В) апиындық наркомания

Г) эфедрондық наркомания

Д) кокаиндік наркомания

 

171. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауга тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ-қолдарының буындарындағы күшті сырқырап ауыру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан қалған майда қан құйылулар анықталды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) кокаиндік абстиненция

Б) жедел респираторлы вирусты инфекция

В) апиындық абстиненция

Г) гашиштік абстиненция

Д) апиындық мастану

 

172. 20 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес.

Қандай затпен интоксикацияның белгісі болуы мүмкін?

А) опиаттармен

Б) кокаинмен

В) холинолитиктермен

Г) барбитураттармен

Д) психостимуляторлармен

 

173. 17 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) опиаттармен жедел улану

Б) кокаинмен жедел улану

В) холинолитиктермен жедел интоксикация

Г) барбитураттармен жедел интоксикация

Д) психостимуляторлармен жедел интоксикация

 

174. Бұзылған сана критерияларына төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

А) қоршаған әлемнен ажырау

Б) бағдарлау бұзылысы

В) эмоциональды адекваттылық

Г) психика дезинтеграциясы

Д) сана бұзылысы кезеңінің амнезиялануы

 

175. Психикалық автоматизм синдромының құрамына төменде аталған симптомдардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы кіреді:

А) псевдогаллюцинациялар

Б) шынайы галлюцинациялар

В) соңына түсу сандырағы

Г) әсер ету сандырағы

Д) психикалық автоматизмдер

 

176. Депрессия еміне төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:

А) психотерапия

Б) электротырысулық терапия

В) нейролептиктер

Г) антидепрессанттар

Д) қатаң бақылау

 

177. 30 жастағы ер адам, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Госпитализацияның үшінші күнінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарады. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлау бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды, өзінен дәкені алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

А) галлюцинаторлы қозу

Б) кататониялық қозу

В) реактивті қозу

Г) аментивті қозу

Д) делириозды қозу

 

178. 42 жастағы ер адам төсекте байланыссыз былдырлап жатты, хаосты қимылдар жасайды, көрпесін тартқылайды. Қоршаған ортадан ажыраған, сұрақтарға жауап бермейді. Осы күйден шыққаннан кейін ешнәрсе есінде қалмады. Артынан, бірнеше апта деңгейінде әлсіздік, адинамия, есте сақтау бұзылысы бақыланды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) делириозды

Б) онейроидты

В) кататониялық

Г) аментивті

Д) қарауытқан

 

179. Психотикалық синдромдарға төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

А) кататониялық

Б) обсессивті-фобиялық

В) маниакальды

Г) депрессивті

Д) амнестикалық

 

180. Психотикалық емес синдромдарға төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

А) фобиялық

Б) обсессивті

В) ипохондриялық

Г) амнестикалық

Д) психопатиялық

 

181. Ойлаудың сандық бұзылыстарына төменде аталған бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

А) жабысқақтықтар

Б) резонерлік

В) персеверациялар

Г) ментизм

Д) стереотипиялар

 

182. Сандырақ түзілуінің динамикасына төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

А) сандырақтық идеялар

Б) сандырақтық көңіл-күй

В) сандырақтық қабылдау

Г) сандырақтық пікір