Денсаулық жөніндегі негізгі түсініктер және денсаулықтың басты көрсеткіштері.

Дәріс тезистері.

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді." «Денсаулық» түсінігінің анықтамасы (БДҰ – бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы), «үшінші жағдай», «ауру». Денсаулықтың компоненттері және өлшемдері. Норма түсінігі. Дені сау адам. Табиғатпен үйлесімдіктегі денсаулық. Денсаулық қоршаған ортамен тепе – теңдік ретінде. Денсаулықтың жастық ерекшеліктері. Физикалық , психикалық және әлеуметтік денсаулық. Қажеттіліктер және денсаулық.

Денсаулық жөніндегі негізгі түсініктер және денсаулықтың басты көрсеткіштері.

Ғасырлар бойы адам өзінің жаны мен тәнінің саулығын сақтайтын тиімді жолдарды іздеген болатын. XIX ғ. өзінде неміс философы Артур Шопенгауэр былай айтқан еді: "Біздің бақытымыздың 9/10 денсаулыққа негізделген. Денсаулық болса барлық нәрсе рахат көзі болып табылады. Субъективті игіліктердің өзі: ақыл сапасы, жан, темперамент денсаулық болмаса әлсіреп, қатып қалады. Біз бір – бірімізбен кездескенде денсаулықтарымыз туралы сұраймыз, бір – бірімізге денсаулық тілейміз: бұл адам бақытының шынайы басты шарты".

Адам әр уақытта өзінің денсаулығының беріктігі жөнінде, күшінің, төзімділігінің күшеюі туралы армандайды. Бірақ та, бұл армандар көптеген адамдар үшін орындалмас арман болып қала береді, себебі адамдардың көбісі инертті және қалай болса солай өмір сүріп жүре береді. Бұған ұқсас жағдай денсаулыққа да байланысты – ол туралы көп жазғанымен, адамдар оған көп мән бере қоймайды (40-50 жастан кейін ауру өрістегенде ғана ойлай бастайды). Адамдар өздерінің кінараттарын біле отыра нашар дағдылардан қол үзбейді. Никотин, алкоголь, бұлшық еттердің әлсіздігі, асыра тамақтану – мұның бәрі денсаулықты құртушылар. Гиппократ былай айтқан еді: "ауру адамның басына найзағай болып түсе салмайды, ол табиғат заңдылықтарыныңы әрқашанда бұзылуына байланысты болады. Бұл кінараттар бірте – бірте жинақтала келіп, соңы ауруға ұласады".

Денсаулық түсінігі. "Денсаулық" түсінігі не мағына береді? Қазіргі кезенде "денсаулық" түсінігіне көптеген анықтамалар бар, олар негізгі бес өлшемнен тұрады:

- аурудың болмауы;

- "адам – қоршаған орта " жүйесіндегі организмнің дұрыс қызмет етуі;

- толығымен физикалық, рухани, ақыл-ой және әлеуметтік игілік;

- қоршаған ортадағы өзгеріп жатқан жағдайларға әр уақытта бейімделе алу;

- басты әлеуметтік қызметтерді орындай алу.

Мұнымен қоса денсаулықтың қайсыбір анықтамасы да нақты емес, себебі қазірдің өзінде денсаулық объектісінің нақты классификациясы жоқ.

Адамның, яғни жеке тұлғаның және тұрғын халықтың денсаулығын бөліп қарастырады. Олар, туу, өлім-жітім, адамның физикалық даму өлшемі, орташа өмір ұзақтығы және т.б.

Қазіргі кездегі бұл өлшемдердің барлығы «тұрғын халықтың денсаулығын» толығымен бейнелеп бермейді. Мәселен, еуропалық мемлекеттерге қарғанда азиялық мемлекеттердегі тұрғын халықтың қайта өсіп - өнуі біршама жоғары. Бірақ бұдан азиялық мемлекеттердегі халықтардың еуропалықтарға қарағанда денсаулығы күшті екен деген ой туындамауы керек.

Өйткені "денсаулық" түсінігі аурудың жоқтығын ғана білдірмейді. Науқас адам денсаулық қорын пайдалана отырып биологиялық және әлеуметтік қызметтерін орындайды.

