Дәріс. Тәуекел түрлері, олардың қысқаша мінездемесі

- саяси тәуекел;

- өндірістік тәуекел;

- комерциялық тәуекел;

- қаржылық тәуекел;

- техникалық тәуекел;

- салалық тәуекел;

- инновациялық тәуекел.

Саяси тәуекел – мемлекеттік саясат нәтижесінде пайда болуы мүмкін залалдар немесе пайда көлемінің қысқаруы. Ол өкімет бағытының, оның қызыметінің басыңқы бағытарының өзгеруі мүмкіндігімен байланысты. Берілген тәуекел түріне есеп жүргізу заң шығару жетілмеген, кәсіпкерлік мәдениетті және дәстүрі жоқ елдерде аса маңызды. Саяси тәуекел кәсіпкерлік қызыметке тән, одан бас тартуға болмайды, тек нақты бағалауға және есепке алу керек.

Саяси тәуекелдерді 4-топқа бөлуге болады:

- Бара бар өтем ақысыз ұлттандыру және экспроприация тәуекелі; Ұлтандыру тәуекелін кең мағынада түсіндіріледі – экспроприациядан бастап компания мүлігін мәжбүрлеп сатып алу немесе инвесторларды активтерді басқаруға шығуын шектеу.

- Трансферт тәуекелі жергілікті валютаның айрбастауында мүмкін болатын шектеулер. Трансферт тәуекелі жергілікті валютаны шетел валютасына аударумен байланысты. Кәсіпорын қызыметі пайдалы болып, пайданы ұлтық валютада алады, бірақ несие бойынша есеп айырысу үшін оны инвестор валютасына аудара алмауы мысал бола алады. Оған көптеген себептер болуы мүмкін, мысалы айырбасқа (конвертациялық) қызыметінің мәжбүрлі ұзақ болуы.

- Контрагент – компаниясы болатын мемлекет билігінің іс-әрекетіне байланысты шартты үзу тәуекелі. Шартты үзу тәуекелі шартта көрсетілген айыппұл санкциялары да, арбитраж да, көмек көрсетпейтін жағдайларды ескереді: шарт серіктеске тәуелсіз себептерге байланысты үзіледі, мысалы ұлтық заңдардың өзгеруі.

- Әскери іс әрекеттер және азаматтық тәртіпсіздік тәуекелі нәтижесінде копания шығындары көп болады және ол банкроттыққа ұшырауы мүмкін.

Сонымен қатар саяси тәуекелді мемлекеттік, аймақтық, халықаралық деп бөліуге болады. Мемлекеттік саяси тәуекел компания қызыметінің нәтижесіне әсер ететін мемлекеттегі ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайының құлдырау тәуекелі өсіп банкроттыққа дейін әкелуі мүмкін. Аймақтық саяси тәуекел кәсіпкерлік фирмалардың қызмет нәтижесіне ықпал ететін белгілі бір аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен бейнеленеді. Халқаралық саяси тәуекелді есепке алу кәсіпкерлік қызыметтің халқаралық рынокта қызымет ететін фирмаларға да, шетелдік серіктестері бар фирмаларға да маңызды.

Кез келген өндірістік қызымет жаңа техника және технология игерумен, резервтерді іздеумен, өндіріс қарқынын жоғарлатумен байланысты. Бірақ жаңа техника және технология енгізу табиғатқа, адамдарға, өндіріске зиян келтіретін техногендік апат қаупіне әкеледі.

