Дәріс. Сақтандыру түсінігі және экономикалық мәні

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесі - табиғи және әлеуметтік - экономикалық сипаттағы әртүрлі күштердің қарсыласуы мен өзара әрекет етуі болып табылады. Адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық (су тасқыны, құрғақшылық, дауылдар жер сілкінісі және т.б. табиғи кездейсоқ апаттар), бір жағынан, қоғамдық қарама-қайшылықтар (экономиканық, саяси, діни, ұлтаралық дағдарыстар, әртүрлі сипаттағы соғыстар және т.б.), екінші жағынан, бұлар жинақтала келе, кездейсоқ сипаттағы жағымсыз салдарлардың пайда болуына жағдай жасайды, қоғамдық – ұдайы өндірістің әртүрлі кезендеріне және кез-келген әлеуметтік - экономикалық қатынастарға тән белгілі бір тәуекел пайда болады. Осындай жағдайлар бүкіл әлемдегі сақтандыру іс - әрекетінің пайда болуына және дамуына әкеледі.

Сақтандыру экономиканың маңызды, бірақ азырақ зерттелген саласы болып табылады. Сақтандыру өте ертеректе пайда болған категориялардың бірі және ол кездейсоқ қауіптерден сақтық қорғаудағы адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталды. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді. Осылайша, шығындарды өтеу (немесе орнын толтыру) сақтандыру ұйымдарының басшылығындағы сақтандыру қорларының қаражаттарымен жүзеге асырылады.

Экономикалық категория ретінде сақтандыру бұл әртүрлі тәуекелдер кезіндегі сондай-ақ азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір жағдайларда көмек көрсету кезіндегі шығындарын өтеу үшін ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру және пайдалану әдістері мен формаларының жиынтығын қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.

Сақтандыру, бір жағынан, адамдардың бизнесі мен әл-ауқатын қорғау құралы, ал екінші жағынан, табыс әкелетін іс-әрекет түрі ретінде көрініс табады. Сақтандыру ұйымдарының табыс көздері келесідей:

- сақтандыру іс-әрекетінен түсетін табыстар;

- мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстар;

- басқа кәсіпорындардың акциялары бойынша табыстар;

- банктік депозиттер бойынша табыстар;

Экономикалық категория ретіндегі сақтандырудың қажеттілігі келісідей белгілерімен анықталады:

- табиғи апаттардың немесе басқа да қиратушы күштерінің кездейсоқ сипаты;

- залалдың (зиянның, шығынның) натуралды немесе ақшалай формадағы көрінісі;

- шығындарды өтеудің объетивтік қажеттігі;

- нақты оқиғалардың салдарларын алдын алу және өзгерту бойынша шараларды іске асыру.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ оның бірқатар ерекшеліктері бар:

- қаржыға әрқашан ақшалай қатынастары және ақша қаражат қорларын құру тән болса, сақтандыру натуралдық-заттық сипатты болуы мүмкін;

- сақтандыру әрқашан сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігіне ие, яғни сақтандыру қатынастары кездейсоқ мінездемелі; сақтандыру қорының қаражаттарын пайдалану, сақтандыру оқиғаларының болуымен және салдарларымен байланысты;

- егер мемлекеттік бюджет табыстары заңды және жеке тұлғалардың міндетті төлемдері есебінен құрылатын болса, мұнда, бұл қаражатты пайдалану осы төлемдерді төлейтін төлеушілер шегінен шығып кетеді де белгілі бір уақыт ішінде және аумақтық бірліктер арасында қайта бөлу жүреді, ал сақтандыру – сақтандыру жарналары есебінен құралатын арнайы ақшалай сақтандыру қорының көлемінде шығындардың тұнықталған қайта бөлінуін қарастырады;

- құнның ақшалай формасының қозғалысы сақтандыруда сақтандыру оқиғасының нәтижесінде әкелінетін шығын ықтималдығының дәрежесіне бағынады.

Сондай-ақ, сақтандырудың «қаржың және «несиең категорияларымен ұқсас белгілері бар:

- "қаржымен" - сақтандыру кезінде арнайы сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша қайта бөлгіштік қатынастары пайда болады;

- "несиемен" – сақтандыру қорының қаражаттары қайтарымды болады (өмірді сақтандыруға қатысты); мүліктік сақтандыру кезінде, қайғылы оқиғалардан сақтандыру және тағы басқа сақтандырудың түрлері бойынша, төлемдер сақтандыру оқиғасы пайда болғанда және сәйкес қаражаттар негізінде төленеді. Бірақ, бұл төлемдердің экономикалық мазмұны сақтандыру төлемдерін қайтарудан айрықша.

