Г) науқас мүгедектігіне жол бермеу

Д) ауру рецидивтерінің профилактикасы

 

245. Ауру жөніндегі аутогенді көзқарас негізінде төменде аталған критериялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы болмайды:

А) дерттің ауырлығы

Б) дәрігердің ауру жөніндегі пікірі

В) науқастың ауру жөніндегі пікірі

Г) дәрігер квалификациясы

Д) дерттің психологиясын білу

 

246. Ауру жөніндегі ятрогенді көзқарас негізінде төменде аталған критериялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы болмайды:

А) дәрігердің ауру жөніндегі пікірі

Б) дәрігер мен науқастың ауру жөніндегі пікірі

В) науқастың тұлгалық ерекшеліктері

Г) науқастың ауру жөніндегі пікірі

Д) ауру сипаты

 

247. Медицина қызметкерлерін профессиональды қызметке дайындау негізінде науқас психологиясын білу, медициналық ортада медициналық қызмет пен қарым-қатынастар сипатын білдіретін психологиялық дайындық жатыр. Дегенмен, көптеген медицина қызметкерлері психологияға негативті көзқараста.

Төменде аталған факторлардың қайсысы психологияға деген осындай көзқарас қалыптасуына ықпал етеді?

А) медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз психологиялық дайындығы

Б) зерттеудің қосымша әдістерінің рөлі мен мәнінің жоғарылауы

В) медикаментозды заттардың үлкен арсеналы

Г) медицинаның қазіргі уақыттағы жетістіктері

Д) емнің оперативті әдістерінің рөлінің жоғарылауы

 

248. Науқас әйел 47 жаста, өзінің соматикалық күйіне эмоциональды түрде шағымданады. Осы кезде науқастың өз дертінің белгілерін субъективті күшейтіп тұрғаны, дәрігердің зейінін өз жағдайына аударуға тырысуы байқалады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

А) аггравация

Б) симуляция

В) диссимуляция

Г) анозогнозия

Д) ипохондрия

 

249. Галлюцинаторлы бұзылыстармен түскен 27 жастағы науқас, жүргізілген емнен кейін, “дауыстардың жоғалғанын” айтты. Дегенмен, науқастың сыртқы бейнесінен кезеңмен үрейшіл, мазасызданып, бірдеңеге құлақ түретіні байқалады. Бірақ дәрігердің сұрағына табанды түрде “дауыстар жоқ” деп жауап береді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) анозогнозия

Б) диссимуляция

В) симуляция

Г) аггравация

Д) гипернозогнозия

 

250. Бұрын жыныстық өміріне шағымы болмаған 30 жастағы әйел, жұбайына жыныстық суықтықты, оған деген сексуальды әуестіктің жоғалғанын байқаған.

Аталған сексуальды жүріс-тұрыстың себебі төменде аталған факторлардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

А) жыныстық өмірді ерте бастау

Б) сексуальды қарым-қатынас жөнінде ақпараттың болмауы

В) интимді қатынастарға байланысты психогениялар

Г) жыныстық қатынастың жұбайлық өмірден басталуы

Д) әйелдің жыныстық жетілуі

 

251. Рациональды психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) науқастың эмоциональды сферасына әсер ету

Б) екіншілік сигналды жүйе арқылы әсер ету

В) науқастың ерік саласына әсер ету

Г) біріншілік сигналды жүйеге әсер ету

Д) науқас тұлғасына әсер ету

 

252. Суггестивті психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы жатпайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) екіншілік сигналды жүйеге әсер ету

Б) науқас санасына әсер ету

В) науқастың ойына әсер ету

Г) біріншілік сигналды жүйеге әсер ету

Д) науқастың интеллектіне әсер ету

 

253. Патологиялық аффекттің қорытынды фазасына төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) психикалық күштің күрт әлсіреуі

Б) физикалық күштің күрт әлсіреуі

В) прострация, жасаған ісі мен айналаға немқұрайдылық

Г) болған жайт жөнінде естеліктің болмауы

Д) психикалық және физикалық күштің көтеріңкілігі

 

254. Патологиялық аффектке төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) психикалық жарақат әсерінен пайда болуы

Б) жедел және интенсивті психикалық жарақат әсері

В) сана күңгірттенуі

Г) жүріс-тұрыс мақсаттылығы

Д) әрекеттердің автоматтылығы

 

255. Патологиялық аффекттің дайындық фазасына төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) психикалық жарақаттың әсеріне байланыстылығы

Б) эмоциональды кернелістің үдеуі