Негізгі ұғымдар: Ұрықтану

РЫҚТАНУ

Ұрықтану дегеніміз аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуы. Осының нәтижесінде хромосомалардың диплоидтық жиыны қалпына келеді. Жұмыртқа клеткасының метаболизмі үдейді және зигота деп аталатын сапа жағынан жаңа клетка пайда болады. Осы кезде ядроның массасы екі есе артады, ал цитоплазманың көлемі сол күйінде қалады. Зигота бөлініп, көп клеткалы ұрық пайда болады.

Пісіп-жетілгеннен кейін аталық және аналық жыныс клеткаларының онан әрі бөлінетін және дамитын қабілеті болмайды, ұрықтанбаса, сперматозоидтар тез активтігінен, тіршілік қабілетінен айрылады, ал жұмыртқа клеткасы көп ұзамай өліп қалады. Сондықтан жыныс клеткалары ұрықтану үшін тез кездесулері керек. Ұрықтану процесінде үш фазаны ажыратады:

 

Бірінші фаза — жыныс клеткаларының бір-біріне жақындап жанасуы, екінші фаза — сперматозоидтық, жұмыртқа клеткасына оның қабықшасы арқылы енуі. Сүтқоректілерде жұмыртқа клеткасына бір ғана сперматозоид енеді. Бұндай құбылысты моноспермия деп атайды. Омыртқасыз жануарларда, балықтарда, құйрықты қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда полиспермия болуы мүмкін, бірақ ұрықтануды бір ғана сперматозоид қамтамасыз етеді. Артық қалған спематозоидтар мен ұрықтанбаған жұмыртқа клеткалары жұмыртқа өзегінде немесе жатырда өліп қалады, содан кейін оларды лейкоциттер фагоцитоздайды. Ооплазмаға сперматозоидтың басы, мойны және құйрық бөлімі енеді. Ал кейбір жануарларда, мысалы, молюскаларда сперматозоид толықтай енеді.

Сперматозоид енгеннен кейін ооплазманың шет жағының цитоплазмасы тығыздалып ұрықтану қабықшасы пайда болады. Үшінші фаза — аталық және аналық пронуклеустардың түзілуі және кейін олардың қосылуы. Сперматозоид жұмыртқа клеткасына енгеннен кейін жұмыртқа клеткасындағы мейоз процесі аяқталғанға дейін және оған бағыттаушы денешіктермен хромосомалардың бір жиыны шығып кеткенге дейін оның ядросы өзгермейді. Мейоз аяқталған соң сперматозоидтың ядросы ісіне бастайды және хромосомалардың жарты жиыны бар ядроның өз пішініне ие болады. Осындай өзгерістер жұмыртқа клеткасының ядросында да жүреді және аналық пронуклеус пайда болады. Кейін екі пронуклеус жұмыртқа клеткасының центріне қарай жылжып, бір-біріне жақындап келеді. Сперматозоидтың центриольдары екі еселеніп, жұмыртқа клеткасының бөліну полюстеріне ажырайды, олардың арасын да митоздық ұршық пайда болады, пронуклеустердің мембраналары жеке көпіршіктерге бөлінеді, ал аталық және аналық пронуклеустардың хромосомалары жұмыртка клеткасының центріне жиналады. Осыдан кейін әкесі мен анасынан келген хромосомалар экваторға жиналып, жұмыртқа клеткасының бірінші белінуі жүреді. Егер ұрықтану кезінде сперматозоидтың Х-хромосомасы жұмыртқа клеткасына түссе, оңда болашақ организм ұрғашы жынысты, ал егер У-хромосома енсе, еркек жынысты болады.

Соғы уақытта эмбриологтар ұрықтану процесінің ұрық шашу (ұрықтандыру) процесін ажырататын болған. Ұрықтану – ол гаметтердіңқосылуы болса, ал ұрық шашу ол тек қана екі гаметтерді бір – біріне жақындататын жағдай туғызу.

Су жануарларының көбінде ұрықтану сыртқы ортаа өтеді: жұмыртқалар мен спермиялар тікелей суға шашылады да ұрықтану сонда өтеді. Әрине, спермия жұмыртқаларға өте жақын және белгілі уақытта шашылуы керек. Қозғалмайтын және аз қозғалатын жануарларда екі жыныс өкілдері үлкен топтар құрайды да жыныстық заттарды суға бір уақытта шашады, жұмыртқалардың жаппай ұрықтануы сонда өтеді.

