Тақырыбы: Нейруляция

Жоспар

1. Эмбриондық даму стадиясы

Нейруляция

Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін нейруляция дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп аталатын эмбриондық даму стадиясында жүреді, гаструляция кезінде білікті органдар –хорда мен сомиттердің пайда болуы және басқа эмбриондық бастамалардың оқшаулана бастайтыны байқалды. Білікті органдардың түзілуі хордалылардың бәріне тән. Нейруляция барысында мезодерманың клеткалары төрт топ құрайды. Олар мына эмбриондық бастамаларды береді:

1.Хорданы,сегменттелген мезодерманы немесе сомиттерді;

2.Нефротомды жәнебүйір пластинкаларын немесе сомиттерді;

3. Нефротомды және бүйір пластинкаларын немесе сегменттелген мезодерма,я болмаса спланхнотомдарды.Спланхнотом клеткалардың екі қабатына немесе екі жапырақшаға ыдырайды- сыртқы немесе праеитальдық және ішкі немесе висцеральдық жапырақшаларға. Осы екі жапырақшаның арасындағы қуыс дененің екінші қуысы немесе целом. Хорданың екі жанында орналаскан мезодерманың клеткаларының жиынтығы сегменттелген мезодерма немесе сомиттер.

 

Бақаның бастапқы нейруласы(көлденең кесіндісі).

Бояуы: гематоксилин-пикрофуксин. х 20.

1-эктодерма; 2-нерв жұмыры (қырқашығы); 3-медулярлы пластинка; 4-хорда;

5-энтодерма (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).

 

 

Орталық нерв системасының бастамасы нерв түтігі ретінде нейрула стадиясында сыртқы ұрықтық жапырақшадан қалыптасады.Нейрулада нерв түтігі, хорда және мезодерма түзіледі. Инкубацияның бірінші тәулігінің соңында блатодисктің үстінде нерв қатпарлары пайд болады. Ол екі қатпардың арасындағы нерв пластинкасы жатады. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп, тұтасып нерв түтігін құрайды. Мезодерма сегменті, яғни эписоммит, сегментсіз, яғни гипосоммит деп екіге бөлінеді. Эписоммит ұрықтың дорсалды жағында, ал гипосоммит вентралды жағында орналасады. Гипосоммитті кейде спланхнотом не бүйір пластикалары дейді. Кейін бүйір пластикалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындағысын висцеральды, ал сыртқы энтодерма полилетальды жапырақша деп атайды. Сол екі жапырақшаның арасындағы целом қуыс пайда болады.

Нейруляциямен бір мезгілде ұрықтың бас жағы бластодисктің үстінен ұрықтың дене жағы да көтеріле бастайды. Ұрық пен бластодисктің арасында дене қатпарлары пайда болады. Ол тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың паристалды жапырақшасынан құралады. Бұдан кейін ұрықтың астындағы жатқан дене қатпары қысқарады да ұрық сарыуыз қапшығынан бөліктене бастайды. Сонда ұрықтың ішегі де сарыуыз қапшығынан бөлектене бастайды. Бөлінген соң ұрықтың ішегі сарыуыз қапшығы мен кіндік жібімен ғана бірігіп тұратын болады.

Дене қатпары мен бірмезгілде амнион қатпарлары пайда болады. Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өседі. Ол ұрықтан тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың паристалды жапырағынан тұрады. Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өсіп, қосылғанның нәтижесінде екі қабықша пайда болады. Амнион қабықшасы және серозды қабықша. Амнион қапшығы үлкейеді де, сұйықпен толады. Сонда ұрық сол сұйықтың ішінде кіндік жіпшесінде ілулі тұрады. Серозды қабықша ең сыртқы қабықша, ол қабықшаның астында ұрықтың өзі де, одан тысқары жатқан амнион мен сарыуыз қапшықтары да орналасқан. Ұрық пен амнион қабықшасы арасындағы қуыс амнион қуысы деп аталады. Амнион және серозды қабықшалары арасындағы қуысын экзоцелом дейміз. Сол процестермен бір мезгілде артқы ішектің ішкі қабырғасынан қапшық тәрізді болып, өсіп аллантоис құралады. Аллантоис уақытша тыныс алу мен зәр боллып шығару қызметтерін атқарады. Жұмыртқадан балапан шыққанда ұрықтың денесінде тұрған аллантоистың кішкене бөлігі қуыққа айналады. Ұрық дамыған сайын сарыуыз қапшығы кішірейе береді де, инкубацияның ең соңғы кезеңінде оның қалдықтары ұрықтың ішіне қарай тартылып, еніп кетеді. Ұрықтық дамудың соңында амнион, серозы және аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқаның ауа камерасынан ауа жұтып, тұмсығымен жұмыртқаның ізбес қабығын тесіп, сыртқа шығады.

Дәріс