Бөлім.Тұрақты тоқтың электр тізбектері

2.1 тақырып Электр тогы. Электр өткізгіштік. Электр өтімділік дәрежесі бойынша заттардың айырмашылығы; өткізгіштер, жартылы өткізгіштер мен диэлектриктер туралы түсінік. Электр тогының физикалық құбылысы және оның әр түрлілігі: өткізгіштік тогы, ауыстыру тогы, полярлану тогы, ығысу тогы. Электрлік тогының қасиеттерін оқу мен пайдалану бойынша орыс ғалымдары В.В. Петровтың. Э.Х.Ленцтың, Б.Н. Якобидің жұмыстары.Өткізгіштегі стацинар электр өрісі туралы түсінік, оны электростатикалық өріспен салыстыру.Өткізгіштердегі электр тогы. Металдардың электронды теориялық құрылымы туралы қысқаша мәлңметтер. Өткізгіш тогының шамасы мен кернеуі, өткізгіш электр тогының тығыздығы.Меншікті электрлік өткізгіштік және меншікті электрлік кедергі – өткізгіш материалдардың сипаттамалары. Сымдардың электрлік кедергісі. Ом заңы. Электрлік кедергінің өткізгіш температурасына байланыстылығы. Асқын өткізгіштік туралы түсінік.Резисторлар жіне олардың вольтамперлік сипаттамалары.Ваккумдағы электр тогы. Электронды эмиссия туралы түсінік; термоэлектрондарды және фотоэлектронды эмиссия және олардың практикалық қолданылуы; фотоэлектронды құбылыстарды зерттеу бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры А.Г. Столетовтың жұмыстары; қарапайым электр вакуумдық және фото электрлік аспаптардың вольтамперлік сипаттамалары.Жартылай өткізгіштердегі электр тогы: жартылай өткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері; жартылай өткізгіштердегі электрлік өтімділіктің типтері ( электронды, тесік); металдар мен жартылай өткізгіштердің түйіспелеріндегі құбылыстар; электронды- тесік арқылы өту; жартылай өткізгіш диодының вольтамперлік сипаттамасы.

2.2 тақырып Тұрақты токтың электр тізбектері.Электр тізбегін анықтау. Электр тізбектерінің жіктелуі. Электр тізбектерінің элементтері туралы қысқаша мәліметтер: электр энергиясының көздері, электр энергиясының қабылдағыштары, жалғау сымдары, электр тізбектеріндегі басқару, реттеу, қорғау, бақылау аппараттары мен аспаптары.Басқа энергия түрлерінен: (химиялық, жылу. сәулелік) электр энергиясын алу. Электр энергиясының көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК), электр энериясы көзінің пайдалы әсер коэффициенті (пәк) мен қуаты.Электр энергиясының басқа энергияға түрленуі: жылу, жарық, химиялық. Электр энергиясының қуаты мен пәк. Э.Х. Ленц және Джоульмен (Джоуль- Ленц заңы) бекітілген өткізгіштің электр тогы арқылы қызудағы энергияның сандық ережесі.Электр тогының жылулық қасиеттерін пайдалану бойынша орыс ғалымдары А.Н.Лодыгиннің, Н.Н.Бенардостың, Н.Г. Словяновтың жұмыстары.Электр тізбектерінің режимдері: номиналь, жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу. Өзгеретін кедергімен қабылдағыштың электр энергиясы көздерінің жұмысы. Электр тізбектерінің сұлбалары: принциптік, монтаждық, есептік ( алмастыру сұлбасы). ЭҚК мен токтың, электр энергиясы қабылдағыштары көздерінің алмастыру сұлбалары. Электр тізбектерінің пассивті және активті элементтері туралы түсінік.

Зертханалық жұмыс №2 Ом заңын тәжірибелі тексеру

2.3 тақырып Электр тізбегінің заңдары.Электр тізбегінің анықтамасы. Электр тізбегінің жіктелуі. Электр тізбектерінің элементтері туралы қысқаша мәліметтер: электр энергиясы қабылдағыштары, электр энергиясының көздері, жалғамдық сымдар, электр тізбектеріндегі басқару, реттеу, қорғау, бақылау аппараттары мен аспаптары.Басқа энергия түрлерінен электр энергиясын алу: химиялық, жылулық, сәулелік. Электр энергиясы көздерінің электр қозғаушы күші ( ЭҚК); электр энергиясы көзінің пайдалы әсер коэффициенті (пәк).Электр энергиясының басқа энергияларға түрленуі: жылулық, жарық, химиялық. Электр энергиясының қуатымен пәк-і. Э.Х. Ленц және Джоульмен ( Джоуль- Ленц) белгіленген электр энергиясы арқылы өткізгіштің қызуы кезіндегі энергияның сандық формуласы.

