Кататониялық ступор кезіндегі науқас

 

Балаларға тән сору рефлексінің тежеусізденуі тұмсық симптомының пайда болуына алып келеді: еріндеріне жанасқанда соруға ыңғайлану; кейбір науқастарда соруға ыңғайланған ерін қалпы үнемі сақталады. Қармау рефлексі тежеусізденеді (қалыпта нәрестеге тән): қолына кездейсоқ тиген заттарды науқас қармап алады. Толық емес ступорда эхо-симптомдар байқалады. Эхопраксия – басқа адамдардың қимылын көшіру, эхолалия – басқа адамдардың сөздерін қайталау. Эхосимптомдар негізінде – балаларға тән және олардың психикалық дамуына ықпал ететін еліктеу рефлекстерінің тежеусізденуі жатыр.

Бағаналық постуральды рефлекстердің босап шығуы каталепсиямен көрініс береді (балауыздық иілгіштік); науқастың қол-аяғы, денесі біреу жасаған қалыпты ұзақ уақыт сақтайды.

Негативизм көріністері бақыланады: науқас тапсырмаларды мүлдем орындамайды, (пассивті негативизм) немесе белсенді түрде қарсыласады, яғни қойылған талаптарға қарама-қарсы әрекет етеді (активті негативизм). Тілін көрсетуін өтінгенде, еріндерін қатты қысып алады, қол беруін өтінгенде қолын тартып алып, артына жасырады, тамақ әкеліп берген кезде ішпей теріс қарайды, ал тамақты аурудың алдынан алуға әрекет жасағанда ыдысқа жабысады. И.П. Павлов бұл ОЖЖ-гі фазалық жағдай деп есептеген және негативизмді ультрапарадоксальды фазамен байланыстырды. Парадоксальды фазада өте әлсіз тітіркендіргіштер өте күшті реакция шақырады. Қатты дауыспен науқасқа сұрақ қойғанда, ол жауап бермейді, ал сыбырмен айтқанда жауап қайтарады. Түнгі уақытта ОЖЖ-не сырттан келетін импульстар азайған кезде кейбір ступорозды науқастар тежеусізделеді, ақырындап қимылдай бастайды, сұрақтарға жауап береді, тамақ ішеді, жуынады; таң атқанда, тітіркендіргіштер интенсивтілігі артқанда тежелу қалпы оралады. Ступор жағдайындағы науқастарда бұл симпоматикадан басқа көріністер болмауы мүмкін, бірақ жиі галлюцинациялар, айналаны сандырақтық талқылау бақыланады. Бұл науқас тежлу жағдайынан шыққанда байқалады.

Негізгі симпоматикасына байланысты ступордың үш түрін ажыратады:

1) балауыздық иілгіштік құбылыстарымен;

2) негативисттік;

3) бұлшық еттік сіресумен.

Айтылған варианттар жеке бұзылыстар болып табылмайды, ступорлы синдромның сатылары болып табылады, олар белгілі бір ретпен науқас жағдайының ауырлауымен көрініп, бірін-бірі ауыстырып отырады.

Каталепсия

 

Кататониялық қозу – мағынасыз, мақсатсыз қозу, кейде моторлы сипат алады. Науқас қимылдары біртекті және қыртыс астылық гиперкинездер болып табылады; агрессивті, импульсивті әрекеттер, эхопраксия, негативизм байқалуы мүмкін. Беттің кейпі жиі қалыпқа сәйкес келмейді; кейде парамимия байқалады: беттің жоғарғы бөлігі мимикасы қуанышты көрсетеді, көзі күлімсірейді, ал аузы ызалы, тістеніп алған, еріндері қатты қапсырылған, кейде керісінше болады. Кейде мимикалық ассиметрия байқалады. Ауыр жағдайда сөйлеу жоғалады, мылқау қозу жағдайы бақыланады немесе науқас ырылдайды, мыңғырлайды, үзік-үзік сөздер, буындар, дауысты дыбыстарды айтады. Кейбір науқастард тоқтаусыз сөйлеу бақыланады. Бұл кезде сөз оғаш, жоғары жұпты, сөздік стереотипиялар, эхолалия, сөз үзілуі, вербигерация – бір сөзді екінші сөзге мағынасыз қаптастыру байқалады. Кататониялық қозудан ступорлы жағдайға немесе ступордан қозу жағдайына ауысу мүмкін.

Кататонияны люцидті және онейроидты түрлерге ажыратады. Люцидті кататония кезінде сана күңгірттенбейді, негативизмді ступор, сіресу немесе импульсивті қозу байқалады. Онейроидты кататонияда сана онейроидты күңгірттенеді, сасқалақтаумен кататониялық қозу немесе