Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 1 страница

Ауру түрлері 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл
Эндокрендік жүйе аурулары, зат алмасудың бұзылу 475,9 472,3 574,5 610,3
Психикалық ауытқулар 392,4 459,3 517,1 514,5
Нерв жүйесі және сезімталдық органдарының аурулары 4 879,9 468,4 563,6
Қан айналымы аурулары 1038,1 979,1 1100,9 1080,6
Тері аурулары 4429,8 4035,1 4051,0 3775,0
Демалыс жолдары аурулары 17793,3 17140,2 18869,5 18708,4
Туа біткен аурулар 111,3 122,1 136,4 142,0
Жаңадан пайда болған ісіктер 379,6 389,3 388,1 410,0
Өт жолдарының аурулары 2847,0 2863,6 3012,1 3411,3
Ас қорыту органдарының аурулары 3221,8 2659,6 2873,8 3422,7

 

Атмосфераны ластаушы заттар: көмірқышқыл оксиді (СО), сера диоксиді (30г), азот ок­сиды (МОХ), көмірсутектер (СпНт) және қатты заттар (шаң). Қазіргі кезде атмосфераны басты ластаушы автотранспорт. Қазақстанның ірі қалаларындағы көлікке 60-80 %, ал Алматы қаласында – зиянды заттардың 90% бар. Бүгінгі күнде ауаны ластаушы 500 зиянды заттар болса, олардың саны біртіңдеп артуда.

Организмнің ауаның ластануына реакциясы әр түрлі. Бірінші кезекте балалар және кәрі, ауру адамдар әлсіз болып келеді. Медиктердің пікірінше хром, никель, бериллий, асбест, т.б. улыхи­микаттар рак ауруларын тудыратын канцерогендар болып табылады.

Біздің денсаулығымызға радиация да өте күшті қатер. Ол білінбейді, иісі жоқ, бірақ та адамды өлімге дейін алып келуі ықтимал. Американдық авторлардың мәліметі бойынша әр зерттелген бес үйдің бірінде радонның көлемі көп болған. Алматы қаласындағы 172 зерттелген объектінің, 62 (36 %) радон қаупі жоғары болған. ЭМП – ның жағымсыз ықпалына эм­бриондар мен балалар төзімсіз келеді. Саламатты өмір салты аурулар қатарын азайтудың бірден бір көзі болып табылады.

Денсаулықты күшейтіп және шығармашылық іс-әрекетті ұзарту үшін салауатты өмір салты принциптерін ұстану қажет.

Салауатты өмір салты – бұл адамның жүріс – тұрысының жекеше жүйесі. Ол адамға физикалық, рухани және әлеуметтік игіліктерді және белсенді ұзақ өмірді қамтамасыз етеді. Мұндай өмір салты физиологиялық және психикалық процестердің дұрыс жүруіне септігін тигізеді, бұл әр түрлі аурулардан қорғайды және өмір ұзақтығын арттырады.

Тәуекелге барып өмір сүретін адамдар өздерінің денсаулықтарына нұқсан келтіреді, физиологиялық және психикалық процестердің дұрыс жүрмеуіне алып келеді (мәселен, ішкіш адамның организмі алкоголь тарағанда пайда болатын ацетальдегидпен – улы затпен күреседі; темекі тартатын адам өзінің ішкі күшін темекі түтініндегі улы өнімдермен күресуге жұмсайды және т.б.). Әр түрлі аурулар пайда болып, өмірдің ұзақтығы азаяды.

Әр адам қайталанбайды. Адам өзінің мұраға қалған сапасымен, ұмтылыстары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Белгілі бір деңгейде қоршаған орта адам, оның құндылықтарына ықпал етеді. Әрбір адам өзінің өмір сүру жолын қалыптастырады. Өмір салты – бұл адамның өмір сүруі барысында қалыптастыратын жүріс – тұрыс жүйесі.

Көптеген жағдайларда адам өзінің денсаулығының "тұтынушысы" ғана болып қалады, негізінен оның "өндіріушісі" болуы да тиіс. Денсаулықтың сақталынуы мен жақсаруы адамның тікелей өзіңе байланысты. Адам белсенді түрде әрекет етпесе, оның организміндегі нервтік-рефлекторлық байланыстар бұзылады, бұл жүрек-тамыр және т.б. дегенеративті аурулардың дамуына алып келеді (атеросклероз және т.б.)

Өкінішке орай көптеген адамдар физикалық мәдениеттің өмірдегі шешуші рөлін дұрыс бағаламайды және оны пайдаланбайды. Көптеген адамдар, әсіресе 35 жастан асқан адамдар гимнастикамен айналыспақ түгілі, жүгірмейді де. Ал қозғалыстың аздығы кәріліктің тездетілуіне алып келеді. "Комфорт максимумы, қозғалыс минимумы" – бұл еріншек адамдардың ұраны. Қозғалыс белсенділігін ұзақ уақыт шектеудің денсаулыққа зияны зор.