сыртқы ұрық шашуда жұмыртқалар мен спермиялар неғұрлым жақын болуы өте маңызды, өйткені су ішінде олар ұрықтану қабілетін тез жоғалтады – теңіз суында бірнеше сағаттан ейін, ал тұщы суда бірнеше минут өткеннен соң-ақ. Спермиялардың өзбетінше қозғалу қабілеті өте төмен, мысалы, теңіз кірпісі спермиясы 1 минутта 10мм жүзеді, ал шортан спермиясы одан да кем – 6мм.

Ішке ұрық шашатын су жануарларында, мысалы ересек акула сперманы ұрғашы акуланың жыныс жолына өзі сілдіреді, гаметтердің кездесу мүмккндігі өте жоғары, сондықтан олардың аса көп саны қажетсіз.

Іштен ұрық шашу құрлықтағы тіршілікке қалыптасудың бір түрі ретінде пайда болуы мүмкін, өйткені ауадағыұрық сұйықтығы () сперма тез кебеді. Ішкі ұрық шашуда спермилар арнайы копулятивтік мүшелер көмегімен ұрғашының жыныс жолына тікелей жеткізіледі.

Академик М.С.Гиляров көрсеткендей, сыртқы және ішкі ұрық кейбір топырақтық төменгі буынаяқтыларда кездесетін сыртқы-ішкі ұрық шашу әдісі бар. Сонда бунақденелілердің еркегі сыртқы ортаға қабықпен қоршалған спермия жиынтығын – спермотофор түрінде шығарады. Сперматофорларды жыныстық қуысқа еркек немесе ұрғашының өзі жеткізеді.

Кейбір құйрықты амфибияларда осыған ұқсас ұрықтану түрі кездеседі.

Барлық айтылып отырған жағдайлардың санынан көп есе артық, өйткені ұрықтану жеріне жеткізілгенше олар көп шығынға ұшырайды. Мысалы, адам шәуетінде шамамен 100 млн. спермиядан, жұмыртқа жолындағы ұрықтану жеріне дейін небәрі бірнеше мыңға жетеді. Әдетте, олардың біреуі ғана жалғыз овуляцияланған жұмыртқаны ұрықтандырады.

Ұрықтануекі жыныс клеткасының аталық және аналық клеткаларының қосылуынан тұрады. осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нәтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында ата – аналарының екеуінің де тұқымқуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомалары болады. зигота бөліне бастайды да, содан соң көп клеткалы ұрыққа айналады.

Әр түрлі жануарларда сперматозоид жұмыртқа леткаларының ішіне дамудың әр түрлі сатыларында енеді.

Аскаридаларда, құстарда, сүтқоректілерде сперматозоид І-реттік ооцитке жетілу кезеңінің бірінші бөлінуінің алдында енеді.

Балықтарда. кейбір сүтқоректілерде сперматозоидтар 2-ші реттік ооцитке енеді. Теңіз кірпілерінде сперматозоидтар жетілген жұмыртқа клеткасымен қосылады. Әдетте, жұмыртқа клеткасына тек І ғана сперматозоид еніп, оның ядросымен қосылады. Ол моноспермия құбылысы. Ал енді құстарда, баурымен жорғалаушыларда бірнеше сперматозоид жұмыртқа клеткасына енеді де, бірақ оның біреуі ғана аналық клеткасымен қосылады. Оны полиспермия деп атайды.

Ұрықтану үш кезеңнен тұрады:

1. Дистантты кезең (алыстан бір – біріне әсер ету)

2. Контактты кезең (жақыннан бір – біріне әсер ету)

3. Сингамия (сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядролардың қосылуы)

 

Дистантты кезеңжұмыртқа клеткалары бөліп шығаратын заттарымен жүзеге асырылады. Оларды жұмыртқа клеткаларының гормоны немесе гиногормондардеп аталады.

Гиногормон І – сперматозоидтың қозғалысын күшейтеді. Гиногормон ІІ – (фертилизиндер, изоглютининдер) гликопротеидтер болады. Сперматозоидтарды жабыстырып, қозғалтпай қояды.

Сперматозоидтар андрогамондардыбөліп шығарады. І – андрогамон сперматозоидтардың қозғалысын кемітеді. Андрогаман І, І-ші гиногомонға қарама – қайшылықта болады. ІІ-ші андрогамон (антифертилизин) жұмыртқа клеткасын артық сперматозоидтардың енуінен сақтайды. Сперматозоидтың акросомасында спермолизиндеген фермент болады. Ол жұмыртқаның сарыуыз қабықшасын ерітеді.

Контакты кезеңакросомдық реакция және кортикалық реакция болып екіге бөлінеді.

Дәріс