Тұрғын халықтың денсаулығы көбіне әлеуметтік орта мен жағдайға, оның ішінде жалақыға, жұмыс күнініне, еңбек шарттарына, тұрғын үйіне, санитарлық қамтамасыз етілуіне, т.б. байланысты.

Үшінші жағдай.

'' Үшінші жағдай" терминің ең алғаш ғылымға енгізген ежелгі римдік дәрігер Гален болды.

Үшінші жағдай – бұл организмнің денсаулыққа да, ауруға да жақын, бірақ ол да, бұл да емес үйлесу түрі болып табылады. Бұл адамның денсаулық

пен ауру арасындағы аралық жағдайы, оны үйлестіре алуы. Бұл жағдайды ғалымдар "шекаралық", "патологияның алдындағы", "өтпелі", "донозологиялық" деп те атайды.

"Ол да емес, бұл да емес", "денсаулық емес, ауру да емес" деген "ештеңе" деген мағынаны бермейді. Өйткені, өтпелі жағдайға анықтама беру қиын, осыған байланысты "үшінші жағдай" да қауіпті.

И.И. Брехман: "егер денсаулық күн, аптаға, айларға созылса, "үшінші жағдай" жылдар, оңжылдықтар бойы, бүкіл өмір бойы да сақталынады", - деген. "Үшінші жағдайдағы" адам интеллектуалдық немесе физикалық қызметтің морфофункционалдық әрекеттеріне ие емес. Осыған байланысты "үшінші жағдайда" «Денсаулық» түсінігінің анықтамасы (БДҰ – бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы), «үшінші жағдай», «ауру». Денсаулықтың компоненттері және өлшемдері. Норма түсінігі. Дені сау адам. Табиғатпен үйлесімдіктегі денсаулық. Денсаулық қоршаған ортамен тепе – теңдік ретінде. Денсаулықтың жастық ерекшеліктері. Физикалық , психикалық және әлеуметтік денсаулық. Қажеттіліктер және денсаулық.

БДҰ мәліметтері бойынша "үшінші жағдайдағы" адамдар саны көп, 80-85 % құрайды.Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады. Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И.И.Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т.б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен "денсаулық" деген түсініктің өзін анықтап, оған сай келетін, барабар көрсеткіштерді тауып, сандық жағынан баға беру мүмкіндігне нақты шек қою қажет.

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Біздің бәріміздің деніміз сау, күшті, қуатты, ақылды, дана болғымыз келеді, сонымен бірге сырт келбетіміз тартымды, жас болғанын қалаймыз, достарымызбен және жақындарымызбен еркін қарым-қатынас жасап, рухани жайлылықты сезінгіміз келеді.

Кез-келген адамның әлеуметтік ортасы мен денсаулығы арасындағы байланыс болады. Әртүрлі сипаттағы әлеуметтік қолдау денсаулыққа жағымды әсер етеді және жасқа байланысты ауру қаупін төмендетеді.

Қолдау көрсететін, ақыл айтатын, жаны ашитын немесе қиналғанда қол ұшын беретін жақындары мен достары көп адамдардың жүрек ұстамалары секілді қиыншылықтарды жеңілдірек көтеретіндігін, оларда әртүрлі аурулар сирек болатындығын ғылыми зерттеулер көрсетеді.

Бұған қоса, көпшіл және әлеуметтік тұрғыда өзгелерге қажетті адамдармен салыстырғанда жалғысбасты адамдардың дүниеден өтуі 20-50 пайызға жиірек. Бұны ғалымдар анықтаған.

Бұл ғылыми зерттеулерде ғалымдар 9 жыл бойы мыңдаған адамдардың адамдардың денсаулығын бақылаған болатын. Отбасымен және достарымен тығыз эмоциялық қарым-қатынаста болған адамдардың арасында өлім-жітімнің аз болатындығы анықталды. Отбасымен «әлеуметтік ортамен тығыз қарым-қатынаста болған әйелдерде обыр ауруы сирек кездескен. Тіпті мұндай қатерлі дерт анықталған өзінде әлеуметтік қолдау адам өмірін біршама ұзартқан.

Қол ұшын беру қолдауы ақша, көлікпен көмектесу т.б. Материалдық және тікелей қолқабыс көрсету арқылы жұзеге асады.

Қарым-қатынас және әлеуметтік қолдау деңгейі қандай дәрежеде деген сұраққа жауап беру үшін төменгі сұрақтарды қоюға болады:

Бір апта ішінде кездесетін адамдарыңыздың саны қанша?

