Алкогольдің адам ағзасына әсері және алкогольдік мастану диагностикасы

Алкогольдің адам ағзасына әсерінің 2 ерекшелігін бөлуге болады - оның мастану шақыратын тікелей әсері, және алкоголизм ауруына алып келетін жүйелі шектен тыс қолдану.

Алкогольдің негізгі әсері – мастандырушы әсер. Алкоголь әсерінің нәтижесі қабылданған спиртті ішімдіктің дозасына ғана емес, оның күштілігіне де байланысты. Арақ тәрізді күшті ішімдіктер әсер еткенде, алкоголь 1 сағат ішінде қанда максимальді концентрациясына жетеді. Бұл кезде мастану тез дамиды және айқын көрініс береді.

Мастану кезінде соматикалық, неврологиялық және психикалық бұзылыстар қатары бақыланады., олардың көріністері мастану дәрежесіне байланысты.

Алкогольдік мастанудың жеңіл, орташа, ауыр дәрежелерін бөледі.

Мастанудың жеңіл дәрежесінде қабылдау табалдырығы төмендейді. Интеллектуальді үрдістер бұзылады: зейін бұзылады, реакциялар баяулаған, ойлау логикасы төмендейді, ұқсас ассоцациялар бақыланады. Қоршаған ортаны қабылдау қиындаған, критика төмендеген. Көңіл-күй тұрақсыз, жиі көтеріңкі, бірақ кейде ашушаңдық, тітіркенгіштік көрініс беруі мүмкін. Қимыл координациясы бұзылған, сөйлеудің жеңіл бұзылыстары бақыланады.

Мастанудың орташа дәрежесінде зейін күрт бұзылады, ол елітпелі болып келеді. Қабылдау нақтылығы және дифференцациясы жоғалады. Интеллектуальдық үрдістер баяу, персеверациялар пайда болады, ойлау кездейсоқ ассоцияциялармен көрінеді. Примитивті, әсіресе сексуальды әуестіктер жанданады. Орташа дәрежелі мастану жағдайындағы адамдар жиі ызалы, агрессивті болады, ол өз кезегінде төбелестерге және ұрыс-керіске әкеледі. Қимыл координациясы едәуір бұзылған, жүрісі тәлтіректеген, сөйлеу – дизартриялы.

Мастанудың ауыр дәрежесінің клиникасы үдемелі есеңгіреумен көрінеді. Артынан терең ұйқыға кетеді: мас адам қолайсыз қалыпта және кез-келген жерде ұйықтап қалады, еріксіз зәр бөлінуі, дефекация, кейде бұлшық ет тырысулары болуы мүмкін. Мастану кезеңі жөніндегі естеліктер әдетте сақталады, алайда кейде бөліктік болуы мүмкін.

Ауыр алкогольды интоксикация кезінде пайда болатын коматозды жағдайда алкогольді организмнен шұғыл шығаруға бағытталған шараларды орындау керек (асқазанды шаю, жүрек - қантамыр және тыныстық функцияларды сүйемелдеу).

Мастанудың жеңіл дәрежесінде алкогольдің қандағы концентрациясы 2‰, орташа дәрежесінде 2-5‰, ауыр дәрежесінде 5‰-дан жоғары болады. Бұл мәліметтер 1 кг дене массасына шаққанда төмендегі көрсетілген алкогольдің (спирт) мөлшеріне сәйкес келеді: І-І,5; І,5-2 және 2,5-3,5 мл.

Мастануды және оның дәрежесін анықтау үшін негізгі мәліметті клиникалық көрнісі береді. Сонымен қатар олар алкогольдің организмдегі құрам бөлігін және оның концентрациясын анықтайтын бірқатар лабороториялық әдістермен және сынамалармен негізделеді.

Тыныспен шыққан ауада алкоголь бар-жоғын дәлелдейтін сапалық реакция Раппопорт реакциясы болып табылады, бұл кезде алкоголь күкірт қышқылының қатысуымен ацетальдегидке айналады және калий перманганаты ертіндісінің тамшыларын қосқан кезде түссізденеді. Шоймош модификациясындағы Видмарк әдісі анағұрлым дәлірек болып табылады, бұл кезде сандық анықтау әдісімен қандағы алкоголь концентрациясы анықталады. Бұл әдіс Видмарктың арнайы колбасы ішінде алкогольдың бір уақытты дистилляциялануы мен тотығуына негізделген.

Алкогольдік мастану фактын анықтау үшін Л.А.Мохов және И.П.Шинкаренко ұсынған индикаторлы түтіктер кеңінен қолданылады. Бұл түтіктерде құрған реагент - мақтаға сіңірілген хром ангидридінің концентрацияланған күкірт қышқылындағы ертіндісі бар. Алкогольдің тыныспен шыққан булары индикатордың сары түсін жасыл немесе көгілдір түске өзгертеді, осылайша тыныспен шыққан ауада алкоголь бар екенін көрсетеді (бұл оң реакция ретінде бағаланады).

Алкогольдің қандағы максимальды концентрациясын анықтаудың дәл әдісі В.Ф. Пономоревтің газды - сұйықтықты хроматографиясы болып табылады. Бұл әдіс алкогольдың этилнитратқа айналуына, артынан түзілген өнімнің газды хроматографта тіркелуіне негізделген.