық, эпидемиологиялық? 1,0 0,5
ВГ қауіп факторлар бойынша сұрастыру 1,0 0,5
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын және т.б.) олардың дұрыс орындалуы. 1,0 0,5
Бауыр пальпациясы 1,0 0,5
Бауыр перкуссиясы Курлов бойынша аңықтау 1,0 0,5
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
Лабораторлы – құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
СВГ-ке скриннинг 1,0 0,5
Жалпы қан анализ мәліметтерін талдау 1,0 0,5
Биохимиялық анализ бойынша синдромдарды талдау. УДЗ мәліметі. 1,0 0,5
ИФА иммуноферментті анализ (ВГ маркерлері) лабораторлы зерттеулер мәліметтерін интерпретациялау 1,0 0,5
ПЦР интерпретациялау 1,0 0,5
Қосымша лабораторлы-құралдық зерттеулерді тағайындау 1,0 0,5
Фибросканирлеу әдісімен бауырдың сатысын аңықтау 1,0 0,5
Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
Этиотропты терапия қағидаттары 1,0 0,5
Вирусты терапияны тағайындауға дайындық 1,0 0,5
Емдәм бойынша ұсыныстар 1,0 0,5
Науқаспен коммуникация нәтижелігі 1,0 0,5
баллдардың қорытындысы

 

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

45 жастағы әйел қаралуға келді.

Шағымдары: шаршағыштық, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, оң қабырға асты аймақта ауру сезімі, периодты түрдегі буындарындағы сыздаған ауру сезімі, аяқтарындағы бөртпелер.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 4 ай бұрын және бірітіндеп үдеген
Жанұялық анамнез Туыстарыңызда бауыр, өт, өт жолдарының созылмалы аурулары бар ма? Жоқ
Парентеральді анамнездің болуы Сізде гемотрансфузиялар, операциялар, инвазивті манипуляциялар болды ма? 25 жасымда қан кетумен асқынған босанудан кейін – қан құю болған, 1 мед.аборт жасалған
Зерттеулердің болуы Бұрын гемотрансфузияға байланысты вирусты гепатит маркерлеріне және АИВ-на зерттеулер жасалды ма? Жоқ сияқты, есімде жоқ.
Дәрілік заттарды қолдану Соңғы уақытта сіз қандай да бір дәрілік заттарды қабылдадыңыз ба, немесе қабылдайсыз ба? Жоқ.
Бауыр ауруларының дамуына алып келетін зиянды әдеттерін анықтау Ішімдікті қолданасыз ба? Ішімдікті өте сирек, аз мөлшерде қаблыдаймын.
Созылмалы ауруларының болуы Сізде бүйрек, бауыр, ішек, буындардың созылмалы аурулары бар ма? Жоқ.

Анамнезінде: 3 жүктілік, 2 босану, 1 мед.аборт. 25 жасында бірінші жүктіліктің асқынуларынан кейін қан құю болған. Соңғы 2 жыл кезеңді оң қабырға асты аймағында ауырлық сезімі мазалайды, майлы тамақты көтере алмаушылық, буындарындағы сыздап ауратын ауру сезімі мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған, тексерілмеген. Соңғы 4 айда оң қабырға асты аймағында ауру сезімінің, әлсіздік, жұмыста тер шаршағыштық, аяқтарында бір шығып, бір жоғалатын түсініксіз бөртпелердің пайда болғанын байқаған. Ата-анасы сау. Тұқым қуалайтын ауруларын жоққа шығарды.

Объективті: науқастың дене бітімі дұрыс, тамақтануы дұрыс, есі анық, адекватты. Тері жабындылары – сарғыш түсте,склераның сарғаюы, алқанында пальмарлы эритемабайқалады.

Тілі ылғалды, ақ қақпен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасы бойымен, көк бауыр ұлғаймаған. Ортнер, Кера симптомы-әлсіз оң.

 

Жалпы қан анализі