Солардың ішінде мүдделестердің саны қанша?

Үйінізге кез-келген уақытта келе алатын және үйіңіздің шашылып жатқанынан қысылмай қарсы алатын достарыңыз немесе туыстарыңыздың саны қанша?

Маңайыңыздағы адамдардың өзіңізге қаншалықты жақын екендігін мына белгілер бойынша анықтауға болады:

Жақын адам – өзіңіз сенім артатын адам

Жақын адам – сенуге болатын адам

Жақын адам – өз сезімінізді бөлісетін адам

Бұған қоса, әлеуметтік қолдау көрсететіндердің шамасын мыналар арқылы анықтауға болады:

Егер ақша қажет болып қалса, қарыз бере алатын достарыңыз немесе жақындарыңыздың бар-жоғы;

Егер аура қалсаңыз, сауығып кеткенше балаларыңызға қарай алатын достарыңыз немесе жақындарыңыздың бар-жоғы;

егер ауыра қалсаңыз, сауығып кеткенше балалрыңызға қарай алатын достарыңыз немесе жақындарыңыздың бар-жоғы.

Осы сұрақтарға оң жауап беру инфаркт, инсульт және обырдың кейбір түрлерінің қауіпі төмен дегенді білдіреді. Мұны соңғы жылдары алынған ғылыми мәліметтер анық көрсетіп берді.

Әлеуметтік қолдау деңгейін сіздің ішкі «жақын ортаңызды» құрайтын адамдар анықтайды. Ғалымдар дербес ішкі қолдау деңгейін анықтайтын жүйе ойлап тапты. Бұл үшін кіндігі ортақ бірнеше шеңбер сызу керек. Ең ортағы шеңбер суретте көрсетілгендей «Сіз» деген сөз жазылады.

Сіздің әлеуметтік ортаңыздың қандай екендігін анықтау үшін күнделікті өміріңізде маңызды рөл атқаратын адамдвр туралы ойлау керек. Кіндігі бір үш шеңбер үш орта, олардың маңыздылық дәрежесін көрсетеді. Ішкі, жақын ортаға оларсыз өз өміріңізді елестете алмайтын адамдар жатады. Ал сырқылары орналасқан екі ортаға сіздің жеке өміріңізде жақын ортадан гөрі азырақ дәрежеде белгілі бір рөл атқаратын адамдар кіреді.

Ғалымдар адамдардың көпшілігінде «жақын ортаның» 8-11 мүшесі болатынын көрсетті. Және де өмірінің әр кезеіңінде бұл сан тұрақты болып қала береді: біреуді жоғалтқанмен оның орнын басқа адам толықтырады. Жоғарыда сипатталған циркулярлық диаграмма сіздің «жақын ортаңыздың» қаншалықты етене және сенімді екенін анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулық пен ұзақ ғұмыр көп жағдайда осыған байланысты.

Қорыта келе айта кететін нәрсе, денсаулық пен сапалы ұзақ ғұмыр әлеуметтік ортаның сенімділігі мен етене жақындығына біршама дәрежеде тәуелді. Мұны растайтын дәлелдер жеткілікті. Әрине, салауатты өмір сүру – дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтану маңызды, алайда етене жақын, мейірбан қарым-қатынастың да маңыздылығын естен шығармаған жөн.

№3-дәріс тақырыбы:ФИЗИКАЛЫҚ, ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ.ФИЗИКАЛЫҚ, ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ. ФИЗИКАЛЫҚ, ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ ТҮСІНІГІ. ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ФАКТОРЫ.АҒЗАНЫҢ БЕЙІМДЕЛУШІЛІК РЕЗЕРВІ. ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ. БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ. ПСИХИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҚҰРАУШЫЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕР (СЕНІМ, МАГИЯЛЫҚ КҮШ, ДІНИ БАҒДАРЛАНУ). ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ. ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ІШІНДЕ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҰЙЫМДАР. ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ.

 

Мақсаты:Денсаулықтың негізгі түрлерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Денсаулық түрлері

2. Ағзаның бейімделушілігі.

3. Бағалау және өзіндік бағалау.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

4. Михайлов А.Н., Ротенберг В.С. Особенности психологической защиты в норме и при соматических заболеваниях // Вопросы психологии.-1990., №5.

