Тақырыбы: Гаструляция

Жоспары

1. Иммиграция

2. Деламинация

 

Бөлшектену морула немесе бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клеткалық материалдың қозғалып, орын алмасуының нәтижесінде бір қабатты ұрық – гаструлаға айналады.

 

 

 

Бақа ұрығының гаструляциясы

(сагиттальді кесінді). Бояуы: гематоксилин-пикрофуксин. х 20.

1 - бластоттордыц дорсальды ернеуі;

2 - сарыуыз тығыны;

3 - бластопордың вептральды ернеуі (И.В. Алмазов, Л.С Сутулов

бойынша).

 

 

Бақаның гаструляциясы, болашақ ұрықтың артқы бөлігінен қарағандағы сыртқы түрі.

А. Б - орақша сызықтың түзілуі (бластопордың дорсальды ернеуі); В - бластопордың бүйірлік ернеулердің түзілуі; Г - бластопордың толық қалыптасуы, вентральды ернеу түзілді; Д - бластопордың концентрлі түйісуі;

1 -бластопордың дорсальды ернеуі; орақша тәрізді сызық; 2-бластопордың бүйірлік ернеуі; 3-бластопордыц вентральды ернсуі; 4-сарыуыз тығыны (қалдықтары вегетативтік полюстің ішіне өне қойған жоқ) (Хюттнер бойынша).

 

Гаструланың пайда болуына әкеліп соғатын процесті гаструляция (гаструлалану) дейді,ал осы процесс кезінде түзілетін клеткалық қабаттарды- ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма , ішкісін – энтодерма дейді.Гаструла стадиясында алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі. Омыртқалы жануарларда гаструлалану кезінде үшінші, орта жапырақша – мезодерма пайда болады.Осы ұрықтың жапырақшалардан даму барысында ұлпалар мен органдарды қалыптастыратын ұрықтық бастамалар пайда болады.Гаструляцияның төрт әдісі ажыратылады :

иммиграция, инвагинация, эпиболия және деляминация.

Иммиграция – бластодерманың жеке клеткаларының бластоцель қуысына қарай көшуі. Ал губкалар мен ішекқуыстыларда байқалады. Анимальдік жарты шардың вегетативтік жарты шарға қарай ойылуын инвагинация дейді. Тікентерілер мен төменгі сатыдағы хордалыларда кездеседі. Эпиболияда бластуланың анимальдық бөлігі вегетативтік бөлігін қаптап өседі.Қосмекендегілерге және басқаларға тән

 

.

 

Деляминация әдісінде бластодерма клеткалардың екі қабатын құрайды. Омыртқасыз жануарлардың көпшілігінде және жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда байқалады.Гаструляцияның жабайы түрі- иммиграция.

гаструляциясы 2 кезеңнен тұрады. Гаструляцияның бірінші кезеңі құстың жатыр түтігінде өтеді. Бірінші кезеңде бластодисктен жұмыртқаның ішіне қарай гипобласт деген қабат бөлініп шығады. Ол келешете энтодерманың тысқары жағын құрайды. Гипобластың пайда болуы көптеген клеткалардың

иммиграциясы на байланысты. Гипобласт бөлініп шықаннан кейін бласкодисктің қалған үстіңгі қабаты эпибласт деп аталады.

 

 

 

 

Гаструляцияның екінші кезеңінде эпибласт мезодермаға, ұрық энтодермасына және эктодемаға бөлінеді. Ол процесс былай басталады. Ең алдымен ұрық қалқаншасының орта жағына клеткалар топтарының орналасуы, шоғырлану нәтижесінде алғашқы жолақ пайда болады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жағында Гензен түйіні пайда болады.

Клеткалар топтары алғашқы жолақтан эпибласт пен гипобластың арасына жылжи бастайды. Соның нәтижесінде алғашқы жолақтың ортасында бірыңғай орналасқан ойықтар пайда болады. Кейіннен ойықтар бір-бірімен қосылып, алғашқы жылғаға айналады. Сонымен қатар Гензен түйінінің ішінде алғашқы шұңқыр пайда болады.

Ең алдымен алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан энтобластың материалы ішке қарай жылжиды. Энтобласттың материалынан энтодерма, яғни ұрықтың ішегі пайда болады. Одан кейін гензен түйінінің және алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан мезобластың клеткалары жылжып, өрмелеп эпибластпен энтодерманың арасына орналасады. Мезобластың орта жағында тығыз жатқан клеткалардын хорда бөлініп шығады. Ал оның екі бүйірінен бір мезгілде сегментті мезодермада бөлініп шығады. Бастапқы жылғаның екі шетінен қайырылып, сегментсіз мезодерманың материалы ішке қарай жылжиды. Құстардың гаструляциясын қосмекенділермен салыстырғанда бастапқы шұңқырдың алдыңғы жағы бластопордың дорсалды ерні болып табылады. Алғашқы жылғаның екі жиегін бластопордың екі бүйіріндегі ерні десек те болады.

Сол процестермен бір мезгілде ұрық қалқаншасынан тысқары жатқан гипобласт пен эпибласт сарыуызды қоршап өсіп, сарыуыз қапшығын құрайды. Гипобласт пен эпибластың ортасында тысқары мезодерманың клеткалары орналасып, қан тамырларын құрайды. Сонымен, сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алу, қоректену қызметтерін атқарады.

 

Дәріс