Дәрістің тақырыбы: Жыныс клеткалары

Жоспар:

1. Аталық жыныс клеткалары.

2. Аналық жыныс клеткалары немесе жұмыртқа клеткасы.

3. Жұмыртқа клеткаларының классификациясы.

Негізгі ұғымдар: Жыныс клеткаларына сипаттама

Жыныс клеткалары.

Аталық жыныс клеткалары немесе сперматозоидтар.

Жануарлардың әр бір жеке түрлеріне сперматозоидтардың белгілі пішіні тән, бірақ олардың негізгі функциясына ұрықтанудың қабілетіне байланысты кейбір жалпы морфологиялық белгілері болады. Сперматозоидтың басын, мойын, аралық немесе байланыстырушы бөлімін және құйрығын ажыратады. Электрондық – микроскопиялық зерттеулер сперматозоидтың басы акросома мен ядродан тұратыны анықталды. Акросома сперматидтің Гольджи аппаратынан пайда болады. Акросомада көптеген ферменттер болады, олардың ішіндегі негізгілері – жұмыртқа

 

 

Сперматозоид құрылысының схемасы:

1 – басы, 2 - мойны, 3 - орта бөлімі, 4 – құйрықтың ұшы, 5 – құйрықтың ұшы, 6- гиалуронидаза, 7 – акросома, 8 – ядро, 9 – просимальдік центроиль, 10 – дистальдік центроиль, 11 – митохондриялық спираль, 12 – микротүтікшелер.

 

клеткасын ұрықтандыруда маңызды рөл атқарады протеазалар мен галуроиидаза. Мойын бөлімінің цитоплазмасында тіректік фибриллалар мен екі центриоль (проксимальдық және дистальдық) орналасқан. Аралық бөлігі цитоплазмамен қоршаған талшықтың микротүтікшелерінен немесе орталық жіптен тұрады. Орталық жіп пен плазмалемманың арасындағы цитоплазмада митохондриялар, көп мөлшерде гликоген және АТФ болады. АТФ пен митохондриялардың аралық бөлімде көп болуы оның сперматозоидты энериямен қамтамасыз ететіндігінің дәлелі.

Құйрықтың басталар бөлімі цитоплазмамен қоршаған талшықтың микротүтікшелері мен тіректік фибриллалардан тұрады. Құйрықтың үш бөлігінде талшықтың бірен – саран микротүтікшелері байқалады, ал оның цитоплазмасындағы тіректік фибриллалар тәртіпсіз орналасады. Құйрықтың ұшы плазмалеммадан ғана тұрады. Сперматозоидтардың негізгі қасиеттерінің бірі – қозғалғыштығы, біршама тез қозғалады, бірақ әр түрлі жануарлардың сперматозоидтарының қозғалу жылдамдығы түрліше болады. Қозғалу бағытын реотаксис (сұйықтың ағыс бағытына қарсы қозғалу қабілеті) анықтайды. Сперматозоидтардың эякуляциядан кейінгі өмірінің ұзақтығы түрлі жануарларда түрліше. Адам сперматозоидтары өзінің ұрықтандыру қабілетін 1 – 2 тәулікке дейін жоймайды. Жарқанаттар мен насекомдардың сперматозоидтарының активтігі көп уақытқа дейін сақталады. Мысалы, жарқанаттардың шағылысуы күзде жүреді де, ұрықтануы көктемде басталады. Насекомдардың көпшілігінің ұрғашыларында шәует қабылдағыштар болады. Онда сперматозоидтар ұзақ сақталады, бірнеше жылға дейін . Қалыпты жағдайда адамның эякулятының көлемі 3 мл – ге жуық, онда орта есеппен 35 млн. сперматозоид болады. Ұрықтандыруды қамтамасыз ету үшін сперматозоидтардың жалпы саны 150 млн – нан кем болмауы керек. Сперматозоидтардың үлкендіктері де түрліше болады. Мысалы, теңіз шошқасынікі – 100 мкм, бұқанікі – 65 мкм, торғайдікі – 200 мкм, крокодилдікі – 20 мкм, адамдікі – 53-70 мкм, тритондікі – 5000 мкм.