«Сақтандыруң - «қаржың және «несиең категорияларымен байланыстырушы белгілерге байланысты, экономикалық категория ретінде тек өзіне тән функцияларды атқарады. Сақтандырудың функцияларын жалпы және арнайы деп ажыратуға болады. Жалпы функциялары ретінде келесілерді көрсетуге болады:

1. Ақша қаражатының арнайы сақтандыру қорын құру: ол міндетті және ерікті түрде құрылады. Бұл функция арқылы келесі жағдайлар іске асырылады:

- банктік және басқа да комерциялық құрылымдардың қызметіне уақытша бос қаражаттарды инвестициялау;

- жылжымайтын мүлікке ақша қаражаттарын салу;

- бағалы қағаздарға ие болу т.б.

2. Заңды және жеке тұлғалардың материалдық қамсыздандырылуы және залалдардың орынын толтыру. Сақтандыру қорын құруға қатысушылар болып табылатын, заңды және жеке тұлғалар ғана шығындардың орынын толтыруға құқылы. Осы функция арқылы олар сақтық қорғануда өздерінің экономикалық қажеттілігін іске асырады.

3. Сақтандыру оқиғасын алдын ала ескерту және шығынды (зиянды) төмендету. Бұл функция табиғи апаттар, қайғылы оқиғалардың жағымсыз салдарын азайту немесе болдырмауға байланысты іс шараларды қаржыландыруды қамтитын шаралар кешенін қарастырады. Осы функцияны іске асыру мақсатында сақтандырушы алдын – ала ескерту іс – шараларының жүгізуде ерекше ақшалай қорын құрады. Қорды құрудың көзі болып сақтандыру сомасы бойынша сақтандыру төлемдері табылады.

«Қаржың категориясы өзінің мәнін бөлгіштік функциясы арқылы бейнелейді, бұл функция сақтандырудың арнайы қызметтеріндекөрініс табады:

- тәуекелдік;

- ескерту;

- жинақтық;

- бақылау.

Ескерту функциясы - сақтандыру тәуекелінің салдарымен дәрежесін төмендетуге және сақтандыру қоры қаражатының бөлігін пайдаланумен байланысты.

Жинақтау функциясы - отбасының жетістіктерін сақтық қорғауды қажетсінуімен байланысты өмір сүруінің соңына дейін сақтандыру көмегімен ақша сомаларын жинақтау.

Бақылау функциясы – сақтандыру қорын міндетті құру және оның қаражаттарын мақсатты пайдалану ретіндегі, сақтандыру категориясының қасиетін сипаттайды. Бұл функция сақтандырудың жоғарыда көрсетілген функцияларынан шығады, және солармен бір уақытта нақты сақтандыру қатынасында, сақтандыру жағдайларында көрініс табады. Бақылау функциясының талаптарына сәйкес, сақтандыру операциясын дұрыс жүргізу бойынша қаржылық – сақтандыру бақылауы жүзеге асырылады.

Сонымен, сақтандыру – сақтандыру ұйымының активтері есебінен, сақтандыру төлемдері арқылы, сақтандыру келісімінде белгіленген сақтандыру оқиғаларының пайда болуы кезіде жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни олардың заңды мүдделерін, мүліктерін қорғауға байланысты кешенді қатынастардың жиынтығы болып табылады. (2000ж. 18-желтоқсандағы №126-ІІ. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралың заңы және өзгертулер мен толықтырулар 2003 жыл 10-наурызда, №483 ІІ бойынша, 4 бап).

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26].

Бақылау сұрақтары:

1. Сақтандыру нені білдіреді?

2. Сақтандыру қажеттігі мен мақсаты неде?

3. Сақтандыру қандай жағдайлар мен себептерге байланысты пайда болады?

4. Сақтандыру – экономикалық категория ретінде және оның экономикалық мәні неде?

5. Сақтандырудың басты қандай функциялары бар?

 

2-дәріс. Сақтандырудың жіктелуі

Сақтандырудың жіктелуі сақтандырудың қызмет ету салалары, сала асты, түрлері мен бөлімдері бойынша бөлініуінің ғылыми жүйесі болып табылады.

Сақтандырудың ұйымдастыру формасы бойынша, келесідей түрге бөлінеді:

- мемлекеттік;

- акционерлік;

- бірін бірі - өзара (взаимное);

- кооперативтік;

- медициналық;

Мемлекеттік сақтандыру – бұл ұйымға арнайы өкілеттенген мемлекеттің сақтандырушы ретінде қатысатын ұйымдық формасы. Мемлекет мүдесінің шеңберіне сақтандырудың кез-келген немесе жекеленген түрлерін жүргізуде оның монополиясы кіреді.

