Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 4 страница

 

АИТВ жұқпасының зертханалық диагностикасы ең ерте және нақты диагностика болып табылады, яғни аурудың алғашқы клиникалық білгілерінің байқалуы көптеген иммун тапшылығымен қабаттасып жүретін ауруларға тән.
АИТВ жұқпасын жұқтырғандарға жүргізілетін тесттер өте жоғары сезімтал және өзгеше. Жұқтырғаннан соң 14 күн өткеннен кейін-ақ ағзадағы вирусқа қарсы денені анықтауға болады.
Тестілеу 2 этапта жүргізіледі: бірінші этапта суммарлық қарсы дене анықталады (иммуноферментті талдау - ИФТ), содан соң оң нәтиже кезінде
2-ші этап жүргізіледі – АИТВ жұқпасына арналаған спецификалық қарсы денелерді анықтау (ИБ - иммуноблотинг).
ИВТ талдаудан, АИТВ жұқтырған адаммен байланысқа түскеннен кейін 3 және 6 ай өткеннен соң өтуді ұсынады, бұл ағзаның вирустың болуын сезінуі және қарсы денелер пайда болатын кезеңіндегі уақыт.
Сондай-ақ анағұрлым дәл қымбат тұратын диагностика бар, ол – полимеразды цепті реакция (ПЦР). Ол РНК және ДНК вирусын анықтау үшін қолданылады. ПЦР «терезе кезеңіндегі» АИТВ-ның болуын немесе болмауын анықтау үшін және иммуноблот нәтижесінің анық болмауы кезінде қолданылады.
Соңғы уақытта сонымен қатар шұғыл жағдайларда қолданылатын (мысалы, өмірлік көрсеткіштер бойынша немесе босану кезіндегі операциялар кезінде) АИТВ жұқпасын диагностикалау бойынша экспресс-тесттерді қою тәжірбиеде байқалып жүр. Экпресс-тест жүргізу күрделі құрал-жабдықты және персоналдың жоғары біліктілігін талап етпейді, бірақ оның нәтижесі АИТВ-ға стандартты тестілеумен бекітілген болуы қажет.

2013 жылдың 1 тоқсанында Астана қаласында АИТВ жұқпасының 31 оқиғасы тіркелді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда АИТВ жұқпасының 3 оқиғаға артқаны байқалады. 01.04.2013 үдемелі қорытынды бойынша АИТВ жұқпасының 613 оқиғасы тіркелген.
АИТВ жұқпасы індеті Астана да ҚР-нда да осал топты тұрғындар арасында әсіресе есірткіні инемен тұтынушылар арасында шоғырланған. Ретсіз жыныстық қатынас жасайтын тұлғалар, секс қызметкерлері, бас бостандығынан айыру орындағылар да жұқтырғандардың жартысын құрады. Науқастардың ішінде ер адамдар басым. Ер адамдар мен әйелдердің арасындағы ара салмақ 1,7:1. 2013 жылдың 1 тоқсанында АИТВ-ның таралғандығы 20-39 (61,3%) жас аралығында байқалады. Соңғы жылдары айырықша ерекшелік АИТВ жұқпасының жыныстық жолмен берілу үлесінің артуы. Жыныстық жолмен берілу үлесі 45,2%-ды құрайды және 27% есеге парентальдық (көк тамырға есірткі жіберу) жолмен берілуден асып түсті. Бұл індетті жағдайға жыныстық серіктестері нашақор, АИТВ-ға оң нәтижелі және ретсіз жыныстық қатынасқа баратын тұлғалар болып табылатын әйелдердің тартылуына байланысты. Науқастардың жалпы санын жұмыс істемейтін тұлғалар 50%-ды құрады. Донорлар мен жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасын тіркеу жалғасуда. Яғни, 2013 жылдың 1 тоқсанында жұқтыру жыныстық жолмен болған АИТВ-ға оң нәтижелі 2 донор анықталды. Олар өмір бойы донорлықтан шеттетілді. Тексерілген жүкті әйелдердің арасында 1 АИТВ оқиғасы тіркелді. Әйелдер жүктілік бойынша есепке тұру кезінде анықталды. Әйелдер өздерінің олардың статусы туралы білгесіз АИТВ жұқтырған серіктестерінен жұқтырған.
Астана қаласында індетті жағдайға миграциялық процес айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. 2013 жылдың 1 тоқсанында тіркелген АИТВ жұқтырғандар арасында Астана қаласына тұрақты немесе уақытша тұруға келген шет ел азаматтары, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден келгендер 9,7%-ды құрады.