Аналық жыныс клеткалары немесе жұмыртқа клеткасы. Жұмыртқа клеткасы немесе овоциттердің сперматозоидтардан айырмасы көлемінің үлкен болуына және центриольдары болмайды. Центриольдар болмағандықтан, олар өз бетінше қозғала алмайды. Жұмыртқа клеткаларының ерекшелігі сарыуыздың болуы мен кортикалық қабат деп аталатын цитоплазманың беткі қабатының болуы. Сонымен бірге жұмыртқа клеткасын қаптап тұратын арнаулы қабықшалар көп болады және ол ұрықтандыруға белсенді қатысады. Сарыуыз белоктардан, фосфолипидтерден, нейтральдық майлардан тұрады. Сарыуыздың компоненттері овоциттен тыс түзіледі. Қан арқылы овоцитке келіп, сарыуыз гранулаларына айналады. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқасының белоктары мен фосфолипидтері бауырда синтезделіп, кейін овоцитке келеді деген деректер бар. Жұмыртқа клеткасында сарыуыз көп болуы мүмкін. Мысалы, тауық жұмыртқасының сарыуызының көлемі алғашқы жыныс клеткасына қарағанда төрт миллион есе үлкен. Губкалар мен ішек қуыстардың жұмыртқа клеткаларынан басқа, жұмыртқалардың, бәрінде қозғалу қабілеті болмайды. Жұмыртқа клеткасы бірнеше арнаулы қабықшалармен қапталған. Олар бірінші, екінші, үшінші қабықшалар деп аталады. Адам мен омыртқалылардың көпшілігінің жұмырқа клеткасының цитоплазмасы қатпар немесе микробүр құрайтын плазмалеммамен қапталған. Жұмырқа плазмалеммасын, микробүрлер арасында орналасқан затпен қосып, бірінші (сарыуыздық) қабықша дейді. Бірінші қабықша овогенез процесі кезінде ұрықтанғанға дейін пайда болады.

Аналық жыныс безіндегі бақаның овоциті. Бояуы: гематоксилин-пикрин қышқылы. Х100.

1-овоциттің қабығы; 2-сарыуызтүйіршіктері бар цитоплазмасы; 3-ядро (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша

 

Плаценталық сүтқоректілер мен адамның жұмыртқа клеткасының екінші қабықшасы фолликулалық клеткалардан тұрады. Кейбір насекомдардың, балықтардың, құстардың жұмыртқа клеткасы аналық жыныс безінен шығар кезде екінші қабықшаның фолликулалық клеткалармен өздерінің байланысын үзеді. Екінші қабықша фолликулалық клеткалардың секрециясының өнімдерінен тұрады. Оның құрлысы күрделі және қалың болуы мүмкін. Мысалы, құстарда бірінші қабықшаны сыртқы жағынан бактерияларды өлтіретін фермент – белок лизоцим мен металдар иондарын бөгейтін және оны байланыстыратын белок кональбумин және микробтардың кіруіне кедергі болатын белок овидиннен тұратын, сыртқы қабат қаптап тұрады. Кейбір жануарлардың, мысалы, балықтардың жұмыртқа клеткаларының бірінші және екінші қабықшаларында микропиле деп аталатын бір немесе бірнеше тесік болады. Микропиле арқылы сперматозоидтар кіреді. Қайсыбір жануарлардың үшінші қабықшасы жұмыртқа клеткасы аналық жыныс безінен шыққаннан соң жұмыртқа өзегі арқылы өтіп келе жатқанда, оның клеткаларының секрет бөлу қызметінің есебінен түзіледі. Жұмыртқа клеткалар қабықшаларының атқаратын қызметі алуан түрлі. Өсу дәуіріндегі жұмыртқаларда заттардың алмасуын қамтамасыз ететін мембрананың рөлін атқарады. Жануарлардың көпшілігінде жұмыртқа клеткаларының қабықшалары ұрықтану кезінде полиспермияға кедергі болады, ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуына қатысады, ұрықты сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды.

Жұмыртқа клеткаларының классификациясы олардағы сарыуыздың мөлшері мен оның цитоплазмада орналасуына негізделген. Жұмыртқа клеткаларын бірнеше топқа бөледі:

1. Сарыуызы жоқ – алецитальды; 2. Цитоплазмада бірыңғай таралған сарыуызы аз жұмыртқалар, гомолецитальды немесе изоцитальды. 3. Цитоплазмада полярлі орналасқан сарыуызы орташа немесе көп жұмыртқалар, телолецитальды. 4. Ортасында орналасқан сарыуызы жұмыртқалар –центролецитальді жұмыртқалар болып бөлінеді. Сарыуызы жоқ немесе аз жұмыртқаның үстіңгі бөлігін анимальдық, сарыуызыдың негізгі массасы орналасқан төменгі бөлігін вегетативтік бөлігі дейді.

Дәріс