Леуметтік диагностиканың мәні мен сипаттамасы

Диагностика, бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынастың әдістері мен әлеуметтік шынайылық туралы ақпаратты бірте-бірге өзгерте отырып, XIX ғ. соңы – XXғ. басында әлеуметтік тәжірибеде мойындау мен кең таралымға ие болды. Әлеуметтік диагностиканың қалыптасу кезеңінің ерекшілігі, ол әлеуметтік ақпарат күрделі емес және ерікті сипатқа ие болуында; оның шығу көзі ретінде формализмге негізделген және формализмге негізделмеген сұхбат әдісі, бақылау және басқа да зерттеу объектісі туралы ақпарат пен тәжірибе, әлеуметтік білімді жинақтаудың тәсілдері жатады. Сондықтан да, диагностиканың нәтижесі нақты емес болып келеді.

«Әлеуметтік диагностика» термині ХХ ғасырдың 20ж. басы – 30ж. соңында кең етек ала бастады. Қазіргі уақытта «әлеуметтік диагоностика» әлеуметтік жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі ретінде тұжырымдалды. «Диагностика» термині (грек тілінен аударғанда «диагноз» - анықтау, тану) медицина ғылымынан алынған.

Біз білетініміздей, медициналық диагноз науқасты жан-жақты зерттеу негізінде соматикалық немесе психикалық ауруының себебі мен сипатын анықтау болып табылады. Көптеген психикалық аурулар пациенттер, басқа адамдар мен ұйым арасындағы күрделі өзара байланыс нәтижесінен болады. Диагноздар, соның ішінде психикалық ауруларда пациентке қоршаған ортаның әсері мен әлеуметтік-мәдени аспектілер, сонымен бірге осы мәселенің пайда болуына ықпал ететін құбылыстар да есепке алынбайды. Сонымен қатар, диагноз адамға әрдайым өзгерістер мен даму процесі тән екендігі назардан тыс қалып отырады.

«Диагностика» (грек тілінен “diagnostikos” – тануға қабілетті) - зерттеліп отырған объект немесе процесс туралы жоққа шығаратын ақпаратты алудың жалпы тәсілі. Әлеуметтік қатынастар мен процестер саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауруды анықтаумен бірдей десе де болады: егер ауруды дер кезінде және оның пайда болуының себептері мен белгілерін дұрыс анықтайтын болса, онда емдеудің сәттілігі мен жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Дұрыс қойылмаған диагноз дәрігерлердің жұмысын жоққа шығарып қана қоймай, науқастың сауығу мүмкіндігін де жояды. Барлық соматикалық денсаулық саласында айтылғандардың барлығы психологиялық денсаулыққа, сонымен бірге білім деңгейін, интеллектіне де тән (пелагогикалық аспект), сондықтан да әлеуметтік жұмыстағы диагностика жоғары квалификация мен технологиялылықты қажет ететін маңызды қызмет болып табылады.

Кейбір ғалымдар әлеуметтік тәжірибеде бұл терминді «мәселелі талдау» ұғымымен ауыстыруды немесе бұл процесті әлеуметтік себепті анықтау үшін немесе эксперттік баға беру ретінде қолдануды ұсынады.

Ғылыми-тәжірибелік бағытта әлеуметтік қызметкерге кең шеңбердегі талаптарды анықтауға тура келеді, сондықтан да, әлеуметтік диагностиканың маңыздылығы зерттеліп отырған объекті немесе әлеуметтік процесс туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Әлеуметтік диагноздың мәні әлеуметтік қызмет көрсетудегі клиенттің өмір сүру жағдайында пайда болған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау болып отыр. Әлеуметтік диагноз клиент жайлы ақпарат жинау мен өмір сүру жағдайын, сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын дайындау үшін оны талдау болып табылады.

Диагностиканың мақсаты әлеуметтік объектінің жағдайы – ол туралы ақпараттың дәлдігін және оны қоршаған ортаны, мүмкін болатын өзгерістерді жобалау және басқа да объектілерге әсерін қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудегі ұйымдас-тырушылық шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау, іс-әрекетті әлеуметтік жобалауды дайындау.

Әлеуметтік диагнозды қою – бұл шығармашылық процесс, бірақ белгілі-бір іс-әрекет алгоритміне, мәселені шешу құралы мен процедураны пайдалануға ие болып келеді. Ғылымның әртүрлі саласында жұмыс жасаған көптеген ғұлама ғалымдардың шындықты анықтаудың және қоюдың өзіндік шығармашылық, индивидуалдық бағыттары бар. Әлеуметтік даму мәселесінің диагнозын және шығармашылық талдаудың технологиялылығын сипаттаған В.И. Вернадский болды. Ол келесі ережелерге бағынуды ұсынды:

- нақты талдау жүргізу;

- жекеліктен жалпыны көру;

- құбылысты суреттеумен шектелмей, оның мәні мен басқа құбылыстармен байланысын терең зерттеу;

- «неге?» деген сұрақтан қашпау;

- қағидалар тарихын есепке алу;

- түпнұсқаға жүгіне отырып, әдеби шығармалардан зерттеу пәні туралы барынша ақпарат жинау және т.б.