Заманауи медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді – ғылымның жетістігі «АИТВ жұқпасының» өлімге апаратын ауру болуын тоқтатып, созылмалы аурулардың қатарына өтуіне мүмкіндік жасады. АИТВ/ЖИТС-ты емдеу кешенді мақсатты яғни ағзадағы вирустар санын азайтуды, вирустың көбеюін тоқтатуды, иммундық қызметті сақтау мен қалпына келтіруді және иммун тапшылығының салдарынан туындаған оппортунистік инфекциялардан сақтап қалуды немесе емдеуді көздейді. Уақытылы және дұрыс тағайындалған емдеу АИТВ жұқпасы бар пациенттің денсаулығын сақтап қалуға және өмірін біраз жасқа ұзартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ретровирусқа қарсы терапияны пайдалану арқылы тиімді емдеу бар. Бұндай емдеудің мақсаты – вирустың дамыуынан сақтау және өмірге қауіпті аурудың одан әрі дамуына жол бермей, иммунинтеттің түсуін болдырмау. Емделудің ұзақтығы көбіне өмірлік. Аурудың сатысына байланысты және зерттеулер қатарынан (ағзадағы вирустық жүктілікті, иммуннограмманы және т.б-ды анықтау) кейін ауру барысындағы басқа да ерекшеліктеріне қарай дәрігер инфекционист ем тағайындайды.
Дәріні қабылдау тәртібін сақтамау дәрі-дәрімекке резистенттілік (тұрақтылық) дағдысына әкелуі мүмкін. Бұдан басқа ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектерді қабылдау кезінде жанама әсерлері болуы мүмкін. Дәрілердің дұрыс комбинациясын маман таңдағаны жөн.
Дәрі-дәрімектер әсерінің нәтижесі яғни терапияның бірінші ай кезеңінде вирустық жүктеме күрт төмендейді және анықталмайтын болады. Терапияны ұзақ қабылдау кезінде иммундық статус артады - CD-4-лимфоциттер саны қалпына келіп, ал қандағы вирус саны көбеймейді.

АИТВ жұқпасы - адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) нервтік тіндерінің лимфоциттарында, макрофагаларында және жасушаларында көп жылдық айналымы нәтижесінде дамитын, иммундық жүйенің баяу дамитын ақаулықтырын сипаттайтын, ауруды жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) деп жазылған екінші жеңіліске ұшыратудан өлімге апаратын инфекциялық ауру.
Біздің елімізде ВОЗ клиникалық топтастыру қызмет етеді, 2006 жылғы нұсқа, Қазақстанның жағдайына бейімделген, иммун тапшылығының көрінуіне байланысты оппортунистикалық инфекциялар мен басқа екінші қайтара ауруларды тіркеуге негізделген:

