Практикалық сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы

1.Жуйке жүйесінің құрылысы, қызметі

2.Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары

4 - ОЖСӨЖ тақырыбы:Рефлекс

1.Рефлекс түрлері

2. Рефлекс доғалары

Есеп беру түрі: баяндама

СӨЖ тапсырмалары:

Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.

Есеп беру түрі: Тақырып бойынша реферат дайындау

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

Бесінші апта

№ 5 дәріс тақырыбы :Көру және есту органдарының гигиенасы

1.Есту-көру органдарының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері

2.Балалардың көз гигиенасы

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап,талдап,талқылайтын,олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.Организмде жеті түрлі талдағыштар бар:көру,есту, иіс,тері,қозғалыс,дәм және висцеральды,яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады:

1.сезгіш немесе периферииялық бөлім,шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;

2.Өткізгіш бөлім,сезгіш нерв деп те атайды;

3.орталық,немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары,сезім аймақтары деп те атайды.Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады.Сонымен қатар,олардық ортақ,бәріне бірдейқасиеттері де бар.

Көру талдағышы.Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөлімінде көру жүйкесі жатады. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары,жарық өткізгіш.

№5 практикалық сабақ тақырыбы:Талдағыштар.Көру талдағышы.

1.Талдағыштар, олардың ортақ қасиеттері, жіктелуі.

2.Көру талдағыштары

5- ОЖСӨЖ тақырыбы:Ес, эмоция туралы түсінік

1.Ұйқы оның маңызы.

2.А.А.Ухтомский ұсынған қозу мен тежелудің доминантасы туралы ілімі.

Есеп беру түрі: ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі.

Есеп беру түрі: Темперамент түрлеріне кесте толтыру.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

Алтыншы апта

№6 Дәріс тақырыбы :Бұлшық ет, сүйек жүйесінің гигиенасы

1.Бұлшық ет, сүйек жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері

2.Тұлға және оның қалыптасуындағы сүйек, бұлшық ет жүйелерінің алатын орны.

1.Тірек-қимыл жүйесі, оның маңызы, құрылысы.Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек – ет жүйесіне, яғни тірек – қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Сүйек –ет жүйесі негізінен тірек, қимыл- қозғалыс,қорғаныс,тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организміне өте маңызды орын алады.2.Сүйектің құрылысы мен құрамы. Қаңқаның құрылысы.Адам қаңқасының негіз- суйек. Суйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.Адам қаңқасы бас,тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы,12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі.Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын,12 көкірек немесе кеуде, 5 бел,5 сегізкз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. 3.Баланың белсенді қозғалыс жүйесі. Баланың қимыл қозғалысының дамуы.Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, денесалмағының 20-22 пайызындай ғана болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар.Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып,өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын салалы,қысқа, жалпақ,ромба,квадрат,трапеция тәрізді болып келеді.

4.Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын-алу гигиенасы.Баланың жататын төсегі,тамақ ішкенде,сурет салғанда отыратын үстелі мен орындағы,еңбек мөлшері,киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек.баланы дұрыс отыруға,төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру керек.Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп,омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады.

№6 практикалық сабақтың тақырыбы:Бала денесінің дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы

1.Бала денесінің дамуына еңбек, дене тәрбиесінің алатын орны

2.Ертеңгілік жаттығу, қозғалыс ойындары және спорттық шараларын өткізуге қойылатын гигиеналық талаптар.

6-СОӨЖ тақырыбы:Тірек-қимыл жүйесі

1.Қаңқаның қызметі: сүйектердің, бұлшықеттердің түрлері, классификациясы, гиподинамия.

2. Сүйектердің байланысы.

Есеп беру түрі:Ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Нәрестенің тірек-қимыл жүйесінің дамуы

Есеп беру түрі: тәжірибе қорытындысын талдау.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

Жетінші апта

№ 7 дәріс тақырыбы :Жүрек, қан тамыр гигиенасы

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың жүрек, қан тамыр жүйелерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.

2.Балалардың жүрек қызметінің бұзылуы, оның себептері және алдын-алу.Қан жүйесінің маңызы, морфо-физиологиялық ерекшеліктері.Адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қан атқарады. Адамның денесіндегі қан- организмнің сұйық негізі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 пайызы.2.Қан құрамы және оның физикалық, химиялық қасиеттері.Қанның құрамы өте күрделі.Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плпзмадан тұрады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Қанның белсенді реакциясы ,буферлік,тұтқырлығы.