Аз қозғалу ішкі органдардың қызметінде ғана емес, бұлшық етке, скелетке де кері әсерін тигізеді. Мәселен, 36 апта бойы төсек тартып жататын адам, 10 жыл дұрыс өмірдегі сүйек тканінен айырылады. Кәрі адамдар мен белсенді емес өмір салтын ұстанатын адамдарда эритроциттер көлемі азайып, майдың жиналуы көбейеді. Физикалық белсенділік 70 жастағы адамды 40 жасқа дейін жасарта алады.

Физикалық салмақ адам орга­низміне жан-жақты ықпал етіп, оның қоршаған ортаның нашар жағдайларына төзімділігін ұлғайтады. Мәселен, физикалық дайындалған адамдар, дайындықсыз адамдарға қарағанда кислородтық аштыққа күшті шыдайды. Физикалық дайындалған рентгенологтарға радиация аз деңгейде ықпал етеді. Жануарларға жасалған тәжірибе, жүйелі түрде жасалған дайындықтар нашар ісіктердің болмауына алып келеді. Физикалық дайындықтар ықпалымен иммундік жүйе белсенді етіледі және қандағы холестерин көлемі азаяды, ал бұл атеросклероздың болмауына әкеледі. Иммундік жүйе организмге бөтен агенттердің енбеуіне ықпал етеді. Адамның қорғаныш жүйесін азайтатын факторлар көп, оның ішінде негізгілері: алкоголь, темекі тарту, нашақорлық, психоэмоционалды және бұлшық еттік стресс, гиподинамия және гипокинезия, ұйқының дефициті, адамдағы артық масса, дұрыс тамақтанбау, витаминдер және минералды заттар дефициті, эмоционалды жағдай.

Климат адамның көңіл-күйіне ауа-райы факторлары арқылы күшті ықпал етеді. Ауа-райы жағдайлары мынандай физикалық жағдайлар кешенін құрайды: атмосфералық қысым, ылғал, температура, атмосфераның ластану деңгейі, кислород концентрациясы, т.б.

Биологиялық ритмдер тірі организмдердегі биологиялық процестердің өзгеруі мен қарқындылық сипаты. Физиологиялық функциялардағы биологиялық нақты емес болғандықтан, «биологиялық сағаттар» деп те аталады.

 

№6-дәріс тақырыбы:ПЕРИНАТАЛЬДЫ ПСИХОЛОГИЯ, ПСИХОПАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ. ҰРЫҚТАУДЫҢ АДАМ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ЖҮКТІЛІКТІҢ АҒЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ АДАМ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУІ. ТУУДЫҢ АҒЫМЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІНІҢ АДАМ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУІ. АДАМ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЕРТЕ ПОСТНАТАЛЬДЫ КЕЗЕҢНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘСЕР ЕТУІ.

Мақсаты: Периантальды психология, психопатология және психотерапия жайлы, адамның ұрықтанудан бастап дейінгі түсініктерді анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Перинательды психология жайлы түсінік

2. Ұрықтану және туу қағидалары. Жүктіліктегі өзгерістер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Дәріс тезистері.

Прената́льды психоло́гия (ер.грек. peri — маңайдағы, лат. natalis — тууға қатысты) —

туылмаған немесе жаңа туылған нәрестенің (адам дамуының алғашқы фазасы – пренатальды және перинатальды ғылым) психикалық өмірі жайлы ғылым. Адамның алғашы кезеңдері:пренательды (антенатальды), перинатальды (антитальды), неонатальды (постнатальды) фазаларда дамуы және одан кейінгі өмірдегі қатынасы.

Пре- және перинатальды психология негізін салушы психолог, психоаналитик Густав Ханс Грабер (Dr. phil. Gustav Hans Graber). 1971 жылы Венада пренатальды психология бойынша бірінші Халықаралық зерттеу тобын қалыптастырды. 1986 жылы Бадгайстенде (Австрия) осы пренатальды психология бойынша алғаш Халықаралық конгресс өтті. Сол жерде пренатальды және перинатальды психология мен медицинаның Халықаралық ассоцияциясы құрылды (International Society for Prenatal and Perinatal Psychology and Medicine — ISPPM). ISPPM алғашқы президенті Густав Х. Грабер (Швейцария) болды.

Пре- және перинатальды психология аралас ғылым болғандықтан, оның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін теориялық ережелерді нақтылауды талап етеді. Пре- және перинатальды психология қазір төрт бағытты қарастырады.:

1. эклектическалық-дилетанттық бағыт;

2. медико-редукциондық бағыт;

3. психологиялық-редукциондық бағыт;

4. интегративті биопсихоәлеуметтік бағыт.

