Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 5 страница

 

№11-тақырыбы:ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПОЗИТИВТІ КРИЗИСТІК ТЕОРИЯСЫ. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ӨМІРЛІК КҮЙЗЕЛІСТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУІ. ТОЛҒАНЫСТЫ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ АНЫҚТАУ. ӨМІР СҮРУДІҢ ЭКСТРИМАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛЕ АЛМАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ. ТОЛҒАНДЫРУШЫ ПСИХОТЕРАПИЯ. ТОЛҒАНДЫРУШЫ ТЕРАПИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПТУАЛДЫ ЕРЕЖЕСІ. ТОЛҒАНДЫРУШЫ ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕҢБЕРІ. (АНАНЬЕВ В.А. НИКИФОРОВ Г.С.)

Мақсаты Күйзелістің денсаулыққа әсерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1.Күйзелістің жалпы көрінісі

2. Бейімделу адамның қажетті нысаны

3. Күйзеліспен күресу

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: күйзеліс, депрессия. әлеуметтік орта, тұлғалық ерекшелік, күйзеліске тұрақтылық.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Белгілері:-Ашуланшақтық.Ұйқысыздық.Енжарлық. Бұл неден болады?
Мамандар адамды қатты эмоционалды толқуларға ұшырататын кез келген жағдай күйзелістің пайда болуына себеп болуы мүмкін деп есептейді, Күйзеліс баланың дүниеге келуі, күйеуге шығу (үйлену) сияқты оң эмоцияларды, сол сияқты баланың қаза болуы, жақын адамның қайтыс болуы сияқты кері эмоцияларды тудыруы мүмкін екендігін есепке алу қажет. Күйзеліске ықпал ететін жағдай болар-болмас сипатта да болуы мүмкін (көп уақыт кезек күту немесе жолда кідіріп қалу). Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін.
Күйзеліс – ауру емес, бұл қорғаныс механизмі, бірақ мұндай қорғаныс тұрақты болса, онда адам ауруларға осал болып келеді.
Жалпы күйзеліс әр адамға қажет, олай болмаса ол талапсыз адам болады. Күйзеліс – бұл өзіндік энергия көзі. Бастысы оның ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Адам ағзасының жауы – ұзаққа созылған күйзеліс. Ол орасан – шамамен 90%. Ұзақ күйзеліс ағзаның қорғаныс қабілетін азайтады, қант диабетінің, ісіктің, туберкулездің даму қаупін арттырады, егер әйел жүкті болса, оның ішіндегі балаға зиян тиеді, яғни барлық зардаптарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Барлық мәселе мынада, ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағза адреналин мен энкефалинді шығармайды, сол үшін С және В витаминдерінің, цинктің, магний мен басқа да минералдардың запастарын асыра жұмсайды. Бұл өз кезегінде нервті жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді, ақыл-ой және дене белсенділігін төмендетеді.

Бейімделу (лат. adaptare — бейімделу)— ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальтпсихология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуібиологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік — индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.

Бейімделушіліктің түрлері:
1. Бүркеніш (жасырушы) рең.
2. Сақтандырушы рең.
3. Қызықтырушы рең.
4. Қауіп төндіруші рең.
5. Еліктеуші рең (мимикрия).
6. Түйсік-сезімдік бейімделу.
7. Ұрпағына қамқорлық.
8. Физиологиялық бейімделу.

Жеке тұлғаның әлеуметтік-психикалық дезадаптациясы бір жағынан өз қажеттіліктері мен талаптарына бейімделу қабілетсіздігінен көрінсе, екінші жағынан әлеуметтік ортаның талап және күтілімдерін орындауға күй болмаған кезде байқалады.

Ересектің пікірі бойынша әлеуметтік-психикалық дезадаптация тұлғааралық негативизм және конфликтілерде көрініс табады. Талаптарды орындап, үміттерді ақтайтын тыңдайтын бала тыңдамайтын балаға қарағанда, «қауіп тобына» жатқызу ықтималдылығы төмен. Басқа жағынан жеке тұлға адаптивті болуы үшін адаптивсіз белсенділік көрсетуі керек.

Жеке тұлғаның әлеуметтену проблемасы әлеуметтік-психикалық дезадаптация проблемасымен тығыз байланысты. О.И.Зотова, И.К.Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және И.К.Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және дезадаптацияланған болуы мүмкін. Яғни авторлар толық әлеуметтенуге жету үшін әлеуметтік-психикалық бейімделуді қарастыру керек деп санаған.

Ал А.А.Налчаджян керісінше адамның бейімделе алмаушылығы әлеуметтену дәрежесінің тым жоғары болу салдары деп санайды.

