Дәрістің тақырыптық жоспары

Пән: Биологиялық химия

 

Пән коды: BH - 3204

 

Мамандық: 5В110300 «Фармация»

 

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 180 сағат (4 кредит)

 

Курсы және оқу семестрі: 3, V- VI

 

2016-2017 ж.

Силлабус биохимия, биология және микробиология кафедрасында биологиялық химия пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

 

Кафедра мәжілісінде қаралды және талқыланды, хаттама № . . 2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к.: Бурабаев А.А.

 

 

7. Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты-жөні Дәрежесі Ғылыми бағыты Жетістіктері
1. Юлдашев А.Ю. Профессор «Фосфорорганические соединения в медицине» 102 ғылыми басылым Денсаулық сақтау үздігі
2. Кенжебеков П.К. Профессор «Исследование химического состава летучих арома-образующих соединений в некоторых мясных продуктах», 42 ғылыми басылым, 1 оқу құралы Денсаулық сақтау үздігі, 1 оқулықтың авторы  
3. Аблаева З.Ю. И.о. профессор «Микроэлементоздар», 45 ғылыми басылым  
4. Мамбеткулова К.К. доцент м.а. «Биохимические особенности и маркирование ценных признаков различных популяций солодки уральской Юго-Востока Казахстана» 18 ғылыми басылым  
5. Ордабекова А.Б. аға оқытушы «Бауырдың улы зақымдануын және тотығу процесстерін сантовитпен қалпына келтіру (коррекциялау)» 23 ғылыми басылым, 1 оқу-әдістемелік құралы  
6. Асилбекова Г.К. аға оқытушы «Микроэлементоздар» 11 ғылыми басылым, 1 оқу-әдістемелік құралы  

8. Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан жері: Әл Фараби алаңы 1, бас оқу ғимараты, 4-қабат, (407 , 411, 413, 411а ауд.) сымт. 408222 (132).

Биологиялық химия пәнінен зертханалық сабақтар арнайы зертханалық приборлар және құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен жабдықталған ОҚМФА-сының клиникалық зертханалық орталығының биохимиялық зертханасында өткізіледі. Тәжірибелік және СӨЖ сабақтары кафедра оқу бөлмелерінде өткізіледі.

Пәннің саясаты

Студенттерге қойылатын талаптар:

1) Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі

2) Түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;

3) Сабаққа кешікпеу;

4) Сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);

5) Сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;

6) Жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

7) Оқу процесіне белсенді араласу;

8) Академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

9) Үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;

10) Дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

11) Оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

12) Кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;

13) Кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі.

14) Дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.

15) Әрбір СӨЖ сабағынан себепсіз жібергені үшін жалпы жіберілу рейтингтен 1,33 баллдан шегеріледі.

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Фармация мамандығының студенттеріне арналған биологиялық химия пәнінің негізгі мазмұны – биохимиялық процестерді молекулалық деңгейде оқып үйрену, оның негізінде тірі организмдердің тіршілігі, метаболизм ерекшеліктері және оның адам ағзасы мен тініндегі реттелуі; сондай - ақ, ауруларды диагностикалаудың биохимиялық принциптері және дәрілердің ферменттік айналымын құрайды.

Қазіргі биохимия іргелі медициналық - биологиялық ғылым, өйткені, ол фармацевттің болашақ кәсіби қызметінде адам организмдегі қалыпты және патологиялық көрсеткіштерді сипаттау үшін қажет, молекулалық процестерді түсінуге, дәрілердің, улардың әсерлерін және фармакотерапияның принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама статикалық, динамикалық және функциялық биохимиялар бөлімдерінен тұрады, және де «Фармация» мамандығы бойынша оқитын студенттердің білімін жетілдіруге қажетті сұрақтарды қарастырады (клиникалық және фармацевтикалық биохимия).

