Азір және осы жерде» қағидасындағы қарым – қатынас

Көпшілікке тән мінез, бұл бұрын болған оқиғаның және т.б. жағдайларды ойлау барысынла ортақ пікірмен санаса кету. Бұл жағдайда психологиялық қорғаныш механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты мақсаты, топ мүшесінің әрбірі өзін жаңа қырынан танылуы кезінде көруі және тани білуі. Бұл дегеніміз топтағы мүшелердің арасындағы қарқынды байланыс бар екендігіне көз жеткізу.

2. Өз пікірін жеткізе білу қағидасы.Оның мәні әр тұлғаның өз пікірін жасырудағы, таңдау еркіндігі. Нақтырақ айтсақ «ол негізі...» «біреулер ойлайды» деген ойлардан арылып «мен ойлаймын» «мен есептеймін...» деген жөн.

3. Сезім қағидаларына жүгіну әдісі. Әр қатысушы өзінің және әріптесінің эмоциясына көңіл бөлуге тиісті. Және қарама – қарсы қатынас жасаған кезде, өзінің және жолдасының күйін ескере білгені жөн. Мысалы: «Сенің сөйлеген сөздерің дөрекі болғандықтан, менің жүйкеме тиіп жатыр» деген сенімді және т.б.

4. Белсенділік қағидасы. Белсенділік – тренингтегі тәртіптің негізгі нормасы және команданың беріктілігін нығайта түсетін, әр қатысушының қатысуын керек ететін талаптардың бірі.

5. Қарым – қатынастағы сенім қағидасы. Сенімді қарым – қатынас бұл тапсырманың нәтижесін беруге көп ықпал жасайды. Қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жетекші ең лдымен қатысушыларды өздерін еркін ұстауға үйрету керек. Сенімді қарым – қатынас орнату үшін «Ешқашан өтірік айтпау, әрдайым шындықты айту» ережесі сақталады. Алайда медициналық әріптестер арасында бұл ережені сақтанғанда мұқият болу керек. Ол субердиноцияны бұзуы мүмкін.

6. Жасыру қағидасы. Бұл қағиданың мәні топта болған жасырын жағдайларды оқытылу барысында алған ақпаратты басқа жағдайда жария етпеу.

Сондай-ақ психотерапевттік нормаларға төмендегілер жатады.

· Эмоциялық шынай болуы жеткізу.

· өз пікір көзқарасын ашық түрде жеткізу.

· Басқа мүшелердің де көз қарасымен, пікірімен санасу және оларға төзімділікпен сабырмен қарау.

· Белсенділік

· Этикалық нормаларды сақтай білу (дөрекі сөйлемеу, зорлық көрсетпеу т.с.с.)

Соңғы кезекте командада топ мүшелерінің жұмысы тиімді болуы үшін жеке мүдделердің үш жиынтығы сақталуы қажет.

· өзіңе баға беру

· айнала мен айналадағы қарым – қатынасқа, ортақ көзқарастарға баға беру;

· тапсырма мен жұмысқа баға беру;

Команданы білікті маман иелерінеайналдыру процессі команда құрылымы деп аталады. Көптеген топтарға өзін толыққанды нәтижеге қол жеткізу үшін оған көмек керек. Көп жағдайда командаға әсерлі коммуникацияны пайдалану үшін және шешім қабылдау әдістерін меңгеру үшін, ұрыс – керістен аулақ болу үшін бір адамның көмегі қажет. әдетте бұл функцияларды топтың сапасын жақсарту жөніндегі жаттықтырушы жасайды, бірақ көбінесе бұл процесстерді медициналық оқу орнының топ жетекшісі орындайды.

Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:

· ойлау барысында командадағы жұмыс әлдеқайда қолайлы себебі көптің пікірі жалғыз адамның пікірінен өнімдірек. Топтағы басқа да мүшелерінен жаңа идеялар туындауы мүмкін.

· Топтағы көпшіліктің қабылдаған шешімдері, команданың жалғыз мүшесі қабылдаған пікірден дұрысырақ.

Алайда көп командалардың жұмысы нәтижелі бола бермейді. Бұл командалардан нәтижелі жұмыс істейтін топтардың айырмашылығы неде?

1. Жұмыс барысына қатысты:

Қызығушылықты көбірек білдіру. Топ мүшелерінің барлығы ортақ мақсатқа жетуді көздейді және сол мақсатқа қол жеткізу үшін аянбай жұмыс жасай біледі.

Команда жұмысына қатысты жақсы көзқарас. Команда жұмыс істейтін мекеме, топтың жұмысын сыйластықпен қабыл көреді.

Сенімділік ортасы. Команда мүшелері бір – біріне сенеді және бір – біріне сенім артады. Бұл барлық мәселеге қатысты негізгі элемент болып табылады.

Топтағы әр қызметкердің жұмыстағы жетістігін мойындау: Команда әр адамның пікірімен санасады. Ал қателіктер кеткенде ол алдағы күнге сабақ болады.

Жақсы қарым – қатынастар. Бейресми жайлы қарым – қатынас және жолдастық қалып. Топтағы жұмыс оның мүшелеріне қызықты себебі командада ауызбіршілік бар. әр қызметкердің мұқтаждығы мен пікіріне көңіл бөлу. Команда мүшелері әр қызметкерлің көзқарасына құлақ салып, оның ой – пікірін құрметтейлі. Команда өзіне кедергі жасайтын жұмысына шек қоятын ережелерді ұстанбауы керек.