Акционерлік сақтандыру – бұл салыстырмалы шектеулі қаражаттар сақтандыру компанияның тиімді жұмысын тез дамытуға мүмкіндік береді. Заңды және жеке тұлғаларға тиісті акция (облигация) және басқа да бағалы қағаздардан құралатын акционерлік қоғам, жарғылық қор түріндегі жеке капитал – сақтандырушы ретінде қатысатын мемлекеттік емес ұйымдық форма.

Бірін бір - өзара (взаимное) сақтандыру – жеке, заңды тұлғалар топтарының арасында бір-біріне белгілі бір үлесті қабылданған шарттарға сәйкес болашақтағы мүмкін шығындарды өтеу туралы келісімді сиппаттайды.

Комерциялық емес типтегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы құрылған сақтандыру кәсіпорнынан пайда алу мақсатын көздемейді. Бұл-сақтандыру жүргізүдің ірі ұйымдық формасы, дара сақтандыру қоғамы заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін олардың арасындағы ерікті келісім негізінде құрылған ұйым ретінде бейнеленеді. Өзара сақтандыру қоғамы заңды тұлға болып табылады және өзінің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктеріне жауап береді, әрбір сақтандырушы өзара сақтандыру қоғамының пайлық үлесі бар мүшесі болып табылады. Пайлық үлесі бар мүшелердің минималды саны қоғам жарғысымен анықталады.

Қазіргі уақытта өзара сақтандыру қоғамының қызмет етуі үшін құқықтық база жоқ. Өзара сақтандыру ұйымдары шетелде аймақтық, ұлттық және халықаралық сақтандыру рыноктарының ірі шаруашылық жүргізуші субъектілері болып табылады.

Кооперативтік сақтандыру – мемлекеттік емес ұйымдық формасы. Ол сақтандыру операцияларын кооперативтер жүргізілуімен түсіндіріледі. Жалпы Ресейлік кооперативтік сақтандыру одағы ұйымдастырылған кезде, Қазақстан КСРО-ғы құрамында болған, яғни 1918ж қызмет ете бастады. 1921 жылдан бастап кооперативтік ұйымдарға сақтандырудың түрлерін, формаларын, тарифтік ставкаларының мөлшерін дербес бекіту құқығы мен табиғи апаттардан жеке мүмліктерін сақтандыруға рұқсат берілді.

Бүкіл Ресейлік кооперативтік сақтандыру одағы ауылшаруашылық, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы объектілерімен және кооперативтік ұйымдардың басқа да қызмет түрлерін сақтандыру бөлімінде жұмысын үлестірді. Орталық одақтың сақтандыру секциясы тұтыну кооперациясының жүйесі үшін кооперативтік сақтандыруды жүзеге асырды. 1931 жылы кооперативтік сақтандыру ұйымдық форма ретінде жойылды, ал бұл бағыттағы барлық операциялар КСРО-ның Мемлекеттік сақтандыру ұйымында жинақталды. Кооперативтік сақтандырудың өркендеуі 1988 КСРО-да "Кооперация туралы" заңың қабылдануымен байлансты болды, бұған сәйкес кооперативтерге және олардың одақтарына кооперативтік сақтандыру ұйымдарын құру, сақтандырудың түрлерімен тәртібі, шарттарын анықтауға рұқсат етілді.

Сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық формасы – мидициналық сақтандыру болып табылады. Ол халықтық денсаулығын сақтаудағы әлеуметтік мүддесін қорғау формасы ретінде сипатталады. Оның мақсаттары:

- сақтандыру оқиғасы пайда болған жағдайда азаматтарға жинақталған қаражаттар есебінен медициналық көмек алуға кепілдік беру (сондай-ақ, деңсаулық сақтаудың мемлекеттік және муниципалды жүйесі);

- профилактикалық іс-шараларды қаржыландыру (диспансерлерді, вакцинацияны жүргізу және тағы басқаларды);

Медициналық сақтандырудың субъектілері:

- азамат;

- сақтанушы;

- медициналық сақтандыру ұйымы (сақтандырушы);

- медициналық мекеме (емхана, амбулатория, аурухана және тағы басқалары);

Мемлекеттік сақтандыру монополиясы кезінде КСРО-да келесідей екі негізгі сала ерекшеленген: мүліктік және жеке. Рыноктік экономикада сақтандыру объектілерін экономикалық сипаты бойынша келесідей айыруға болады:

- жеке сақтандыру;

- мүліктік сақтандыру;

- жауапкершілік сақтандыруы;

- экономикалық тәуекелдіктерді сақтандыру.

