Дәріс. Сақтандыру жарнасының мәні және оның түрлері.

Сақтандыру жарнасы үш тұрғыдан қарастырылады: экономикалық, заңнамалық және математикалық. Сақтандыру жарнасының экономикалық мәні жағымсыз оқиғалардың зиянды әсерінен өз мүдделерін сақтау мақсатында сақтанушымен бөлінетін ұлттық табыстың бөлігі ретінде көрінеді. Заңнамалық тұрғыдан сақтандыру жарнасы сақтандыру жауапкершілігінің ақшалай көрінісі деп анықталған, сақтандыру шартын жасасушылармен расталады. Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі. Сақтандыру жарнасын есептеу тәртібі. Егер:

§ В - өмірді сақтандыру бойынша сақтандырушы міндеттеменің көлемі болс,

§ Ах - бір рентаның құны, мұндағы х- сақтандыру жарнасын төлейтін тұлғаның жасы;

§ Рх – сақтандыру жарнасы.

 

Онда Рх=В/Ах,

егер, сақтаныдыру жарналары өмір бойы төленсе, немесе:

 

Рх=В/LtАх,

егер, сақтаныдыру жарналары мерзімді болса.

Келтірілген формулалар сақтандыру жарнасы математикалық мағынада тек орташа шама ретінде көрініс табуы мүмкін, яғни сақтандыру портфелінің бір полисіне сәйкес келетін сақтандырушының барлық міндеттемелерінің бөлігі ретінде.

Сақтандыру жарнасы сақтандырушы жауапкершілігі сақтандыру жиынтығының ішінде бөлек алынған бірліктерге бөлінуін көрсетеді. Оның көлемі көптеген факторларға тәуелді. Бәрінен бұрын жеке және мүліктік сақтандырудың салалық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке сақтандыру бойынша нетто-ставканы анықтағанда өлім, мүгедектік, зақым ауру ықтималдығын болжау керек. Шарттың сақтандыру сомасының көлемі және пайда нормасы назарға алынады. Мүліктік сақтандыру бойынша нетто-ставканы анықтағанда келесі факторлар ескеріледі:

§ сақтандыру оқиғасының болу ықтималдығы;

§ тәуекелдің жиілігі және ауырлығы;

§ шарттың сақтандыру сомасының көлемі.

Мүліктік сақтандыруда маңызды еместігіне байланысты пайда нормасы назарға алынбайды. Сақтандыру жарнасы өзінің арнауына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: тәуекел сыйлығы, жинақтау сыйлығы, нетто сыйлығы (жарна), брутто сыйлығы.

Тәуекел сыйлығы – тәуекелді жабуға арналған ақшалай түрде сақтандыру жарнасының бір бөлігін білдіретін таза нетто- сыйлық. Тәуекел сыйлығының көлемі сақтандыру оқиғасының ықтималдық дәрежесіне тәуелді. Тәуекел жарнасының тәуекелдің уақыт және кеңістікте болуы ықтималдығының туындысы ретінде қарастыруға болады.

Жинақтау сыйлығы өмірді сақтандыру шарттарында болады. Ол сақтандыру мерзімі аяқталғанда сақтандырушының төлемдерін жабуға арналған. Жинақтау сыйлығының көлемі сақтандыру шартының жұмыс атқару мерзімінде өзгеруі мүмкін. Тәуекел сыйлығы мен жинақтау сыйлығын үйлестіру және сақтандыру жағдайларын нетто-сыйлық сақтандыру шартының жұмысын атқару мерзімінде өзгермейтіндей құру қажет. Нетто-сыйлығының белгіленген көлемі уақыт өткен сайын тәуекелдің өсуіне байланасты тәуекел сыйлығы көбейеді, ал жинақтау сыйлығы азаяды. Мұндай жағдайда нетто- сыйлық құрылғыларының жалпы тепе-теңдігін қолдайды.

Нетто- сыйлық – сақтандырудың берілген түріне белгілі уақыт аралығында сақтандыру төлемдерін жабуға қажетті сақтандыру жарнасының бөлігі. Нетто-сыйлық көлемі тәуекел дамуына тура тәуелді. Нетто-сыйлық тәуекел сыйлығына тең болады, егер тәуекел дамуының жалпы жоспарлығы орын алса. Бірақ сақтандыру жарнасы берілген төлемдердің орташа мөлшері болғандықтан, оның оң және теріс ауытқулары болуы мүмкін. Кепілдік үстемесі мүмкін ауытқулардың орнын толытыруы тәуекел сыйлығына жасалады.