ДДҰ анықтауы бойынша бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның прцестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтік аманшылдықтың кезеңі.

Біз көп жағдайда бірінші кезекте әлеуметтік және дене бітімінің аманшылдығына назар аударамыз және психологиялық денсаулық туралы ұмытып кетеміз. Ал шын мәнінде психологиялық денсаулық ең маңызға ие мәселе болып табылады. Жүктілік ұрықтану сатысынан бастап анықталады. Мұндай жауапкершілігі мол қадамға алдын ала дайындалған маңызды.

Бұл ретте жасты, тұқым қуалаған және жүре пайда болған ауруларды, тамақтануды, зиянды әдеттердің болуы және басқа да факторларды ескеру қажет. Бұның барлығына жүкті болғаннан кейін емес, алдын ала назар аудару қажет. Ең бастысы жүктілік пен дүниеге келетін нәресте көптен күткен қуаныш болуы абзал, бұлар туралы отбасыларының мүшелері армандаулары қажет.

Ұрықтану кезінде әйелдің аналық безімен қатар 5 млн. жуық аталық бездер қатысады және олардың біреуі не екеуі ғана мақсатына жетеді. Өзге тілмен айтқанда әйел жеңімпазды көтеріп жүреді және оған қолайлы жағдай жасауы тиіс. Бұл тек қана әйел адамның денінің саулығы ғана емес, сонымен қатар оның психологиялық қалпы: жағымды эмоция, қанағаттану сезімі, толыққанды демалу және ұйықтау, дені сау, бақытты бала туралы көп ойлау және т.б.

Ең қызығы, анасы мен отбасының барлық мүшелері баланың дүниеге келуіне қалай дайындалса, бала да жаңа өмір көруге солай дайындалады екен: аяқтарын қозғалтады – жүруге үйренеді, қолын емеді – анасының емшегін емуге дайындалады, анасы қуанып күлсе – іштегі нәресте де күледі, анасымен бірге музыканы рахаттана тындайды және т.б.

Ғалымдар қызықты эксперимент жүргізген: белгілі бір әдіспен әлі өмірге келмеген балаларды сауаттылыққа, нақты ғылымдарға, әуенге, сурет салуға үйреткен. Дүниеге келгеннен кейін нәрестелер өздерін осы салаларда жақсы көрсете алған. Сондықтан да, ата-аналар балаларыңызды дүние есігін ашқанға дейін аялап, өз назарларыңызды бөліп сүйе біліңіздер.

Енді ұрықтануға тоқталық. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.
Ұрықтану — кері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қайтадан ұрықтанбайды. Сингамия (аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді.Жүктілік (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір клеткалы ұрықтан көп клеткалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр клеткаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады.

Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.6 апталықдаму кезеңі дамып келе жатқан адамның туылғаннан кейінгі кезде өмір сүруге қажет көптеген құрылымдар мен дағдыларды өзіне қабылдайтын дайындық уақыты болып танылады.8 апта аяқталғаннан бастап жүктіліктің соңына дейін дамып келе жатқан адамды "ұрық" деп атайды, яғни ол келе жатқан ұрпақ дегенді білдіреді. Эмбриондық кезең деп аталатын бұл кезеңде дене өседі және оның жүйелері жұмыс істей бастайды.

Адамдарда жүктілік кезеңі ұрпақтанғаннан немесе ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейін 38 аптаға созылады. Ұрпақтанғаннан кейінгі бастапқы сегіз апта ішінде дамып келе жатқан адамды эмбрион деп атайды. Ол "іштен өсуші" дегенді білдіреді. Бұл эмбриондық кезең деп аталатын мерзім дененің көптеген басты жүйелерінің қалыптасуымен сипатталады.

Пре- және перинатальды психология қазіргі жас сала. Оны жан-жақты дамыту демографиялық мәселе тұсын қамтиды, жалпы адамзат дамуын қадағалайды.

 

№7-дәріс тақырыбы:СЕКСУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. СЕКСУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ТҮСІНІГІ. СЕКСУАЛДЫЛЫҚТЫҢ САНДЫҚ НЕГІЗДЕРІ. СЕКСУАЛДЫЛЫҚТЫҢ САПАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ЕР АДАМ МЕН ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ СЕКСУАЛДЫЛЫҒЫ. ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ СЕКСУАЛДЫЛЫҚ. СЕКСУАЛДЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСПЕУІ. СЕКСУАЛДЫ ҮЙЛЕСПЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ.

 

Мақсаты: Сексуалдық денсаулық негіздерін анықтау.

Дәріс жоспары: 1.Сексуалды денсаулық түсінігі.

2. Сексуалдылықтың сандық негіздері жайлы.

