В) сананың қарауытқан бұзылысы

Г) сананың делириозды бұзылысы

Д) кататониялық бұзылыс

 

127. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, жеңіл алкогольді мастану жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейшіл күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін шайтан, робот деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді болды. Кенет ас бөлмесіне шықты, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, сен шайтансың деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, милицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) алкогольді делирий

Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі

В) кататониялық қозу

Г) алкогольді мастану

Д) сананың онейроиды күңгірттенуі

 

128. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жопарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) кататониялық ступор

Б) истериялық ступор

В) реактивті ступор

Г) пуэрилизм

Д) псевдодеменция

 

129. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) шизоаффективті бұзылыс

Б) аффективті психоз

В) сананың делириозды бұзылысы

Г) реактивті психоз

Д) реактивті параноид

 

130. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) симуляция

Б) реактивті психоз

В) шизофрения

Г) истериялық психоз

Д) агравация

 

131. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнін атап отырды, алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды, кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Тоқтамастан бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Тағылған кінәға қатты таң қалды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) физиологиялық аффект

Б) алкогольді мастану

В) патологиялық аффект

Г) реактивті психоз

Д) импульсивті әрекет

 

132. Ер адам 55 жаста, жұмысшы.Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) біріншілік қызғаныш сандырағы

Б) алкогольді галлюциноз

В) алкогольді параноид

Г) Корсаков психозы

Д) алкогольді псевдопаралич

 

133. Ер адам 55 жаста, жұмысшы.Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) тұрмыстық маскүнемдік

Б) салынып ішетін маскүнемдік

В) алкоголизм 1-ші сатысы

Г) алкоголизм 2-ші сатысы

Д) алкоголизм 3-ші сатысы

 

134. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) кататониялық қозу

Б) психомоторлы қозу