Г) истериялық ұстама

Д) абсанс

 

157. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) жабысқақтық неврозы

Б) фобиялық невроз

В) баяу ағымды шизофрения

Г) реактивті күй

Д) қатерлі шизофрения

 

158. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

А) галлюцинаторлы-сандырақтық

Б) дисморфоманиялық

В) галлюцинаторлы

Г) вербальды иллюзиялар

Д) Кандинский-Клерамбо

 

159. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) тұрмыстық маскүнемдік

Б) алкогольді эпизодты қолдану

В) алкоголизм 1-ші сатысы

Г) алкоголизм 2-ші сатысы

Д) алкоголизм 3-ші сатысы

 

160. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар.

Төменде аталғандардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысын сипаттайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) құсу рефлексінің болмауы

Б) полимсесттер

В) физикалық тәуелділік

Г) психикалық тәуелділік

Д) мөлшерлік бақылауды жоғалту

 

161. 72 жастағы ер адамда сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрінетін эмоциональды дәрменсіздік бақыланады. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А)дисфория

Б) рух әлсіздігі

В) гипертимия

Г) эйфория

Д) амбиваленттілік

 

162. 27 жасар ер адамда, иісті газбен уланганнан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) ретроградты амнезия

Б) фиксациялық амнезия

В) парамнезиялар

Г) конградты амнезия

Д) үдемелі амнезия

 

163. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) сананың аментивті бұзылысы

Б) сананың делириозды бұзылысы

В) истериялық қозу