2. Пәннің мақсаты:

· адам ағзалары мен тіндерінде өтетін негізгі метаболизмдік процестердің молекулалық механизмдері мен реттелуі және олардың ерекшеліктері жөнінде біртұтас көзқарас қалыптастыру;

· алған білімдерін фармацевтің ары қарай жұмысында пайдалана білуге үйрету.

3. Оқыту мақсаттары:

· фармацевт дайындау барысында биохимияның рөлі туралы түсінік

қалыптастыру;

· тірі организмдердегі нәруыздардың, көмірсулардың, липидтердің, басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері мен биологиялық функциялары туралы білім беру;

· метаболизмдік процестер реттелуінің, заттек алмасуының және энергия трансформациялануының биохимиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

· организмдегі ең маңызды ағзалар мен тіндердің молекулалық құрылысы және олардың метаболизмдік ерекшеліктері туралы түсінік беру;

· дәрілер метаболизмі мен аурулар диагностикасындағы ғылыми, клиникалық мәселелерді қазіргі негізгі биохимиялық тұрғыдан шешу жолдары туралы түсінік беру.

 

4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Дублин дискрипторлар ОҚМФА әзірленген мамандық құзыреттілігі Пәнді оқытудың қорытындысы Концепция бойынша оқыту нәтижелері (МЖББС)
А Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу   Жаратылыстану және арнайы ғылымдары саласындағы құзыреттілік     Биологиялық химия пәні мен міндеттері туралы білімін көрсете алады. Р1
Биохимиялық анализдер жүргізу әдістерін меңгереді Р2
Метаболиттік процесстердің жүруінің молекулалық механизмдерін және реттелуін сипаттайды. Р1
Тиімді тағамданудың биохимиялық негіздерін түсіндіреді. Р1
Молекулалық аурулардың пайда болу механизмдерін, оларды диагностикалық принциптерін атайды. Р1
Қоректік заттардың метаболизм жолдары туралы білімді меңгерген Р1
Биоэнергетиканың негізгі қағидаларын құрастырады. Р1
Организмдегі дәрілік заттардың метаболизмін және олардың залалсыздану жолдары туралы білімге ие. Р11
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Биологиялық материалдардағы негізгі метаболиттер және дәрілік заттарды анықтаудағы негізгі биохимиялық зерттеулер жүргізудің заманауи экспериментальды әдістері туралы білімін көрсете алады. Р14
Тұрақты даму мәселелерін шешу туралы білімін көрсете алады Р15
«Денсаулық адвокаты» компетенциясы Салауатты өмір салтын насихаттайды және жүргізеді. Р4
Дәрігерлер мен халыққа дәрілік заттарды тиімді қолдануы туралы кеңес береді. Р25
Ақуыздар, ферменттер, гормондар, витаминдер және т.б. әрекеттегі халықаралық жіктелуі, терминологиясы, халықаралық бірліктер жүйесі (БЖ), техникалық регламенттерді қолдана алады. Р1
B Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу «Коммуникативтік дағдылар» компетенциясы (мәдени компетенция, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі).   Заманауи құрал-жабдықтарда жұмыс істей алады: биохимиялық анализаторда, спектрофотометрде, фотоэлектроколориметрде, электрофоретикалық құрылғыда, центрифугда, термостат, несеп анализаторында Р2
Метаболизм карталарында процесстерді оқи және түсіндіре алады. Р2
Арнайы анықтамалық материалдарынан керекті мағлұматтарға ізденіс жасайды және жұмыс істей алады. Р10
Организмнің биологиялық сұйықтықтарында (қан, несеп, сілекей) зертханалық-инстурменталды зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды жүзеге асырады. Р9
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу Жаратылыстану және арнайы ғылымдарының кеңістігіндегі компетенция     Адамның биологиялық сұйықтықтарында көмірсулар, липидтер және ақуыздар алмасуындағы аралық өнімдерінің биохимиялық зерттеулерінің нәтижелерін интерпретациялауға қабілетті. Р9
Биохимиялық зерттеулер нәтижесінде диагноз қоюда негізгі биохимиялық константалар мен биологиялық сұйықтықтардың адам организміндегі қалыпты және патологиялық жағдайдағы шешімдер мен диагностикада білімін қолданады. Р3
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру «Коммуникативті дағдылар» компетенциясы (мәдени компетенция, сынамалы ойлау, креативтілігі, топпен бірге жұмыс істей алу қабілеттілігі, шеттілдік компетенттілік).   Өзінің жеке ұйғарымдарын және оқу экспериментінің нәтижелерін сынамалы талдай алады. Р8
Өзінің жеке ұйғарымдарын ұстана алады, реферат, презентация, проект түрінде дайындай алады. Р8
Тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырысында, студенттік ғылыми конференцияларда және т.б. өзінің ұйғарымдарын қорғай біледі. Р8
E Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. «Коммуникативті дағдылар» компетенциясы (мәдени компетенция, сынамалы ойлау, креативтілігі, топпен бірге жұмыс істей алу қабілеттілігі, шеттілдік компетенттілік).   Зәрдегі ксенобиотиктердің мөлшері арқылы берілген дәрілік заттардың ферменттік айналымын бағалайды. Р3
Студенттерге, оқытушыларға, емтихан алушыларға оқу процессі кезінде алған білімдерін жеткізе алуға қабілетті Р8
Оқу эксперименттерін жүргізуді жоспарлағанда байқалатын фактыларды және құбылыстарды, олардың өзара себеп-салдарын түсіндіре алады. Р9
«Ғылыми зерттеу дағдылары» компетенциясы   Топпен жұмыс істеуге ұжымдық шешім қабылдауға қабілетті. Р8
Ақпараттармен (оқу, анықтамалық, ғылыми) жұмыс істей алады. Р10
Гендік инженерия негіздері туралы ізденіс жүргізе алады және түсініктемелерді қайта өңдей алады. Р3
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының өткізілуіне қатысуға қабілетті Р3
Зерттеп отырған сала бойынша ақпараттар синтезі мен анализі өзінің көзқарастарымен іс жүзінде меңгерген. Р3
Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру   Фармацевтикалық химия, токсикологиялық химия, фармакогнозия,