Жеке тұлға біруақытта бірнеше топтың мүшесі бола алады, біріне жақсы бейімделсе, екіншісіне бейімделе алмайды. Жасөспірімдік субмәдениеттің ережелері мен құндылықтарын қабылдай отырып, жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және ата-аналар тарапынан ересектердің ереже, талаптарын орындауына байланысты дезадаптивті тұлға деп қарастырылады. Мысал ретінде психологияда танымал болып табылатын Розенталь эффектісін еске түсіруге болады. Бұдан отыз жыл бұрын Розенталь бір топ оқушыларға интеллектінің дамуы бойынша эксперимент жүргізген болатын[50].

Бұл эксперименттік мәліметтерді өңдемей-ақ, ерікті түрде бірнеше фамилияны таңдап алып, мұғалімдеріне бұл балаларда интеллектуалды даму үшін ең жоғары потенциал бар деп айтады. Бір жылдан кейін алынған мәліметтердің өңдеуімен бірге зерттеу қайталанады, нәтижесінде таңдалған балалардың нәтижелері ең жоғары болып шықты. Мұғалімдердің оқушылардың потенциалды мүмкіндіктері жайлы білуі оларға деген қатынасты өзгертіп жіберді.

Ал бала үшін мәнді болып табылатын ересек қатынасының өзгеруі баланың өзін-өзі бағалауының өзгеруіне, өз-өзіне сенімділіктің пайда болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның бейімделу процесі және бейімделу белсенділігінің көрінісін құру үшін әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның деңгейлерін айыра алу маңызды болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі әрқашан да оның әлеуметтік-психикалық бейімделуін қамтамасыз етпейді деген ойды алға тарта отырып, А.А.Налчаджян әлеуметтенудің екі түрін ажыратады:

1. бейімдейтін әлеуметтену

2. бейімдемейтін әлеуметтену

бұны негізге ала отырып, әлеуметтік-психикалық бейімделмеген жеке тұлғаның келесідей классификациясын ұсынды.

1. Қалыпты бейімделу – құрылымындағы патологиялық өзгерістері жоқ проблемдік жағдайдағы жеке тұлғадағы тұрақты бейімділік. Жеке тұлғаның белсенділігі бұзылыссыз болады (А.А.Налчаджян).

 

Қорғаныстық қалыпты бейімделу Танымал қорғаныстық механизмінің көмегімен жүзеге асырылады (агрессия, рацилнализция, проекция, регрессия, сублимация және т.б.)
Қорғаныссыз қалыпты бейімделу Жеке тұлғадан рационалды шешімді қабылдауды талап ететін фрустрацияға әкеп соқпайтын проблемдік жағдайларда көрінеді. Мақсат болжастыруды пайдаланумен адаптивті қорғаныссыз комплекстердің көмегімен жүзеге асырылады.
Аралас қалыпты бейімделу әлеуметтік рольдермен байланысты қорғаныссыз адаптивті танымдық және эмоционалды-еріктік процестерді тудыратын факторларды және жеке тұлғадағы қорғаныстық механизмдердің өзектілігін арттыратын фрустрациялық жағдайларда жүзеге асады.

1. Девиантты бейімделу – берілген топ немесе әлеуметтік ортадағы жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Конформистік бейімделу Топ мүшелері үшін әдеттен тыс әдіс және топішілік проблемдік жағдайларды жеңу, оның салдарында топ ержелерімен байланысты конфликтілік қатынастар пайда болады.
Новаторлық (шығармашылық) бейімделу Адам іс-әрекетінің және рольдерді орындаудың бір түрі. Оның барысында және нәтижесінде жеке тұлға жаңа құндылықтарды өндіреді, жаңалықтар енгізеді.

1. Патологиялық бейімделу - әрекет-қылықтың патологиялық механизмдері мен формаларының көмегімен жүзеге асырылып, психо-невротикалық синдрмдық құрамына енетін мінездің патологиялық комплекстерінің түзілуіне әкеп соғады (И.Калайков).

Бұдан басқа жағдайға бейімделуге байланысты А.А.Налчаджян жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделудің енді екі түрін келтіреді:

1. проблемдік жағдайды өзгертіп жою жолдары арқылы бейімделу (әлеуметтік жағдайды қайта құру жеке тұлғаның адаптивті ресурстары мен механизмдерінің жиналуы);

2. жағдайды сақтай отырып бейімделу (өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасамайтын терең жеке тұлғалық өзгерістермен байланысты) [45].