Техникалық тәуекел анықталады:

- өндірісті ұйымдастыру деңгейімен;

- алдын алу шаралардың жүргізілуімен (үнемі жабдық профилактикасы, қауыпсыздық шаралары);

- фирманың өз күшімен жабдықтарды жөндеуді жүргізу мүмкіндігімен. Техникалық тәуекелдерге мыналар жатады:

- ғылыми–зертеу жұмыстарының нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;

- конструкторлық және техналогиялық талдамаларды жүзеге асырғандағы жоспарланған техникалық параметірлерге қол жеткізбеу нәтижесіндегі залал ықтималдығы;

- жаңа талдамалардың нәтижелерін игеруге бермейтін, өндірістің төмен технологиялық мүмкіншіліктер нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;

- құрал – жабдықтардың істен шығуы және бұзылуы нәтижесінің залал ықтималдығы; техникалық тәуекел ішкі тәуекелдер тобына жатады – кәсіпкер осы тәуекелдерге тікелей ықпал ете алады, және олардың пайда болуы көбінесе кәсіпкердің қызыметіне байланысты.

Өндірістік тәуекел келесілермен байланысты:

- қызмет, тауар және өнім өндірумен;

- өндірістік қызыметтің кез келген нысанын жүзеге асыру процесіндегі шикізатты дұрыс қолданбау, өзіндік құнының өсуі, жұмыс уақытының жоғалуы, өндірістің жаңа әдістерін пайдалану.

Өндірістік тәуекелдің негізгі себептеріне мыналар жатады:

- еңбек өнімділігінің төмендеуі, құрал-жабдықтардың тұрып қалуы, еңбек уақытының шығысы, бастапқы материалдардың болмауы, өндірілетін өнімнің жарамсыздық пайызының жоғары болуы нәтижесінде өнім өткізу және жоспарланған өнім көлемінің төмендеуі;

- қызмет немесе өнім өткізудің жоспарланған бағаларының төмендеуі, өнім сапасының жеткіліксіз болуы, рыноктық коньюнктураның жағымсыз өзгеруі, сұраныстың төмендуімен байланысты;

- энергия, отын, шикізат материалдарды артық жұмсау, сауда, көлік және басқа да жанама шығындардың көбеюі;

- жоспарланаған қызметкерлер саны немесе бөлек алынған қызметкерлерге еңбекақыны көтеру есебінен еңбекақы қорының ұлғаюы;

- салық қойылымының фирмаға қолайсыз өзгеруінің нәтижесінде салықтық төлемдер және басқа да аударымдардың өсуі;

- өнім жеткізу тәртібінің төмендігі, отын және электроэнергиямен қамтамасыз етуіндегі іркілістер.

- кәсіпорын құрал жабдықтарының физикалық және моральдық тозуы.

Комерциялық тәуекел – кәсіпкер сатып алған немесе өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болатын тәуекел. Комерциялық тәуекелдің негізгі себептері:

- Фирмамен өткізілетін тауарға сұраныс немесе қажеттілікітің төмендеуі, оның бәсекелес тауарларымен ығыстырлуы, сатуға шектеулердің енгізілуі.

- Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде тауардың сатып алу бағасының көтерілуі.

- Бүкіл операция масштабын кішірейтетін және өткізілетін тауар бірлігі көлемінде шығындарды өсіретін (шартты – тұрақты шығындар есебінде) сатып алу көлемінің белгіленген сатып алу көлемімен салыстырғанда төмендуі.

- Тауар ысырабы.

- Тауар бағысының төмендеуіне әкелетін айналыс аясындағы (тасымалдау, сақтау кезінде ) тауар сапасының ысырабы.

- Фирма пайдасының төмендеуіне әкелетін айыппұл төлеу, болжамбаған баждар және аударымдар нәтижесінде белгіленген мөлшерімен салыстырғанда айналыс шығындарының өсуі.

Комерциялық тәуекелге келесілер мен байланысты тәуекелдер кіреді:

- тауарларды (қызметтерді) рынокта өткізумен;

- тауарларды тасымалдаумен (транспорттық);

- сатып алушы тауарды (қызыметті) қабылдаумен;

- сатып алушы төлем қаблетімен;

- форс – мажорлық жағдайлармен.