5. Майерс Д. Социальная психология Ускоренный курс М., 2007

Дәріс тезистері.

«Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.
Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің ;ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады. Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балапар консультация орындарының бақылауында болады. Денсау-лык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып,ол дами түседі. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды.

Олар:
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың, критериі — маған қажет заттардын. Бәрін «өзім тауып аламын «;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».
Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер:
1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда больш қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.
Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.

№4-дәріс тақырыбы:РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ. ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК. ПСИХОЛОГ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ. РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕТЕРМИНАЦИЯ: ДИНАМИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯ.

ГЕНДЕР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. ЕР АДАМ МЕН ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНДАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР. МАМАНДАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК АЛДЫН АЛА ОЙ ҚҰРУЫ.

Мақсаты:Рухани денсаулықты анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Рухани денсаулық түсінігі

2. Рухани денсаулық және мәдени детерминация

3.Гендер және денсаулық жайлы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

4. Михайлов А.Н., Ротенберг В.С. Особенности психологической защиты в норме и при соматических заболеваниях // Вопросы психологии.-1990., №5.

Дәріс тезистері.

Ғасырлар бойы адам өзінің жаны мен тәнінің саулығын сақтайтын тиімді жолдарды іздеген болатын. XIX ғ. өзінде неміс философы Артур Шопенгауэр былай айтқан еді: "Біздің бақытымыздың 9/10 денсаулыққа негізделген. Денсаулық болса барлық нәрсе рахат көзі болып табылады. Субъективті игіліктердің өзі: ақыл сапасы, жан, темперамент денсаулық болмаса әлсіреп, қатып қалады. Біз бір – бірімізбен кездескенде денсаулықтарымыз туралы сұраймыз, бір – бірімізге денсаулық тілейміз: бұл адам бақытының шынайы басты шарты".

 

Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек». Ішкі үлемінің үлесімділігі, әлеуметтік қолдаудың жеткілікті болуы рухани денсаулықтың тұрақтылығын көрсетеді.

 

Міне, бір зерттеулерде АҚШ Дьюк университтетінің ғалымдары жақындары мен достары көп адамдардың көп адамдармен салыстарғанда жалғысбасты адамдардың арасында жүрек аурулары салдарынан болған өлім-жістім үш есе көп екендігін көрсетті. Ғалымдар шүркелесіп, сыр шертуге жарайтын адамдардың болуы өте күшті сауықтырушы «дәрі» деген қортындыға келді.

 

Ғылыми зерттеулер белсенді қарым-қатынастың күнделікті стрестердің кері әсерін айтарлықтай төмендететін көрсетті. Мидың жады мен ой қызметіне жауап беретін белгілі бір бөліктерін басып тастайтын кейбір гормондардың деңгейін стресс жоғарлатып жіберетіні белгілі.

 

Белсенді қарым-қатынас жасайтын адам өзін біршама жоғары ұстайды, демек өз-өзін жақсы күтеді, сол арқылы ауру қаупін азайтады және жады мен ой ширақтығын сақтайды.

 

Әлеуметтік қолдаудың мағынасы әртүрлі. Оған ақпараттың қолжетімділігі, сенім, махаббат, өз-өзін бағалау, қарым-қатынас ортасы және өзара міндеттер жатады. Жалпы алғанда, әлеуметтік қолдаудың ұзақ сапалы ғұмыр үшін маңызы бар үш түрін атап өткен дұрыс.

Сезім арқылы қолдау жақсы көруін, жақындығын және сыйластығын сөзбен немесе сөзсіз де білдіру түрінде көрініс табады. Сезім арқылы қолдаудың арқасында қариялар өмірдегі мақсаттарын, өздерінің маңыздылығын, сондай-ақ жақындарына және қоршаған адамдарға өздерінің қажет екендігін сезінеді.

 

Инттелект тұрғысынан қолдау ақпараттың, кеңестердің және бағалаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге саяды.Рухани денсаулық адамзат баласының идеалдығын меңзейді. Рухани өмір сәтті болса, физикалық денсаулық жақсы болады. Бұған дәлелді зерттеулер жеткілікті.