Жеткілікті сыйлық сақтандырушының шығындарына кіретін нетто-сыйлықпен жүктеме сомасына тең болады. Жектілікті сыйлық брутто-сыйлық немесе тарифктік қойылым ретінде қарастырылуы мүмкін.

Брутто- сыйлық – сақтандырушының тарифтік қойылымы. Алдын алу шараларын жүргізу, жарнама және насихат, сақтандарудың зиянды түрлерінің шығындарын жабу және басқалармен байланысты жеткілікті жарна мен шығындарды жабу үстемдерінен құралған. Брутто- қойылымға кіретін әрбір үстемелік элемент, тарифтік қойылымныңставканың өсуіне әкеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 13-21, 2 . 15-27, 3. 11-24 бет],

Қосымша: [ 3. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары

1. Қызметті жүргізу шығындарын жіктеңіз?

2. Тарифктік саясаттың қағидаларын атаңыз?

3. Тарификтерді есептеу кезеңдерін сипаттаңыз?

4 Сақтандыру жарнасының әртүрлі тұрғылары бойынша мәнін ашыңыз?

9-дәріс. Әлеуметтік сақтандыру

Қоғам дамуының объективті факторларының бірі болып белгілі бір себептерге байланысты қоғамдық еңбекке қатыспайтын және еңбекақы арқылы өзінің өмірін қамсыздандыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Осындай қоғам мүшелерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жиынтық өнімнің белгілі бір бөлігі бағытталады. Тауар-ақша қатынастарының қызмет ету жағдайында жиынтық өнімнің бұл бөлігі, белгілі бір ақша қорларын құру және пайдалану арқылы қолданылады.

Әлеуметтік сақтандыру – бұл, қатынастар жиынтығы болып табылады, яғни, оның көмегімен еңбекке жарамсыз немесе әр түрлі себептерге байланысты өзінің мүмкіндіктерің жүзеге асыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының қорлары құру және пайдануды айтады.

Әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру келесі қағидаларға негізделеді:

- жеке жауапкершілік - қызметкерлер өздерінің сақтандыруына қатысады, төлемдер мөлшері қызметкерлердің алдын ала жарналары және сақтандыру өтіліне байланысты;

- ынтымақтастық – жұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер және мемлекет сақтандыруға қаржылай қатысып, мүдделілерге өздерінің жарнамаларымен көмек көрсетеді (сақтандыру жағдайы болғанда);

- ұйымдастырушылық өзін–өзі басқару – екі әлеуметтік субъектілер және сақтандыру қоғамдастықтары арасында ынтымақтастықты күшейтетін , қызметкерлердің өкілетті өкілдері және тұрмыс берушілер жүзеге асыратын әлеуметтік сақтандыру органдарын басқару, әлеуметтік сақтандыру жүйесін қоғамға ²ашық ² жасап , әлеуметтік тұрақтылық , халықтың демократиялық сана сезімінің құрылуына себеп болады;

- жалпылық – әлеуметтік сақтандыру мүдделенушілердің ең үлкен бөліктерін қамтиды, ол сақтандырылғандардың құқықтарының іске асуын заңнамалық кепілдікпен белгілеумен, тиісті төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және қызымет көрсетумен бейнеленеді;

- міндеттлік (мәжбүрлік) әлеуметтік сақтандырудың жұмыс берушілер және сақтандырылғандардың еркі және мүдделеріне тәуелсіз болуы жұмыс берушілермен және қызыметкерлермен, сонымен қатар белгілі жағдайларда мемлекетпен (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыру жарналарын төлеу міндеттілігімен (заң бойынша) бейнеленеді ;

- мемлекеттік реттеу – сақтандыруды қорғау саласында, төлемдер деңгейі және қызмет көрсету сапасы, жәрдемақы тағайындау шарттары, қаржы қаражаттардың дұрыс пайдаланылуын бақылау.