5. Реквизитке дейінгі:бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, генетика негіздерімен молекулалық биология, физика, анатомия негіздерімен физиология, микробиология.

6. Реквизиттен кейінгі:токсикологиялық химия, фармацевтикалық химия, фармакогнозия.

7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен функциясы. Ферменттер. Заттек алмасуға кіріспе. Тағамдану биохимиясы. Биоэнергетика. Көмірсулардың алмасуы. Липидтердің алмасуы. Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы. Гормондар биохимиясы. Тіндер мен мүшелер биохимиясы.

8 Тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптары Өткізу түрі Ұзақтылығы (сағат пен)
№1 кредит    
Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен функциясы жалпы шолу
Ферменттер. Әсер ету механизмі және кинетикасы. Изоферменттер. Ферменттердің белсенділігінің реттелуі. жалпы шолу
3. Заттек алмасуға кіріспе. Тағамдану биохимиясы. Биологиялық мембрананың құрылысы мен функциясы. жалпы шолу
    Барлығы: 4 сағат
  №2 кредит    
Биоэнергетика. жалпы шолу
Көмірсулардың алмасуы. жалпы шолу
    Барлығы: 4 сағат
  №3 кредит    
1. Липидтердің алмасуы. жалпы шолу
2. Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы. жалпы шолу
3. Нуклеотидтердің алмасуы. Көмірсулардың, майлардың және ақуыздардың алмасуының өзара байланысы. жалпы шолу
    Барлығы: 4 сағат
  №4 кредит    
1. Гормондар биохимиясы. Тіндер мен мүшелер биохимиясы. жалпы шолу
2. Клиникалық биохимияға кіріспе. Фармацевтикалық биохимия. жалпы шолу
    Барлығы: 3 сағат
    Жиыны: 15 сағат