Транспорттық тәуекелдерді бөлек қарастыру қажет. Қазіргі уақытта транспорттық тәуекелдер жауапкершілік деңгейі бойынша төрт топқа жіктеледі: E,F,C,D.

Е тобына бір жағдай жатады – егер жөнелтуші (сатушы) тауарды өзінің қоймаларында ұстаса (Ex Wosks). Сатып алушы тауарды қабылдау мезетіне дейін жөнелтуші тәуекелді өзіне алады. Сатушы ғимаратынан соңғы пунктке дейін тасмалдау тәуекел сатып алушы өзіне қабылдайды.

F тобы сәйкес тәукелдердің жауапкершілігін берудің нақты үш жағдайын қамтиды:

FCA – сатушының тәуекелі мен жауапкершілігі белгіленген жерде тауарды беру мезетінде сатып алушыға ауысады;

FAS – келісім шартта анықталған кеме жай тауар үшін жауапкершілікпен тәуекел жөнелтушіден сатып алушыға ауысады.

FOB – кеме бортынан тауарды түсіргеннен кейін сатушы жауапкершілікті өзінен алып тастайды.

С тобы экспортер сатушы сатып алушымен тасымалдауға шарт жасасады, бірақ өздеріне ешқандай тәуекелді қабылдамайтын жағдайлар кіреді. Олар :

CFK – сатушы тасмалдау құнын кеме жайға жеткенге дейін төлейді, бірақ тәуекелді және тауар сатушының жауапкершілігін және қосымша шығындарды сатып алушы өз мойнына алады.

CІF – CFK жағдайындағы міндеттерінен басқа , сатушы тасмалдау уақытындағы тәуекелді сақтандыруды төлейді және қамтамасыз етеді.

СРТ – сатушы және сатып алушы тәуекелдерді және жауапкершілікті өзара бөліседі. Белгілі бір мезетте (көбінесе тасмалдаудың белгілі бір пунктінде) тәуекелдер толығымен сатушыдан сатып алушыға өтеді.

СІР – тасымалдаудың белгілі бір аралық пунктінде тәуекелдер сатушыдан сатып алушыға өтеді, сонымен қатар сатушы тауарды сақтандыру құнын тө лейді және қамтамасыз етеді.

Соңғы D тобы барлық тасымалдау тәуекелдері сатушыға жататынын білдіреді. Бұл топқа келесі нақты жағдайлар жатады:

DAF – анықталған мемілекеттік шекараға дейін тәуекелдерді сатушы өзіне қабылдайды. Кейін тәуекелдерді сатып алушы өзіне алады.

DES – тәуекелдерді сатушыдан сатып алушыға табыстау кеме бортында жүзеге асырылады:

DEQ – тауардың жүктеу портына жеткен мезете тәуекелдерді табыстау жүзеге асырылады:

DDU – сатып алушы аумағында келісім шартта белгіленген жерде (көбінесе ол қойма) тасымалдау тәуекелдерін сатушы өзіне қабылдайды.

DDP – сатып алушы аумағының анықталған жеріне дейін тасымалдау тәуекелдеріне сатушы жауапты, бірақ оларды сатып алушы төлейді.

Қаржылық кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді (қаржылық кәсіпкерлікті тауар ретінде валюта, бағалы қағаздар, ақшалай қаражаттар танылады) жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелдік қаржылық деп танылады.

Қаржылық тәуекелге мыналар жатады:

- валюталық тәуекел;

- несиелік тәуекел;

- инвестициялық тәуекел.

Валюталық тәуекел - өзара шарт жасасу мен ол бойынша есептеулер жасау кезеңі арасында болуы мүмкін валюта бағамының өзгерістер нәтижесінде қаржылық залал ықтималдығы. Валютаның сатып алу қабылетін есепке ала отырып белгіленетін валюталық бағам, біршама өзгермелі болады. Халықаралық экономикалық қатынастарға қатысушылар валюталық тәуекелдің бір бөлігі болып табылатын комерциялық тәуекелдермен байланыстар. Валюталық тәуекел – шетел валютасын әртүрлі бағам бойынша сатып алу – сату кезіндегі залал тәуекел. Валюта бағамдарының бір-біріне қатынастырының өзгеруі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар валюта ішкі құнының өзгеруіне, бір елден екінші елге ақша аударымдарының тұрақты құйылымы, алып сатарлық және т.б.

