Ысқа тұйықталу параметрлерін есептеу

Қысқа тұйықталу шығындарын есептеу

 

МЕСТ 16110-82 бойынша екіорауышты трансформаторлардың қысқа тұйықталуы дегеніміз номиналды жиілікте, номинал қуатты екінші орам тұйықталған кезде, бірінші орамда болатын шығын. Екі орауышта да номиналды қуаттар тең болады деген тұжырым бар.

Дайын трансформаторлардағы толық қысқа тұйықталу шығындары техникалық шарттардан немесе МЕСТ кепілдік мәндерінен 10%-дан аспау керек.

Трансформатордың қысқа тұйықталу шығынының мәндері есептелінуі немесе іс жүзінде тәжірбие бойынша анықталуы мүмкін.

Мыс сымды орауыштардағы шығындар, Вт

 

Рор1= 2,4*10-12 j1 2Gм1

Рор2=2,4*10-12 j2 2Gм2

 

Мұндағы j1 мен j2 – ЖК және ТК орауыштардағы тоқ тығыздығы, ал Gм1 мен Gм2 – ЖК және ТК орауыштарының металл массалары.

Алюминий сымды орауыштар үшін

 

Рор1 =12,75*10-12 j1-2 Gа

Рор2 =12,75*10-12 j2-2 Gа

 

Қысқа тұйықталу кернеуін анықтау

Қысқа тұйықталу кернеуі трансформатордағы кернеудің құлауын, оның сыртқы сипаттамасын және қысқы тұйықталу тоғын анықтайды. Трансформаторды параллель жұмысқа қосу үшін де оны елеу керек.

Барлық трансформаторлардың қысқа тұйықталу кернеуін және оның құраушыларын номинал кернеуінен пайыз есебімен көрсету, ал активті құраушысын майлы және құрғақ трансформаторлар үшін қызу төзімділігі А, Е, В кластарындағы орауыштарды жабдықтау температурасын (75С)-та, қызу төзімділігін Ғ, Н, С кластарындағы орауыштарды жабдықтау температурасы (115С) градуста анықтау қалыптасқан.

Қысқа тұйықтал кернеуінің активті құраушысы мына формула арқылы анықталады, %

 

 

Мұндағы Роб – трансформатор орауыштарындағы шығындар қосындысы, Вт; ал Sн- трансформатордың номиналды қуаты, кВА.

Қысқа тұйықталу кернеуінің реактивті құраушысы мына формула арқылы анықталады, %

 

(16)

 

Жоғарыдағы өрнектегі барлық шамалар бізге белгілі, себебі біз оларды есептеген болатынбыз.

(16) формуладағы келтірілген жазылу каналының ені ар, орауыштардың қалындығы өзара тең немесе бір-бірінен онша ерекшеленбейтін болса, мына формуламен анықталуы мүмкін.

Идеалды параллель өрістің реалды жазылу өрісінен ауытқуы

 

ар

 

коэффициенті Кр төмендегі формуламен анықталады

 

Кр ≈ 1 - (17)

 

Әдетте трансформатор орауыштары концентрлі, ал орамдары тегіс орналасқан болса, Кр мәні 0,93 және 0,98 аралығында болады.

Қысқа тұйыкталу кернеуінің реактивті және активті құраушылары анықталғаннан кейін Қысқа тұйықталу кернеуін есептеу керек

 

Uк= √U1а+U2р

 

Осы өрнек арқылы анықталған қысқа тұйықталу кернеу мәні тапсырмада берілген қысқа тұйықталу кернеу мәнімен сай келуі керек. Егер есептелген мән берілген мәннен ауытқуы 10 % -дан аспау керек. Асып кеткен жағдайда осыған дейін анықталған мәндердің дұрыс болмағаны. Ол үшін қысқа тұйықталу кернеуінің реактивті құраушысын анықтағандағы орауыштың биіктігін, радиалды өлшемдерін өзгерту керек. Сонымен қатар магниттік жүйе стерженінің диаметрін немесе ондағы индукция мәнін өзгерту ерекше ықпал етеді.