Өткір фазаның алғашқы пайда болу сатысында клиникалық белгілерінің нақты болмауы аз кездеспейді, бірақ 30-50% жұқтырғандарда АИТВ жұқпасының қауіпті белгілері пайда болады («өткір ретровирустық синдромы», көбіне жиі байқалатын «моноуклезтәрізді», саңырауқұлақ тәрізді» немесе «экзаментозды» түріндегі аурулар.
Бұндай жағдайда өткір безгек фаза ауруында: безгекпен (96%), лимфаденопатиямен ( 74%), беттегі, денедегі кейде аяқтардағы эритематозды және макулопапулезді бөртпе ( 70%), миалгия немесе артралгия ( 54%) қоса жүреді.
Мынандай диарея, бас ауруы, жүрек айну және құсу, бауыр мен өттің үлкеюі сирек кездеседі. Неврологиялық белгілер шамамен 12% ауруда кездеседі және қатерсіз менинго-энцефалит немесе асептикалық менингитпен сипатталады. Өткір безгек фазасының ұзақтығы 1-3 апта.
Қауіпті АИТВ жұқпасы тұмаудың, инфекциялық мононуклеза және басқа да таралған инфекциялардың белгілеріне ұқсауы салдарынан көбіне анықталмай қалады. Бұдан басқа аурудың көбінде ол белгісіз өтеді. Қауіпті АИТВ жұқпасының диагнозын анықтау үшін мақсатты түрде РНК АИТВ-ны полимеразды цепті реакциямен немесе р24 қарсы геннің көмегімен анықтау қажет. АИТВ-ға қарсы денелер бұл кезеңде анықталмауы мүмкін, олар жұқтырғаннан кейін 1-3 ай өткен соң ғана пайда болады.
Қауіпті АИТВ жұқпасы әдетте белгісіздікке өтеді. Келесі кезең басталады белгісі жоқ фаза, бірнеше жылға жалғасатын (1 ден 8 жылға дейін, кейде одан артық), адам денін сау сезінеді, инфекция көзі бола отырып, әдеттегідей өмір сүреді. Қауіпті инфекциядан соң персистерленген бас лимфаденопатия сатысы басталып, ауру ЖИТС сатысына дейін өтеді.
ПГЛ лимфатүйіндердің екі және одан да көп топтарда 3 айдан кем емес сақталып, ұлғаюымен (үлкен адамдардағы шаттағы лимфатүйіндерді қоспағанда) сипатталады.
Сонымен бірге лимфатүйіндер үлкен адамдарда диаметрі 1 см және балаларда 0,5 см-ге дейін жетеді. Ең жиі өсетін мойын, желке, қолтық асты лимфатүйіндері. Олар ауырмайды, жұмсақ, тінмен байланыспаған, оның үстіндегі тері өзгермеген. ПГЛ сатысы айтарлықтай ұзақ 5-8 жылға дейін созылады, осы уақыт аралығында лимфатүйіндер кішірейіп және қайтадан ұлғаюы мүмкін. Осы кезеңде С04-лимфоциттердің ақырындап, орташа жылдамдығы жылына 1 мм3 50-70 клеткаға төмендеуі байқалады. Белгісі жоқ инфекция сатысында және ПГЛ пациенттер әдетте дәрігерге қаралмайды, кездейсоқ тексерілу кезінде анықталады.
Осы сатылардың соңынан жалпы ұзақтығы 2-3-тен 10-15 жылға дейін түрленуі мүмкін, басында жағымды өтетін және қарапайым терапевті құралдармен тоқтатылатын түрлі инфекциялармен сипатталатын вирустық, бактериялық, табиғи саңырауқұлақты екінші аурулардың сатысы басталады (АИТВ жұқпасының созылмалы клиникалық манифестирленген фазасы). Жоғары тыныс жолдарының екінші қайтара ауруы туындайды - отит, синусит, трахеобронхит және т.б.,терінің үстіңгі бетінің бұзылуы – қайталана беретін қарапайым ұшықтың оқшауланған терінің шырышты формасы, қайталанбалы құрсау ұшық, шырышты қабаттың кандидозы, дерматомикоз, себорея (терідегі майбездер майды нормадан артық шығаруынан болатын терінің патологиялық өзгерістері) және т.б.
Осыдан кейін бұл өзгерістер едәуір терең бола бастайды, берік, созылған сипатқа ие болып, стандарттық емдеу тәсілдеріне әсер етпейді. Адам жүдей бастайды, дене салмағын жоғалту 10%-ға дейін жетіп, тынышы кетіп, түнде терлеу, диарея пайда бола болады.
Үдемелі иммуносупрессияның аясында адамның дұрыс қызмет істейтін иммундық жүйесінде кездеспейтін аурудың ауыр үдемелі түрлері дамиды.
Бұл ауруларды ВОЗ ЖИТС-маркерлі, ЖИТС-индикаторлы ретінде анықтаған.