2.4 тақырып Электр тізбегі элементтерінің тізбектеп жалғануы және олардың режімін есептеу. Потенциалдық диаграмма.Электр тізбектерін есептеудің мақсаттары мен міндеттері. Электр тізбектері сұлбаларының элементері: тармақ, түзілім, контур.Кирхгоф заңдары: Кирхгофтың бірінші заңы – электр тогының үздіксіздік принципінің салдары, түзілімділік теңдеулері; Кирхгофтың екінші заңы – энергияны сақтау заңдарының салдары, контурлық теңдеулер.Тармақталған электр тізбегі. Элементтердің тізбектеп жалғануы. Тармақталмаған электр тізбегінің (тізбек бөлігінің) эквиваленттік кедергісі. Сымдардағы кернеу шығыны туралы түсінік.Кернеу бөлгіш. ЭҚК көздерінің тізбектеп жалғануы. Тармақталмаған электр тізбегінің потенциалдық диаграммасы.

Зертханалық жұмыс №3Электр тізбегінің потенциалдарын өлшеу және потенциалдық диаграммалардың құрылуы

2.5 тақырып Тұрақты токтың жай электр тізбектерін есептеу. Екі түйінді тармақталған электр тізбегі. Электр тізбегі тармақтарының пассивті элементтерінің параллель жалғануы. Электр тізбек тармағы элементтерінің электр өткізгіштігі. Электр түйіндерінің бір жұбына қосылған тармақ тобының эквивалентті электрлік өткізгіштігі. Пассивті элементтердің тізбектеп және параллель жалғануының үйлесуі. Сұлбаларын түрлендіру жолымен электр тізбектерін есептеу. «Пассивті элементтердің тізбектеп және параллель жалғануымен сұлбалардың жиналуы». Пассивті элементтерден (кедергілерден) үшбұрыш пен жұлдыз туралы түсінік. Кедергілер үшбұрышының эквивалентті жұлдызға және үш сәулелі жұлдыздың эквивалентті үшбұрышқа түрленуі. ЭҚК көздерінің параллель жалғануы. Түйіндік кернеу әдісі бойынша екі түйінді электр тізбектерін есептеу. Электр энергиясының энергияның жалпы қабылдағышымен параллель жұмысы кезінде көздерінің арасында жүктемелерді тарату. Түйінді және контурлық теңдеу әдістері: әдістің негізделуі, түйінді теңдеулер контурлық теңдеулер. Нақты есептерді шешу үшін тәуелсіз теңдеулердің қажетті саны. Сызықты электр тізбектерінде токтардың жиналу принципі. Кірме және өзара өткізгіштік пен кедергілер туралы, кернеу мен токтың беріліс коэффициенті туралы түсінік.

Тәжірибелік жұмыс №1 Кирхгоф заңы әдісімен тізбектерді есептеу

Зертханалық жұмыс №4 Резисторларлың аралас жалғануы

2.6 тақырып Күрделі электр тізбектерін талдау әдістері.Контурлық токтар әдісі. Контурлардың меншікті және кедергілері. Электр тізбегін есептеу үшін контурлық токтар әдісін қолдану. Түйіндік кедергілер әдісі. Түйіндік кернеулер мен токтар. Түйіндік және жалпы өтімділіктер. Электр тізбегін есептеу үшін түйіндік кернеу әдісін қолдану. Эквивалентті генератор әдісі. Активті екіұштық энергия көздерімен күрделі тізбектің бөлшегін ауыстыру, пассивті екіұштық туралы түсінік. Эквивалентті генератор, оның ЭҚК – і мен ішкі кедергісін анықтау. Электр тізбегінің зерттелетін тармағының тогы мен қуатын анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №2 Күрделі тізбекті есептеу

Зертханалық жұмыс №5 Эквивалентті генератор әдісі

2.7 тақырып Тұрақты токтың желілік емес электр тізбектері. Тұрақты ток электр тізбектерінің желілік емес элементтері. Қарапайым желілік емес тізбектердің эквивалентті сұлбалары, желілік емес элементтің статикалық және динамикалық кедергілері туралы түсінік. Желілік емес тізбектерді сызықтыққа келтіру; желілік емес активті екіұштық туралы түсінік. Қарапайым жағдайларда тұрақты токтық желілік емес электр тізбектерін графикалық есептеу: желілік емес тізбектерде элементтердің тізбектеп, параллель, аралас жалғану. Желілік емес тізбек сұлбаларын қысқартудың үлгісі, желілік емес электр тізбектерін есептеу үшін тізбектеп жақындасу әдісі туралы түсінік.

Зертханалық жұмыс №6Желілік емес электр тізбегін зерттеу