Б) ұйқы депривациясы

В) аутогенді жаттығу

Г) рациональды психотерапия

Д) транквилизаторлар

 

231. Халықаралық аурулар жіктеуі (ХАЖ-10) төменде аталған невротикалық және стресстік бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығын қамтиды:

А) диссоциативті (истериялық невроз)

Б) экспансивті (маниакальды невроз)

В) үрейлі (фобиялық невроз)

Г) соматоформды (ипохондриялық невроз)

Д) обсессивті-компульсивті (жабысқақтық неврозы)

 

232. Шизофренияға төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

А) тұқым қуалау бейімділігі

Б) симптоматикасының полиморфтылығы

В) ремиссиясыз ағым

Г) тұлға ақауы

Д) сана бұзылысы

 

233. Шизоаффективті психозға (рекуррентті шизофрения) төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

А) егде жаста басталады (55-65 жас)

Б) онейроидты-кататониялық ұстамалар

В) аффективті ұстамалар

Г) сапалы ремиссия (интермиссиялар)

Д) тұлғаның жеңіл үдейтін ақауы

 

234. 23 жастағы студент жүріс-тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күн бойында бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) депрессивті ступор

Б) кататониялық ступор

В) кіші эпилепсиялық ұстама

Г) джексондық ұстама

Д) қарауытқан жағдай

 

235. Төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы маниакальды-депрессивті психозға тән:

А) конституциональды бейімділік

Б) симптоматика полиморфизмі

В) фазалық ағым

Г) интермиссиялар

Д) аффективті ұстамалар

 

236. 35 жастағы науқас, дәрігер қабылдауында нақты, детальді түрде шағымдарын әңгімелейді. Осы кезде өз ауруының көріністеріндегі маңыздысын ажыратуда қиналады.

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?

А) персеверация

Б) байымдылық

В) стереотипиялар

Г) неологизмдер

Д) резонерлік

 

237. 37 жастағы әйел, жұмысындағы конфликттен кейін “дауысын жоғалтты». Сөйлемейді, тамағында «түйін» тәрізді жағымсыз нәрсе басып тұрғанын сезінген.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) психопатия

Б) шизофрения

В) невроз

Г) эпилепсия

Д) псевдодеменция

 

238. 35 жастағы әйел, жұмысындағы конфликтен кейін “дауысын жоғалтты». Дәрігер қабылдауында демонстративті, сыбырлап сөйлейді. Тамағындағы спазмдарға байланысты сөйлей алмайтынына, тамақты жұта алмайтынына шағымданады. Әңгімелесу кезінде кезеңмен еңіреп жылайды, көпке дейін сабырға түсе алмайды. Зейіні жұмысындағы жағдайға фиксацияланған, басшылыққа “ауыр ауруға жеткізгендіктері” жөнінде хабарлауды өтінеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) неврастения

Б) реактивті депрессия

В) истериялық невроз

Г) истериялық психоз

Д) псевдодеменция

 

239. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды. Науқас өмірінде өз денсаулығына мазалану басым орын алатын болды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) неврастения

Б) невротикалық депрессия

В) ипохондриялық невроз

Г) жабысқақтық неврозы

Д) истериялық невроз

 

240. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) ипохондриялық шизофрения

Б) инволюциялық депрессия

В) невротикалық күй

Г) қантамырлық психоз

Д) сенестопатиялық шизофрения

 

241. Шизофренияға төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) әуестік бұзылысы

Б) ойлау бұзылысы

В) жады бұзылысы

Г) ерік бұзылысы

Д) эмоция бұзылысы

 

242. Невроздарға төменде аталған синдромдардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) депрессивті

Б) ипохондриялық

В) обсессивті

Г) амнестикалық

Д) фобиялық

 

243. Классикалық депрессия емінде төменде аталған ем әдістерінің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:

А) психотерапия

Б) электротырысулық терапия

В) антидепрессанттар

Г) нейролептиктер

Д) қатаң бақылау

 

244. Екіншілік психопрофилактикаға төменде аталған іс-шаралардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

А) диспансерлік бақылау

Б) сүйемелдеуші терапия жүргізу

В) психикалық ауруды ерте анықтау