Абілетсіз деп танылған адамдарды куәландыру

1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңды белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз леп танылған адамды осы Заңның 30-бабымен көзделген тәртіп бойынша психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігердер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.

2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясы куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Психиатр-дәрігерлер дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға салғанда қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

 

34- б а п . Психиатриялық стационардағы пациентттердің

Ықтары

1. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.

2. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің бәрі:

1) Емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Заңмен берілген құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа щағымдар және арыздар беруге, адвокатпен және діни қызметшімен оңаша кездесуге, діни салтттарды орындауға, діни қағидарларда сақтауға;

2) Газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;

3) Егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллетілік дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;

4) Егер пациент өндірістік еңбекке қатысатын болса, еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;

5) Хат-хабар алысуға;

6) Сәлемдеме, бандероль,ақша аударымдарын алуға және жіберуге;

7) Телефонды пайдалануға,

8) Келішулерді қабылдауға;

9) Ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.

3. Газеттер мен журналды жеке жаздырып алу, байланыс қызметін және тағысын тағыларды пайдалану олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті

Амтамасыз ету шаралары

1. Стационарлық психиатриялық жәрдемді, ауруханаға салынған адам мен басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мейлінше аз шектеулі жағдайларды, медицина қызметкері оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асырады.

2. Ауруханаға еріксіз салынып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға салынған адамға күш қолданып қысым жасау мен оқшаулау шаралары оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін, психиатр-дәрігердің пікірінше, өзге әдістермен тыйу мүмкін болмаған кезде қолданылады және медицина қызметкерінің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады.Күш қолданып қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.

3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауруханаға еріксіз салынатын адамды еріксіз куәландыруды жүзеге асырған кезде медицина қызметкерлеріне көмектесуге, ауруханаға салынатын адамды тексеру мақсатымен оның қасына бару үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.Ауруханаға салынған ,ауруханаға салынуға тиіс адам ( адмдар) тарапынан айналадағыларының өмірі мен денсаулығына қатер төндірілетін жағдайларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен іс-қимыл жасайды.