В) парэйдолиялық иллюзиялар

Г) гипнопомпиялық галлюцинациялар

Д) көру галлюцинациялары

 

208. 29 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, кезеңмен пайда болатын қолдары “ұзарып, еденге дейін түсетін, басы ұлғайып, дәп қазір жарылатындай” сезімдерге шағымданады. Осы сезімдері өте айқын болуына қарамастан, науқас қолдары мен басының көлемдерінің қалыпты екенін көре біледі.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) деперсонализация

Б) дереализация

В) психосенсорлы бұзылыстар

Г) парэйдолиялар

Д) псевдоғаллюцинациялар

 

209. 30 жастағы науқас әйел, азпрогредиентті шизофренияға байланысты көп жылдар бойы ем қабылдаған, өзінің өзгергендігі сезіміне шағымданады. Өзін “өзін жоғалтқандай, ақымақтанып, сезім толықтығын жоғалтқандаймын” деп сипаттайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) дереализация

Б) деперсонализация

В) психосенсорлы бұзылыстар

Г) сенестопатиялар

Д) дене схемасының бұзылысы

210. Күйеуін жоғалтқан 30 жастағы әйел, оның суретімен сөйлеседі, күйеуінің жүрген қадамдарын, өз жұмысы жөнінде “әңгімелегенін”, жылы сөздер “айтқанын” “естиді”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) функциональды галлюцинациялар

Б) психогенді галлюцинациялар

В)императивті галлюцинациялар

Г) комментирлеуші галлюцинациялар

Д) рефлекторлы галлюцинациялар

 

211. 28 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, соңғы жыл деңгейінде құлағының жанынан “дауыс естиді”, олар оның жасаған істері мен басында пайда болған ойларға қатысты ескертулер жасайды. “Дауыс” кейде оны мақтайды, бірақ жиі “сөгеді”. “Дұрыс ойламайсың, дұрыс жасамайсың” дейді. Бұл науқаста тітіркендіру шақырады, ол “дауыспен” сөз таластыруға тырысады, ақталады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) комментирлеуші галлюцинациялар

Б) императивті галлюцинациялар

В) рефлекторлы галлюцинациялар

Г) антагонисттік галлюцинациялар

Д) сахна тәрізді галлюцинациялар

 

212. 20 жасар бозбала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Ойлары “секіреді, қиылысады, бір-бірімен шатасады” дейді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) ойлау үзілістері

Б) ойлар ағыны

В) аутистикалық ойлау

Г) ойлаудың жылдамдауы

Д) символдық ойлау

 

213. 20 жасар бозбала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Оның ойларын әлдекім «басқарып» тұрғандай сезім болады, оларды біресе жылжып, біресе тоқтауға “мәжбүрлейді”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) идеаторлы автоматизм

Б) сенсорлы автоматизм

В) моторлы автоматизм

Г) аутистикалық ойлау

Д) ойлау жылдамдауы

 

214. Науқас 25 жаста, өзінің жан күйзелтетін өзгерісін, өз “Мендігін”, “сезімдер толықтығын, өзінің тұтастығын жоғалтуды” сезінеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) дереализация

Б) психосенсорлы бұзылыс

В) деперсонализация

Г) дене схемасының бұзылысы

Д) сананың айрықша күйі

 

215. 19 жастағы науқас қоршаған әлемнің өзгергендік сезіміне шағымданады. Айнала “шынайылығын жоғалтқан, бөтендік” сезімін тудырады дейді. Барлығы “жасанды, шынайы емес” тәрізді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) психосенсорлы бұзылыс

Б) дереализация

В) деперсонализация

Г) сананың айрықша күйі

Д) метаморфопсия

 

216. 27 жастағы науқас бөлімшеде аяқтарын алшақ басып жүреді, осы кезде оғаш қимылдар жасайды. Басын шалқайтып, қолдарын артқа қарай қанат тәрізді жазып ерсі иіледі. Бетінде кернелген, ашулы және қаһарлы түрде қозғалған қастарымен жасанды күлкі.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) гипокинезия

Б) паракинезия

В) гиперкинезия

Г) негативизм

Д) каталепсия

 

217. ”Психопатияға” төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

А) тұлғаның жан-жақты бұзылыстарының тотальдылығы

Б) әлеуметтік адаптация бұзылысы