Кез келген валютаны сипаттайтын негізгі фактор резидент және резидент еместердің валютаға сенімділік дәрежесі. Валютаға сенімділік келесі көрсеткіштерден тұрады, ол көп факторлы критерий:

- берілген елдегі саяси режиміне сенімділік;

- оның экономикасының ашықтық деңгейі;

- экономиканың ырықтандырылуы және айырбас бағамының режимі;

- базалық макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің болашақтағы даму тұрақтылығына инвесторлардың сенімділігі;

Несиелік тәуекел өзінің қызметін қаржыландыру үшін сыртқы қарызды пайдалану нәтижесінде фирманың инвестор алдыңдағы қаржылық жауапкершіліктерін орындамау мүмкіндігі. Несиелік тәуекел кәсіпорынның өзінің несие берушілерімен іскерлік, әріптестік процесінде пайда болады:

- банкпен және басқа да қаржылық мекемелермен;

- контрагенттер, жеткізушілер және делдалдармен;

- акционерлермен.

Несиелік операциялардың әртүрлілігі несиелік тәуекелдің ерекшеліктері және пайда болу себептерін анықтайды:

- несие алған қарызгердің адал ниеті;

- комерциялық немесе банктік несие алған нақты фирма бәсекелік орнының нашарлауы;

- экономикалық коньюнктураның қолайсыздығы;

- фирма басшылығының біліксіздігі және т.б.

Инвестициялық тәуекел фирманың әртүрлі жобалары ақшалай қаражаттар жұмсау ерекшеліктерімен байланысты. Отандық экономикалық әдебиеттерде көбінесе инвестициялық тәуекел ретінде қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсаумен байланысты тәуекелдер танылады.

Инновациялық тәуекел – рынокта күтілетін сұранысқа ие болмауы мүмкін, жаңа тауарлар және қызметтер өндіруді фирманың қаражат жұмсау кезінде пайда болатын залал ықтималдығы.

Инновациялық тәуекел келесі жағдайларда пайда болады:

- Тауарлар немесе қызметтерді өндіру әдісінің қолданылып отырғанымен салыстырғанда өндірудің арзандау әдісін енгізгенде. Берілген технологияның жалғыз иесі болғанға дейін, мұндай инвестициялар фирмаға уақытша үстеме пайда әкеледі. Бұл жағдайда фирма тәуекелдің тек бір түріне кез болады – ол өндірілетін тауарға сұранысты бағалау қателігінің мүмкіндігі.

- Жаңа тауарлар немесе қызметтерді ескі жабдықтармен жасау кезінде.

Берілген жағдайда инновациялық тәуекелге мыналар кіреді:

- жаңа тауар немесе қызметтің сатып алушыны таба алмау мүмкіндігінің тәуекелі;

- жаңа тауар немесе қызмет өндірулер қажетті талаптардың жаңа жабдықтар және технологияларға сәйкес болмауының тәуекелі;

- құрылған жабдықты сату мүмкінсіздігінің тәуекелі, өйткені ол басқа өнімді өндіруге жарамайды.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

1. Тәуекел және сақтандыру арасындағы байланыс немен анықталады?

2. Тәуекелдің негізгі факторларын атаңыз?

3. Тәуекелді бағалауда қандай әдістер қолданылады?

4. Тәуекелдер қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

5. Тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз?

6. Қаржылық тәуекелдерге нелер жатады?

7. Иновациялық тәуекел дегеніміз не?

8. Экономикалық тәуекелдер нені сипаттайды?