№5-дәріс тақырыбы:ӨМІР САЛТЫ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӨМІР САЛТЫ. ӨМІР САЛТЫ ТҮСІНІГІ. РАЦИОНАЛДЫ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ. ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАТЫНАС. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАТЫНАСҚА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.

Мақсаты: Саламатты өмір салтын анықтау. Рациональды тамақтану, қозғалыс белсенділігін т.б. қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Саламатты өмір салты – денсаулық кепілі

2. Рациональды тамақтану және жеке гигиена

3. Денсаулыққа қатынас жайында

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3.Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Дәріс тезистері.

Салауатты өмір салты.Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Осы орайда мектеп-лицейімізде әр айдың соңында «Салауатты өмір салты – лицейдің өмір қалпы» деген ұранмен спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды.

Саламатты өмір салты. Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін саламатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері сөзсіз.

Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды.

Саламатты өмір салты дегеніміз – биоәлеуметтік категория. Саламатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптастырады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Саламатты өмір салты шаруашылық, күнделікті өмір салты шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы , материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау т.б. Аулақ болу. Сонымен саламатты өмір салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессивті дамуының көрсеткіш категориясы. Саламатты өмір салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. Адамның биологиялық ерекшелігіне сәйкес саламатты өмір салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту орынсыз. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған орай «саламатты» өмір салтының» үш категориясы бар:

· саламатты өмір сүру деңгейі;

· саламатты өмір сүру сапасы;

· саламатты өмір сүрудің стилі.

Саламатты өмір сүру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және материалдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі. Саламатты өмір сүру сапасы дегеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындары (оқу орындары, иектептер) неше түрлі адам денсаулығы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Саламатта өмір сүру стилі дегеніміз – әлеуметтік-психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстап дәне көрсете білуі. Белгілі стандартты ұстанып өмір сүру. Саламатты өмір сүру деңгейі мен саламатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып табылады. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы немесе жаман болу саламатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал саламатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады. Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке бас ерекшелігіне байланысты өмір сүреді. Белгілі ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Саламатты өмір салты адамның кәсіби іс-әрекеттінің, қызметімен, күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұл денсаулықтың қалыптасуына және оның бекінуіне көмектеседі. Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде ДДСҰ тұжырымдамасы бойынша: Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53 пайызы адамның саламатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Ал 17-18 пайызы әлемдік экологиялық факторларға байланысты, бір сөзбен антропогендік факторға байланысты екен. Ал 18-22 пайызы түқым қуалайтын себептерге байланысты екен, 8-10 пайызы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтіне байланысты екен.

Саламатты өмір сүру салтының әлеуметтік биологиялық принциптері.

1. саламатты өмір сүру салты адамдарының жас ерекшелігі

2. саламатты өмір сүру салты энергетикалық принципі

3. саламатты өмір сүру салтының эстетикалық қызметке

4. саламатты өмір сүру салты ритмикалық үдерістері

5. саламатты өмір сүру салты денсаулықты артыруға байланысты болу керек

Психологиялық принциптерге жататындар:

саламатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет

саламатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктігі

саламатты өмір салтының еріктігіе дамыту

саламатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болуын қамтамасыз ету

өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.

Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

- Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

- Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.

Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.

Адам организмі рационалды тамақтанусыз тіршілік етпейді. Ол энергияның түсуі үшін, зат алмасу процестерінің дұрыс жүруі үшін қажет. Тамақтану – бұл өмір сүруді, денсаулықты және жұмысқа белсенді етуші процесс. Дұрыс тамақтану мен физикалық мәдениетті қамтамасыз ететін іс-шаралар адам орга­низмін берік, төзімді етеді. Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.
Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Демек, «сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.
Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады.

Тамақтану толық, сбалансированный және рационалды болуы керек. Рационалды тамақтану - бұл адамдардың толыққанды азықтануы. Ол мынандай принциптерге сүйенуі қажет: белок, майлар, тепе-теңдігі, минералды заттар мен витаминдер тепе - теңдігі.

Адамның азық – түлікке деген сұранысы генетикалық ерекшеліктеріне де байланысты болады. Сондықтан да диеталар бір адамдарға келсе, екінші бір адамдарға зиянды болады. Мәселен, қан қысымы жоғары адамдар тұзды пайдалануды қысқартуға міндетті болса, ал қан қысымы төмен адамдарға тұзды пайдаланудың зияны жоқ.