1.Қанның пішінді элементтері.Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинакалары тромбоциттер жатады.

2. Қан құю және иммунитет, қан топтары. Адам жараланып, денесінен қанның жартысынан жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамғақұйып,жарақаттанған адамда аман алып қалуға болады. Сондықтан донордың қанын реципиентке құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.Иммунитет –адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады.

3. Қан айналу жүйесінің жалпы құрылысы. Үлкен және кіші қан айналу шеңберлері. Жүрек –қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім .Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді.денедегі қан Денедегі қан үлкен және кіші қан айналыс жоладры арқылы тасымалданады. Сол жақ қарыншаның қуысынан үлкен қан айналыс жолы басталады. Оң жақ қарыншадан кіші қан айналыс жолы басталады.

№7 практикалық сабақ тақырыбы:Жүрек

1. Жүрек құрылысы (орналасуы, пішіні, камералары, салмағы)

2. Жүрек қабырғасының құрылысы, ерекшеліктері (эпикард, миокард, эндокард)

7- ОЖСӨЖ тақырыбы:Секреция бездері

1.Ағзадағы бездердің жіктелуі. Гормондардың қасиеті.

2.Бір секрециялы бездердің гормондары, маңызы

Есеп беру түрі: ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Туа пайда болатын жүрек аурулары

Есеп беру түрі: реферат.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

Сегізінші апта

№8 Дәріс тақырыбы:Дауыс аппараты және тыныс алу органдарының гигиенасы

1.Дыбыстық аппарат пен тыныс алу ағзасының гигиенасы

2.Ауыз қуысының гигиеналық күтімі

1.Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы.Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады.Тыныс жолдары екіге бөлінеді:1.дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары,2.ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орны - өкпе альвеолалары.Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі. Тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі- өкпе.2.Тыныс алу жүйесі қызметінің ерекшеліктері.Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына, және жеке басының ерекшелігіне байланысты. Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде- 25см3, 1 жаста-80см3- ге дейін артады,2 жаста- 140см3, ересек адамда- 400см3.Өкпе мөлшері жаңа туған сәбиде -53см3,, 1 жаста-210см3,13 жаста-707см3,20-25 жаста-1680см3,ал 30-40 жаста орта шамамен 1788см3.3. Өкпенің жалпы сыйымдылығы.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы,яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500мл ауа кіреді.Мұны дем алу ауасы деп атайды.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. 4.Газ алмасу. Тыныс алудың реттелуі.Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы,дем шығарғандағы сыртқы айдалатын ауадан өзгеше.Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежеде реттеу жолдарымен іске асады.Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланысты дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.5.Тыныс алу мүшелері қызметінің гигиенасы.Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру ,шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады..баланың дұрыс отыра білуге де маңызды. Бүкірейіп,кеудесін үстелдің немесе партаныңшетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді,жүрек қан- тамырдың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды.

1.Ас қорыту мүшелері және зерттеу әдістері.Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны,ащы ішек пен тоқ ішек,бауыр мен ұйқы бездері жатады.Ас қорыту мүшелерінің қызметтерін орыс физиологы И.П.Павлов зерттеген.2.Астың қорытылуы.Ауыз қуысындағы ас қорыту ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі , температурасы, басқа да қасиеттері анықталады.Ауыз қуысында ұсақталып,сілекейленіп араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді.Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Лайықты мөлшерде қорытылатын ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынанаш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Одан ащы ішекте, Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады.3.Астың реттелуі .Сілекей бездерінің бездерінің қызметінің реттелуі,Қарын бездерінің,ішектегі ас қорытудың реттелуі болып табылады.

№8 практикалық сабақтың тақырыбы:Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

  1. Тыныс алу жүйесі қызметінің ерекшеліктері
  2. Тыныс алу мүшелері қызметінің гигиенасы

8-СОӨЖ тақырыбы:Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)

  1. Өкпенің жалпы сыйымдылығы
  2. Газ алмасу. Тыныс алудың реттелуі
  3. Тыныс алу мүшелері қызметінің гигиенасы

Есеп беру түрі:Реферат.

СӨЖ тапсырмалары:

Асқорыту мүшелерінің маңызы мен гигиенасы.

Есеп беру түрі:презентация.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

Тоғызыншы апта

№ 9 дәріс тақырыбы :Мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтануы

1. Ағзаның өміршеңдігіндегі тамақтың рөлі.