АИТВ жұқпасының зертханалық диагностикасы ең ерте және нақты диагностика болып табылады, яғни аурудың алғашқы клиникалық білгілерінің байқалуы көптеген иммун тапшылығымен қабаттасып жүретін ауруларға тән.
АИТВ жұқпасын жұқтырғандарға жүргізілетін тесттер өте жоғары сезімтал және өзгеше. Жұқтырғаннан соң 14 күн өткеннен кейін-ақ ағзадағы вирусқа қарсы денені анықтауға болады.
Тестілеу 2 этапта жүргізіледі: бірінші этапта суммарлық қарсы дене анықталады (иммуноферментті талдау - ИФТ), содан соң оң нәтиже кезінде
2-ші этап жүргізіледі – АИТВ жұқпасына арналаған спецификалық қарсы денелерді анықтау (ИБ - иммуноблотинг).
ИВТ талдаудан, АИТВ жұқтырған адаммен байланысқа түскеннен кейін 3 және 6 ай өткеннен соң өтуді ұсынады, бұл ағзаның вирустың болуын сезінуі және қарсы денелер пайда болатын кезеңіндегі уақыт.
Сондай-ақ анағұрлым дәл қымбат тұратын диагностика бар, ол – полимеразды цепті реакция (ПЦР). Ол РНК және ДНК вирусын анықтау үшін қолданылады. ПЦР «терезе кезеңіндегі» АИТВ-ның болуын немесе болмауын анықтау үшін және иммуноблот нәтижесінің анық болмауы кезінде қолданылады.
Соңғы уақытта сонымен қатар шұғыл жағдайларда қолданылатын (мысалы, өмірлік көрсеткіштер бойынша немесе босану кезіндегі операциялар кезінде) АИТВ жұқпасын диагностикалау бойынша экспресс-тесттерді қою тәжірбиеде байқалып жүр. Экпресс-тест жүргізу күрделі құрал-жабдықты және персоналдың жоғары біліктілігін талап етпейді, бірақ оның нәтижесі АИТВ-ға стандартты тестілеумен бекітілген болуы қажет.

ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметі АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу, диагностикалау және емдеуді ұйымдастыруға бағытталған. Астана қаласында ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы 1996 жылы ашылды. ЖИТС орталығы – бұл жақсы материалды-техникалық базасы, автоматтандырылған жаңа медициналық құрал-жабдықтары бар заманауи медициналық ұйым, сондай-ақ орталық білікті кадрлармен жасақталған.
Біздің мекеме негізі қаланған күннен бастап, АИТВ/ЖИТС саласындағы халықаралық саясатты ұстанады, бірінші кезекте пациенттерге уақытылы және білікті медициналық көмек көрсетуге бағытталған принциптерді басшылыққа алады.

Борыш:
АИТВ жұқпасы науқастылығын тұрақтандыру. АИТВ жұқпасының бастапқы сатыға өтуіне жол бермей, шоғырланған сатыда ұстау. АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және өлім-жітімді төмендету.
Негізгі функциялары:
- АИТВ жұқпасының алдын алу, диагностикалау, АИТВ жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратындарды емдеу мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және үйлестіру;
-ҚР Әділет министрлігі, ҚР Қорғаныс мнистрлігі, ҚР ІІМ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу орындары және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстваларының медициналық қызметтеріне кеңестік, практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
-АИТВ жұқпасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау басқармасы органдарымен, түрлі ведомствалар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп алдын алу бағдарламаларын әзірлеу;
-АИТВ-ға осал топты тұрғындар тобы үшін алдын алу бағдарламаларының мониторингі және тиімділігін бағалау;
-АИТВ жұқпасының таралу жолдары мен жұқтыруды алдын ала ескерту әдістері туралы халықты ақпараттандыру, түрлі ведомствалардың мамандарын, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының педагогтары мен оқушыларын оқытуды ұйымдастыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізу, ақпараттық-білім беру материалдарын шығару және тарату;
-АИТВ жұқпасының аурухана ішілік берілуін болдырмау бойынша медицина ұйымдарымен өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау;
-АИТВ жұқпасы науқастылығы мен таралу оқиғасына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық ахуалды талдау және бағалау, АИТВ жұқпасын алдын ала ескертуге және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу;
-АИТВ жұқпасының бар болуына тұрғындарға медициналық зертеу жүргізуді ұйымдастыру;
-АИТВ жұқтырғандарды диспансерлік қадағалау.

Жағымсыз әдеттер адамдар денсаулығына, әлеуметтік ортасына кері әсер ететін індет деп айтсада болады. Халық арасында наркомания, алкоголизм, темекі тарту сияқты проблемалар жетерлік. Ол тек қана физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен психикалық денсаулыққа тікелей әсер етеді.