3. Тұлғалық ерекшеліктер және сексуалдылық.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Дәріс тезисі:

Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру болып табылады. Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар:

· жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы;

· денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы;

· үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы;

· жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi;

· кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу;

· кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi.

Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет сипатына ие болды. Бұған бiр саяси, экономикалық жүйеден екiншiсiне көшу кезеңi, қоғамды басқарудың идеологиялық тетiктерiнiң әлсiреуi, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi, бұрыннан бар мұраттар мен моральдық қағидаттардың бұзылуы, жыныстық мiнез-құлық нормаларының өзгеруi ықпал еттi. Ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық сипатта шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалыптастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттігi туындайды. ЖҚТБ-ны қоса алғанда, ЖЖБА-ның алдын-алу, жөнсiз жүктілiк, жыныстық қылмыстар мәселелерi қоса шешілуi тиiс. Бұл бағыттағы қызмет мемлекеттiң өз азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басты басымдықтарының бiрi болып табылады.Адамгершілік-жыныстық тәрбие тұжырымдамасы жастарға бiлiм берумен байланысты мәселелердi реттеуге ықпал етуi тиiс.
Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi балалар, жасөспірiмдер және жастар болып табылады.

Ерте ме, кеш пе сізге секс және сексуалды қатынастар туралы ойлайтын уақыт келеді. Сізде ер және әйел адамдар арасындағы қатынастар туралы жаңа ой, сезім қалыптасады.

Осындай сезімдер мен ойлардан кейін қарама – қарсы жыныстағ ы адамды аймалағыңыз келетіндей ынта пайда болады және оның да сізге деген ынтасын байқайсыз. Бұл – қалыпты физиологиялық үрдіс, оны ересек болу деп атайды. Сіз өзіңіз үшін сексуалды қатынастар әлемін ашасыз. Көпшілігіңізге бұл жаңа құбылыс, ал кейбіреулері оны басынан өткізіп көрген. Осындай кезде сіз өзіңізбен және айналадағы адамдармен болып жатқан құбылыстарды қатты білгіңіз келеді. Бұл сайт сізді алаңдатып отырған сұрақтарға жауап беру үшін құрылған.

Сексуалды қатынастар – ересек адамның қалыпты өмірінің міндетті бөлігі. Оны одан зардап шегу үшін емес, қуаныш алу үшін құру керек

Сексуалды қатынастар 3 бөліктен тұрады:

Физикалық жақындық (құшақтау, сүйісу, аймалау, жыныстық қатынас).

Жан дүниелік жақындық (бір-біріне деген симпатия, жақсы көру, сенім, қолдау).

Ара-қатынастағы жақындық (қамқорлық, көмектесу, жалпы қызығушылықтары мен айналысатын істері, болашаққа жоспар құру).

Физикалық жақындықты кездейсоқ алғашқы орынға қойған жоқпыз. Жас азаматтар кейде мұны сексуалды қатынаста ең бастысы деп, қалғандары өз-өзімен шыға береді деп ойлайды. Бірақ кейбір адамдар арасындағы қатынаста бірінші романтика, сыпайылылық, назар бөлу, қамқорлық сияқты сезімдер орын алады. Ал оларға физикалық жақындық жеккөрінішті, ұятты тіпті қылмысты іс болып көрінеді. Шындығына келгенде, ер балалар көбінесе физикалық жақындыққа, ал қыздар жан дүниелік сезімдерге көңіл бөледі.

Біз бұлай дұрыс емес деп айта алмаймыз және «жақсы көру – бір-біріне емес, бір бағытта қарау» деген ұғымды қолдамаймыз. Ондай болатын болса, ісіміз тіпті оңай болып кететін еді. Көпшілік ересек адамдар, соның ішінде данышпан адамдардың ойынша физикалық жақындық өмірде кезедесетін әсем сезімдердің бірі екендігін айтады. Секс әдемі, қуанышты сезім болуы қажет. Бірақ, өкінішке орай секс кейбір жағдайда зорлықтың да себебі болуы мүмкін.

Физикалық жақындық – бұл әсем гүл сияқты. Жан дүниелік жақындық – осы гүл ашылатын бұтағы. Іс-әрекеттегі жақындық – осыларды қоректендіретін тамыры. Гүл бұтағынсыз өзінің әсемдігін жоғалтады, оны жапондық суретшілер жақсы түсінген. Тамырсыз гүл өкінішке орай ұзақ өмір сүрмейді.

Жоғарыда аталған үш жақындықтың барлығы сексуалды қатынастарда кездессе, оны гармониялықсексуалды қатынас деп атайды.

Олар өз-өздерінен, спонтанды түрде пайда болмайды. Оларды жоспарлы түрде құру керек. Ал ол үшін уақыт, ынта керек.