Жаттығу. Мәтін фрагменттерін ерекшелеу

Бейнелеу формасын басқару тегтері:

Тег аты Сипаттамасы Мысалы
<b>…</b> қалыңдатылған шрифт Мәтін
<i>…..</i> қисайтылған курсивпен жазылған шрифт Мәтін
<u>…</u> асты сызылған шрифт Мәтін
<s>...</s> Белінен сызылған шрифт Мәтін
<sup>…</sup> жоғарғы индекс x2
<sub>…</sub> төменгі индекс x2
<pre>...</pre> командалары браузерді құжат қалай жазылса, солай шығаруға мүмкіндік береді Мәтін

1. НТМL файлы мәтініне төмендегідей өзгерістер енгізіңіздер:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> 5-ші мысал </TITLE>

</HEAD>

<BODY bgcolor ="" text="red" >

<H3> Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару </H3>

<P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>

<P> <І> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </І>

<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>

<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>

</BODY>

</HTML>

 

2. НТМL файлы мәтініне төмендегідей өзгерістер енгізіңіздер:

<html>

<head>

<title> Жастық туралы</title>

</head>

<body bgcolor="white" text="yellow">

<h2> Шәкірт ойы </h2>

<p><b>Сұлтанмахмұт Торайғыров</b>

<pre>

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

</pre>

</body>

</html>

Бақылау сұрақтары:

1. Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?

2. HTML тілі қандай қызмет атқарады?

3. HTML тілінің мынадай терминдеріне түсінік беріңіздер: тәг, гипермәтін, браузер.

4. HTML тәгтерінің қандай түрлері бар? Олардың жазылу синтаксисі қандай?

5. Тәг атрибуттары не үшін қолданылады? Олардың жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер.

6. HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?

7. ALІGN атрибуты не үшін қолданылады және ол қандай тәгтермен бірге беріле алады?

8. <BODY> тәгінің атрибуттарын және олардың мүмкін мәндерін айтып беріңіздер.

9. Мәтін түсін, фон түсін қалай беруге болады?

 

Практикалық жұмыс № 6

«Тізімдері бар HTML құжатты жасау. Номерленген және маркерленген тізімдер. Сілтеме ретіндегі суреттер»

Жұмыстың мақсаты:

Негізгі ұғымдар:

HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкін­дік береді. Абзац элементтерін үлкейтуге, кішірейтуге, қалың­да­тып немесе қисайтып, астын сызып жазуға, тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізім­дер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тәгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.

Маркерленген тізімдер

<UL> және </UL> (unordered list – реттелмеген тізім) тәгтері ара­сында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін <LI> (list – тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы, экранда жасыл түсті әріптермен терілген мынадай тізім жасау үшін:

· Сәуле;

· Мақсат;

· Данияр;

· Ержан

төмендегідей түрде HTML тілі мәтінін Блокнотта теріп, Internet Explorer-де 1- мысалды көріп шығу керек:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 1 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green>

<H2 ALIGN = CENTER> Белгіленген тізім жолдары </H2> <HR>

<UL>

<LI> Сәуле;

<LI> Мақсат;

<LI> Данияр;

<LI> Ержан

</UL>

<HR>

</BODY>

</HTML>

<LI> белгісі үшін жабылу тәгінің қажет емес екенін байқаған боларсыздар.

<UL>тәгінің атрибуты type = disc | circle | square

олар белгі маркерінің сыртқы пішінін өзгертіп, сәйкесінше дөңгелек | шеңбер | квадрат бейнесінде көрсете алады.