Әлеуметтік сақтандырудың ең маңызды қызметтеріне мыналао жатады:

- қорғау қызметі – сақтандырудың қалыптасқан материалдық деңгейін қамтамасыз етуден тұрады, егер табыстың жай көздері қол жетпес болса, сонымен қатар оның жеке бюджетінде алдын ала ескерілмеген қосымша шығындар;

- орнын толтыру қызметі – табысты жоғалтуды материалдық өтеу көмегімен еңбекке жарамдылығынан айырылу және денсаулыққа зиянның орнын толтыру, сонымен қатар емделу және реабилитациямен байланысты қызметтерді төлеуден тұрады;

- ұдайы өндірістік қызметі – науқас, қарттың, мүгедек жүктілік жағдайында ұдайы өндірістік қалыпты өтуіне жағдай жасау барысында сақтанушылардың (жан ұясының мүшелерінің) барлық шығындарын өтеуді қамтамасыз ету;

- қайта бөлу қызметі - әлеуметтік сақтандыру қоғамдық өнімді қайта бөлуге едәуір әсер етеді. Сақтандырылғанның тұтынуына бағытталатын әлеуметтік төлемдер қайта құрылған құнның үлесін өсіреді Қызметтің мәні барлық сақтандырылғандардың жұмыс беруші және мемлекет арасында әлеуметтік тәуекел бойынша материалдық жауапкершілікті бөлуден тұрады.

- тұрақтандыру қызметі - жалдамалы жұмысшылардың тіршілік әрекетіне маңызды сұрақтар бойынша әлеуметтік субъектілердің мүдделерін қиыстыру - әлеуметтік қорғау деңгейі; әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғалар тобы; әлеуметтік субъектілер арасында қаржылық жұктемені бөліп тарату; әлеуметтік сақтандыруды басқаруға қатысу.

ҚР 2005 жылдың 1 ақпанынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі түрлерге бөлінеді:

1) еңбек ету қабілетінен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;

2) әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;

3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;

4) осы Заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтік төлемдердің осы Заңда көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;

6) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;

7) міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 процент;

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 процент;

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 процент.

. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдарының мөлшері:

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленетін ең төмен жалақының 1,5 проценті;

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленетін ең төмен жалақының 2 проценті;

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленетін ең төмен жалақының 3 проценті болады.

Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.

Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер;

3) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды жүргізу мен белгілеу туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыру, белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Құжаттарды ресімдеу мерзімі өтініш берілген күннен бастап бір айдан аспауға тиіс. Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем адамдардың әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш берген күннен бастап, еңбек ету қабілетінен айрылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі өзгерген жағдайда әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі өзгерген күннен бастап еңбек ету қабілетінен айрылудың жаңадан белгіленген дәрежесіне сәйкес келетін мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган орталыққа және оның құрылымдық бөлімшелеріне әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгергені туралы шығарылған шешімге қатысты үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабілетті деп танылған жағдайда, әлеуметтік төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оны еңбек етуге қабілетті деп шешім шығарған күннен бастап әлеуметтік төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкілетті орган орталыққа және оның құрылымдық бөлімшелеріне шығарылған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының сексен процентін шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айрылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті - 0,6 болады.

Еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті: жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі сексеннен жүз процентке дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін - 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі алпыстан сексен процентке дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін - 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан алпыс процентке дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін - 0,3 болады.

Қатысу өтілінің коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанда - 0,1; алты айдан он екі айға дейін - 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін - 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін - 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін - 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылады. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:

1) Он сегіз жасқа толмаған және, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері. Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек етуге қабілетті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақшада аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі.

2) Жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.

Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айрылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленеді.

Бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;

4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесі (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәліктер);

5) отбасы мүшелерінің оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);

6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);

7) мүгедектік тобын куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тіркеледі.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлем үлесі бөлінеді және оған бөлек төленеді.

Әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш жасалған күннен бастап жүргізіледі.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері санының өзгергені және тиісінше әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу туралы шешімді әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші негізінде жүргізеді. Бұл peттe әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше көбейеді немесе азаяды.

Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының сексен проценті шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелеріне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесінің (мүшелерінің) әлеуметтік төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленіп тұрады.

Асырауындағылар санының коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бір адам болса - 0,4, асырауында екі адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.

Жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады.

Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері бойынша мәліметтер;

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы қоса тіркеледі.

Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу стажының коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті - 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді күнтізбелік есептеумен алғанда:

- алты айдан он екі айға дейін - кемінде бір ай үшін;

- он екі айдан жиырма төрт айға дейін - екі ай бойы;

- жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - үш ай бойы;

- отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бap.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2 . 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік сақтандыруды ұғымы және оның ұйымдастыру қағидаларын атап беріңіз?

2. ҚР-ның Міндетті әлеуметтік сақтандырудың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз?

3. Еңбек ету қабілетінен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда төлемдер тағайындау үшін өтінішке қандай құжаттар тіркіледі?

4. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары атап беріңіз?