Тамақ – бұл адам организмінің энергия көзі. Сондықтан да адам қандай тамақ пайдалы екендігін және оның құрамын білуі тиіс. Мәселен, жемі – жидектер көмірсутектің күшті көзі болғанымен, онда белок өте аз. Адам организмі 40 орны ауыстырылмайтын элементтерді қажет етеді. Мысалға, сүйек құрылымы үшін кальций өте қажет. Бірақ тамақта кальций қаншалықты болғанымен де адамға Д витамині өте керек. Кальций жұмыс істеуі үшін фосфор және магний қажет.

Біздің организмімізде азық – түлік заттарының қабылдануы ассимиляция деп аталады. Ал заттардың ыдырау процесі диссимиляция деп аталады.

Калориясына байланысты азық – түлік өнімдері жоғары және аз калориялы деп бөлінеді. Жоғары калориялы тағамға – ұннан жасалған тамақтар, жануарлар майы, шошқаның майы, ет, варенье, колбаса (сардельки, сосиски) жатады; ал калориясы аз тағамдарға жеміс – жидек, майлы емес ірімшік, айран, т.б. жатады. Жоғары калориялы тамақты жеу семіздік пен ерте атеросклероздың дамуына алып келеді.

Белоктар – тамақтың негізгі бөлігінің бірі. Тамақтану барысында жалпы калориялықтың 12 % белок арқылы болуы қажет. Белоктар – бұл судан кейінгі дененің химиялық құрамдасы. Организмде әр түрлі 50 мыңдай типтегі белоктар бар. Белоктар көптеген қызметтерді орындайды. Белоктар қанның қоюлануына көмектеседі, ал бұл жараның тезірек жазылуына әкеледі.

Белоктар сиыр етінде, қой етінде, құс етінде, балықта, сүтте, жұмыртқада, сырда кездеседі. Өсімдіктердің арасында белоктар – бобтарда, картофелде, т.б. кездеседі.

Тағамдағы белоктың аздығы адам организмінің жұқпалы ауруларға қарсы төзімділігін азайтады. Ал белоктың көптігі де зиянды. Өйткені, белок глюкозаға, гликогенге немесе майға айналып жиналуы мүмкін.

Көмірсутектер. Көмірсутектер нанда, картофелде, т.б. көп кездеседі. Көмірсутектер зат алмасу процесінде де күшті рөл атқарады.

Майлар (липидтер). Майлар денсаулықты ұстап тұру үшін өте қажет. Олардың энергетикалық құндылығы өте жоғары. Майлармен қатар организмге - А, О, Е, К, витаминдері түседі. Майларды көп жеу семіздікке де ұшыратын болғандықтан, биологиялық қатынастағы ең күшті баланс күнделікті 70 % жануарлар майын, 30 % өсімдік майын пайдалану қажет.

Витаминдер – зат алмасуы, дұрыс өсу үшін қажетті химиялық органикалық бірлесулер болып табылады. Витаминдер көмірсутекке де, майға да жатпайды. Витаминдердің ашылуы орыс ғалымы Н. И. Луни­ннің есімімен байланысты. Ол 1880 жылы тәжірибе жүзінде өмір сүру үшін қажетті факторлар азық – түліктерде бар екендігін дәлелдеп берген еді.

Біздің денсаулығымыз қоршаған орта жағдайына байланысты болады. Таза су, ауа – бұл адамның толыққанды өмір сүруінің басты шарты. Бірақ та техникалық прогресс адам мен табиғаттың гармониясын ыдыратып, адам тағдырына жағымсыз әсер етуде. Ластанған ауа мен су адам организмін улауда.

Атмосфералық ауа – бұл бүкіл Жердегі тіршіліктің негізі. Сол себептен барлық тіршілік етушілерге таза ауа өте қажет. Атмосфералық ауаның зиянды заттармен толығуы дем алу органдарын бірінші кезекте зақымдауда. Мысалға, түсті металлургия кәсіпорындарында жұмыс істеуші адамдар көбіне жүрек-тамыр ауруларына, психикалық ауруларға, қатерлі ісіктер мен өкпе патологиясына, аллергиялық ауруларға алып келеді. Адам денесіне улы заттардың түсуі естен тануға, улануға және өлімге де әкелуі мүмкін (39 кесте).