Оқушылардың жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуындағы өзгерістерді бақылау, оқу-тәрбие процесін қадағалау психолог қызметінің сферасына қатысты. Психологтың міндеті – жеке тұлғаның бейімделуінің басты факторлары ретінде өз-өзіне сенімділікті дамыту, оған жағдай жасау.

Қазіргі білім беру жүйесінің тенденциясын ескере отырып психолог қызметінің негізгі принципі жеткіншектік шақта мәнді болып табылатын құндылықтарға бағдар беруге негізделелетінін айта кеткен жөн.

Аддиктивті әрекет-қылықты делинквентті әрекет-қылықпен (қылмыстық жауапкершілікке тартылуға апармайтын ұсақ құқық бұзылушылықтарды жасау) бірге ауытқушы немесе девиантты әрекет-қылыққа жатқызады.

Девиантты әрекет-қылық индивидтің берілген қоғамда қалыптасқан немесе ресми қабылданған күтілімдер мен ережелерге сәйкес келмейтін әрекеттер жиыны (В.Каган).

Девианттылықты талдауға мүмкіндік беретін критерийлер бұл баланы қоршаған ортаның ережелері мен күтілімдері.

И.С.Кон бойынша девиантты әрекет-қылық әртүрлі формада кездесекнімен, олар өзара байланысты деп қарастырылады. Аддиктивті әрекет-қылық өлі табиғат обьектілерінен тәуелді болу дегенді білдіреді. Аддиктивті әрекет-қылықтың негізгі түрлері психо-активті заттардан (шай, кофе, алкоголь, шылым, наркотик), Интернет-тәуелділік, деструктивтік культтерден тәуелділік[46].

Өз-өзіне қалай көмек көрсетуге болады?
Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.
Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.
Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.
Бірінші қағида: Барынша өз-өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол-аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.
Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс-қимыл сізді ашуланудан арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл-күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай-ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.
Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді.Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.
Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл-күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз.

Бастысы — есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өз-өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз. Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:
1. Өз-өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден-бір тәсілі)
2. Аутогенді жаттығу
3. Жеке күнделік бастау
4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)
5. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.
6. Дем алу жаттығулары
7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)
8. Секс
9. Күлкі
10. Биологиялық кері байланыc
11. Музыкалық терапия
12. Жаяу серуендеу
13. Бау-бақшадағы жұмыс
14. Тайм -Менеджмент немесе жеке уақытын басқару
15. Жақсы көретін музыканы тыңдау
16. Дұрыс тамақтану
17. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену
18. Ароматерапия
19.Кофені және кофеині бар сусындарды ішуді азайту
20. Алкогольді шектеп ішу (асыра ішпеңіз!)
21. Көк чай
22. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру

Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзеліс маманға қаралк керек етеді.

Толғандырушы психотерапияның құрылымдық шеңберін Ананьев В.А. пен Никифоров Г.С. анықтады.

 

№12-дәріс тақырыбы:КӘСІБИ ЖАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕҢУ РЕСУРСТАРЫ. ЖАНУ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ЖАНУ, ЖАН АЗЫҒЫН ЖОҒАЛТУ ЖӘНЕ ТҰЛҒА ДЕНСАУЛЫҒЫ. СТРЕССКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ. ЖАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕСУРСТАРЫ. ЖЕҢУШІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ҮЛГІСІ СТРЕССКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ РЕСУРСЫ РЕТІНДІ. ЖЕҢУ РЕСУРСТАРЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ. ЖАНУ ЖӘНЕ РЕСУРСТАРДЫ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ ТЕОРИЯЛАРЫ. ЖЕКЕ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАНУМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ.

 

Мақсаты:Кәсіби жану, оның алдын-алу, себептерін және стресс жайлы түсініктерді қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Кәсіби жану және оның алдын алу

2. Стресске тұрақтылықтың ресурстары

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
2. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы - 1981

3.Өмір өзегі денсаулық ұзақ ғұмыр кепілі. Өмір туралы ғылымдар орталығы. Назарбаев Университеті 2011.

Дәріс тезисі:

Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), алрадиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді. Мамандықтарға санитарлық сипаттама беру үлгісі мөлшермен алғанда төмендегідей сұрақтардан тұрады:

1. Өндірістің және жеке мамандықтың аталуы;

2. Жұмыс процессін және жеке операцияларды бейнелеп жазылуы;

3. Материалдардың, құрал-жабдықтардың, саймандардың сипаттамасы;

4. Жұмыс кезіндегі жұмысшының дене тұлғасының сипаттамасы (отырып, түрегеп тұрып, амалсыздан біржақты ұстау ...) статикалық жүктеме және бірыңғай монотондылық бар ма (ұзақтығы қандай);