Наркологиялық ауруларға ұшыраған адамдар тобымен топтық және даралық әлеуметтік тренинг, әлеуметтік және коммуникативтік өзін-өзі реттеу тәсілдерінің тренингі оларды әлеуметтік берекелі немесе қалыпты ортаға енгізу. Наркологиялық аурулардың отбасы мүшелерімен олардың жақын ортасы, ұзақ мерзімді және шиеленіскен психотравамалаушы жағдаймен байланысқан медициналық мәселелері бар болумен ерекшеленетін топты құрайды. Медициналық көмекке деген қажеттілік мерзімді түрде қақтығыстар күшейген кезде, фрустрациялық шыңға жеткенде, аурулардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жанұялылықтан қорына байланысты бұл көмекті ұйымдастыру қиынға соғады. Нақты наркологиялық мәселелер отбасылық ішімдікке салыну, оның ішінде сондай-ақ өзара тәуелділік феномені шегінде туындайды. Әлеуметтік дезадаптация ауру отбасы мүшелерінің жүріс-тұрыс дезадаптациясының ауырлығымен, сондай-ақ жеке тұлғалық және микроәлеуметтік мәселелерге де негізделеді. Құқықтық мәселелер ауру отбасы мүшелерінің дұрыс емес жүріс-тұрысына байланысты ситуацияға деген адекваттық емес өз реакцияларына өзара тәуелділік шегіндегі жүріс-тұрыстың бұзылуымен немесе наркологиялық патологияның қалыптасуына байланысты туындауы мүмкін. Осы топпен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері ауру отбасы мүшелерінің адекваттық емес жүріс-тұрысының мақсаттық профилактикасы. Оның отбасы мүшелерінің және жақын ортасының психикалық және соматикалық статусының декоменцациясын дамыту, арнаулы қызмет көрсету орталықтарын әлеуметтік мәселелерінің бар екендігін хабарлау. Наркологиялық және тұлғалық әлеуметтік статусты активизациялау мақсатында басқа да көмек түрлерін ұйымдастыру. Әлеуметтік сауықтыруға бағытталған шараларға коммуникативтік, әлеуметтік-психологиялық тренинг, өзін-өзі қадағалау техникасы, отбасылық психотерапия тұтастай отбасының және оның жекеленген мүшелерінің әлеуметтік статусын бағалау, потенциалдық мәселелерді анықтау, әлеуметтік қалыпты қарым-қатынас ортасына тарту және т.б. Наркологиялық саланың ұзық мерзімді және жиі ауыратын пациенттерінің тобына негізгі аурудың ауырлығына оның күрделенуімен салдарына медициналық мәселелер тән. Ауруға деген патологиялық бейімделудің болуы сирек емес. Айқын байқалатын терапевтк бағыттың болмауы. Екінші ретті өсіп отыратын әлеуметтік дезадаптация мен жақын әлеуметтік микроортаға тәуелділік, сондай-ақ наркологиялық, патологияның күшімен және емдеуге тартудан құқықтық мәселелер туындайды. Клиенттердің осы тобымен медико-әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері: тиімді жағдайлардағы арнаулы ұзақ мерзімді емделудің қамтамасыз етілуіне ықпал ету. Еңбекке қабілеттілік, мүгедектілікті анықтау мәселесін шешу, отбасылық кеңес пен отбасылық психотерапия потенциалдық мәселелерді айқындау және олардың алдын-алу. Жұмысқа терапевтік қауымдастықтардың қалыптасуына ықпал ету. Айқын байқалатын әлеуметтік мәселелері бар наркологиялық саланың ауруларының тобымен әлеуметтік жұмыс. Мамандар наркологиялық бұзылулардың ауырлығын, яғни тұлғалық психикалық ауытқулармен қарама-қарсы бағыттарымен қатар жүретін бұзылуларды анықтайды. Бір немесе бірнеше әлеуметтік қызмет ету фазаларындағы әлеуметтік дезадаптацияны таңдайды. Криминалдық анамнез өткеніндегі мәжбүрлік емделуден өту және өзекті құқықтық мәселелерін талдайды. Клиенттердің бұл тобымен медико-әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі ауруды қоршаған қолайсыз контингентті анықтау және оны сауықтыру, тұлғалық бағытталынған психотерапия, психикалық жағдайларды наркологиялық емдеу мен оңалтуды өткізуге ықпал ету. Әлеуметтік статусты кешендік бағалау және потенциалдық мәселелердің алдын-алу, аурудың өз потенциалы арқылы материалдық мәселелерді шешуіне ықпал ету. Заңгерлік кеңес берумен қатар жүретін құқықтық көмек қоғамға қауіпті әрекеттердің алдын-алуға құқық қорғау органдары мен өзара әрекеттесуге және т.