Мұндай сыныптау сақтандыруға жататын объектілермен тәуекелдер тізімімен анықталады.

Жеке сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, объектісі болып – адам өмірі, денсаулығы және еңбекке қабілеттілігі табылады. Жеке сақтандыру келесілерге бөлінеді:

- өмірді сақтандыру;

- қайғылы оқиғалардан сақтандыру.

Жеке сақтандыру да тәуекелдік және жинақтық функциялары көрініс табады.

Мүліктік сақтандыру – бұл, сақтық - құқықтық қатынастардың объектісі әртүрлі мүліктер болып табылатын сақтандырудың саласы. Сақтандыру жағдайы есебінен табылған шығындардың орнын толтыру – мүліктік сақтадырудың негізгі қызметі. Сақтанушылардың меншігі ретіндегі, сондай-ақ оның иелігіндегі, қолданудағы, бұйрық етуіндегі мүлік сақтандырылған бола алады. Сақтанушылар ретінде тек мүлік иелері ғана емес, сондай-ақ мүліктің сақталуына, қорғалуына жауапкершілікті көтере алатын басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады.

Жауапкершілікті сақтандыру – бұл сақтанушының қандай да бір әрекетінің (немесе әрекетсіздігінің) салдарынан зиян шегетін үшінші тұлға (заңды және жеке) алдындағы жауапкершілік – объект болып табылатын сақтандырудың саласы. Жауапкершілікті сақтандыру арқылы мүмкін болатын зиян келтірушілердің экономикалық мүддесін қорғау жүзеге асырылады. Бұл мүдделер әрбір сақтандыру оқиғасында нақты ақшалай сипатқа ие. Жауапкершілікті сақтандыру келесі сала астыларына (подотрасли) бөлінеді: қарызды сақтандыру және зиянды өтеу жағдайын сақтандыру, немесе ол азаматтық жауапкершілікті сақтандыру деп аталады.

Экономикалық тәуекелдерді сақтандыру (кәсіпкерлік тәуекел) мынандай 2 сала астына бөлінеді:

- тікелей шығындар тәуекелін сақтандыру;

- жанама шығындар тәуекелін сақтандыру.

Тікелей шығындарға –пайданы толығымен алмау шығындары, шикізаттардың толық жеткізілмегендігінің салдарынан құрал-жабдықтардың тоқтап қалуының шығындары, ереуілдер және басқада объектифтік себептер шығындары жатады.

Жанама шығындарға – айырылып қалған табыстар және тағы басқалары жатады.

Жүргізу формасына қарай, сақтандыру: міндетті және ерікті болып бөлінеді.

Міндетті сақтандырудың бастамасшысы, заңды және жеке тұлғаларды қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету үшін қаражаттар қосуға заң негізінде міндеттеуші, мемлекет болып табылады. Міндетті сақтандыру мынандай жағдайларды қарастыратын заңнамалық актілер негізінде жүргізіледі:

- сақтандыруға қажетті, объектілерінің тізімі;

- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;

- сақтандырумен қамсыздандыру деңгейі (нормасы);

- сақтандыруға қатысушы тараптардың негізгі міндеттері мен құқықтары;

- тарифтік қойылымдарды сақтандыру төлемдерін және басқа да кейбір мәселелерді белгілеу тәртібі.

Заң, міндетті сақтандыруды жүргізу тапсырылған сақтандыру ұйымын анықтайды. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру объектілерінің толықтығына қол жеткізеді. Бір жағынан, сақтандырудың міндетті формасы ерікті формаға тән сақтандырудың жекелеген объектілердің таңдамалылығын жоққа шығарады. Сақтандыру объектілерін максималды қамту есебінде, оны жүргізудің міндетті формасында минималды тарифтік қойылымдарды қолдану, сақтандыру операцияларының жоғары қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды.

Еркіті сақтандыру міндетті сақтандыруға қарағанда, сақтанушымен сақтандырушы арасында тек ерікті түрде жасалған келісім кезінде ғана пайда болады. Мұндай келісім жасауда көбінесе тараптар арасында сақтандыру брокері немесе сақтандыру агенті сияқты делдалдар қатысады. Сақтандыру келісімі сақтандыру полесімен куәландырады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26].

Бақылау сұрақтары:

1. Мүліктік сақтандыру саласына жататын сақтандыру түрлері?

2. Жеке сақтандыру саласына жататын сақтандырудың түрлері?

3. Сақтандыру қандай басқа белгілеріне қарай сыныпталады?

4. Міндетті сақтандыру қандай ерекшеліктермен сипатталады?

5. Ерікті сақтандыру қандай ерекшеліктерімен сипатталады?