б.-ларға бағытталған. Өзіндік ерекше топ құрайтын мүгедектер. Мұнда мүгедектілік наркологиялық саладағы ауру негізіне байланысты емес оның ауырлауымен және қатар жүретін аурулармен анықталады. Бұл психоактивтік заттарға тәуелділікті анықтау критериінің болмауымен түсіндіріледі. Аурулардың бұл тобына сол немес қандай да деңгейде қабілеттіліктің жоғалуымен қатар жүретін ауру және әр алуан патологиялардың болуы тән. Осыған байланысты олар үнемі емдеу мен медициналық бақылауды қажет етеді. Тұлғаның деградациясы, интеллектуалдық деңгейінің төмендеуі, ауруға патологиялық бейімделу, психоактивтік заттарға өте күшті психикалық тәуелділік, психологиялық мәселелердің тууына негіз болады. Әдетте мүгедеектердің әлеуметтік дезадаптациясы көптеген аумақта байқалады. Микроәлеуметтік отбасылық және әлеуметтік қорғауға деген қажеттілік. Кейбір пациенттерде криминалдық анамнез немесе құқықтық мәселелер бар. Экономикалық тәуелділік және материалдық мұқтаждықтан аталған мәселелер аурулардың осы тобымен медико-әлеуметтік жұмыстың бағытын анықтайды. Наркологиялық саланың ауруымен, яғни мүгедектіліктің себебі болатын ауруға байланысты көмек алуға ықпал ету, аурудың рецидиві мен срывтарыныңалдын-алу шаралары медико-әлеуметтік экспертизадан өтуіне ықпал ету. Отбасылық кеңес беру мен отбасылық терапия қолайлы әлеуметтік микроортаны қамтамасыз ету, еңбекке орналасу мәселесін шешу, еңбек тәртібі. Зейнетақы алуына, әлеуметтік жәрдем мен төлемақы алуына ықпал ету. Тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал ету мұндайц ауруларды арнаулы жатақханаларға немесе интернаттарға орналастыру. Мұндай клиенттерге құқықтық көмек түрлері. Бұл қабілетсіздікті анықтау. Мүмкін болатын қамқоршылық көрсету. Ата-аналық қызметтерін жүзеге асыруларына ықпал ету. Қажет болған жағдайда әкімшілік қадағалаудың режимін сақтау. Наркологиялық аурулармен медико-әлеуметтік жұмыс технологиясы профилактикалық емдік және арнаулы бағдарламалардын тұрады. Профилактикалық бағдарламалар ішімдік пен нашаны қолданудың және оларға салынудың алдын-алуға, сондай-ақ ауытқушы жүріс-тұрыстың кез-келген түрінің алдын-алуға бағытталған. Осы бағыттағы мақсаттық ықпал объектісі негізінен балалар мен жасөспірімдер және психоактивтік заттарға елігуі жоғары тәуекел топтары кіреді. Тәуекел тобына жататындар тұқым қуалаушылық. Қолайсыз дизфункционалдық отбасыларда тәрбиеленушілер, ішімдікке салынған немесе алкоголизм, наркоманиямен ауыратын жандары бар отбасыларда тәрбиеленушілер, сондай-ақ интеллектісі төмен тұлғалық және әлеуметтік дамуында артта қалушылар. Мұндай тәуекел тобымен жұмыс оқу орындарында арнаулы мекемелерде және т.б. орындарда өткізіледі. Емдік бағдарламалар сол немесе басқа наркологиялық мәселелері бар ауруларды ертерек анықтауға және емдеуге бағыттауды көздейді. Мұнда негізгі орын алатын мақсаты ауруларға емдік көмек беру оларды сау тәртіпте ұстау немесе наркотиктерді қабылдаудан бас тартқызу болып табылатын терапевтік бағдарламалар, ІІ және ІІІ ретті профилактикаларды өткізу алады. Отбасы мүшелерінің клиенттің жақын ортасына әлеуметтік-психологиялық көмекті жүзеге асыратын бағдарламалардың маңызы аз емес. Олардың бұл бағдарламалар жұмыс орнындағы көмектер. Арнаулы бағдарламалар терапевтік бағдарламалармен үздіксіз байланысқан наркологиялық ауруларды оңалтуды реадаптациялау.