Леуметтік терапияның мәні мен мазмұны

Әлеуметтік-тұрмыстық ретсіздік, стрестік ситуация-лар адамның әлеуметтік, соматикалық және психологиялық көңіл-күйін төмендетеді. Бүгінгі күні адамдардың көпшілігі қоршаған орта арқылы көптеген жағымсыз жағдайлардың ықпалын тікелей және жанама түрде басынан өткізеді. Әлеуметтік терапиялық көмектің әртүрлі әдістері мен түрлерін қолданған әлеуметтік қызметкер, өз жұмысын, ең алдымен адамдардың жас ерекшелігіне, кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерін сай құруы қажет.

«Терапия» сөзі грек тілінен аударғанда «қамқорлық, күтім, емдеу» деген мағынаны береді.

Біз білетіндей, медицина саласында терапиялық емдеудің көптеген түрлері қолданылады: дәрі-дәрмектік құрал, физиотерапия, фитотерапия, мануалды терапия және т.б. Дәстүрлі әдістерді қолданумен қатар, емдеудің басқа түрлерін табуға тырысуда, мысалы, ине терапиясы немесе емдеудің экзотикалық түрі «дельфинотерапия». Кейбір мамандардың айтуынша, балалардың дельфинмен сөйлесу арқылы қозғалу қабілеттері қайта қалпына келеді, қан айналымы жақсарып, ауру төмендейді. АҚШ-та бұл әдіс 30 жылдан аса қолданылып келеді.

Әлеуметтік терапия психикаға ықпал ету әдісін қолданатын психотерапиямен тығыз байланысты. Бұл ықпал ету пациенттің мазасыздығын тудыратын сезімдерін, ойларын, импульсін, қатынасын және психологиялық симптомын ретке келтіруге байланысты, адамға немесе топтарға көмек көрсетудің мақсатты бағытталған, жүйелі шараларды қамтиды және де психологиялық теориялар мен әдістерге негізделген болып табылады. Психотераевт-дәрігер негізінен жүйке жүйесі ауыратындармен және адамның басқа да жүйке-психологиялық патологияларымен жұмыс жасайды.

Психотерапияның негізгі 4 моделі белгілі:

- психотерапия, клиенттің соматикалық және психикалық жағдайына ықпал ететін емдеу әдісі ретінде (психотерапияның медициналық моделі);

- психотерапия, қоғамдық бақылау құралы және қызмет етуші сипатына сай жасалатын амалдар әдісі ретінде (әлеуметтанулық модель);

- психотерапия, тұлғаны зерттеу процесінің әдісі ретінде (психологиялық модель);

- психотерапия, адамдар арасындағы өзара байланыс барысында пайда болатын кешенді құбылыс ретінде (философиялық модель).

Әлеуметтік қызметкер индивидттермен немесе әлеуметтік топтармен жұмыс барысында психологиялық және соматикалық мәселелермен жиі кездесіп отырады, сондықтан да, психотерапияда қолданылатын негізгі терапевтік және тәжірибелік әдістерін игергені жөн. Бұл оған адамның ішкі факторларын, яғни оның мінез-құлқына түрткі болатын себептерін анықтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік қызметкердің клиентпен жұмысының бірінші сатысы терапевтік кеңес беру және әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Оған көмек беру үшін әлеуметтік қызметкер өзі терапевтік жұмысты жүргізуі тиіс немесе басқа мамандармен бірігіп ұйымдастыруы қажет. Егер пациенттің денсаулығында күрделі ауытқулар байқалатын болса, онда әлеуметтік қызметкер, оны толық қажетті ем алу үшін дәрігерге немесе психотерапевтке көрінуіне ұсыныс береді.

Алайда, клиникалық бағыттар біздің нақты өміріміздегі болып жатқан оқиғаларды, индивид өмірінің әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік жағдайларына назар аудармайды, сондықтан да, кей уақытта емдеу әдістері нәтижелі болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, медициналық тұрғыдан шешімі табылуы қиын белгісіз асқазан ауруымен ауыратын адамға, «Сіздің үйіңіздегі жағдай қандай?» деген қарапайым сұрақ қою керек. Сол кезде оның бойынан нақты осы күрделі жағдайына себепші болған уайымды, эмоцияны және сезімдерді көруге болады. Жалпы, өмірдің өзі адамдардың денсаулығының жақсы болуына әсер ететін бірнеше «терапевтік» ситуациялар қатарынан тұрады, олар: өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін бақытты балалық шақ, достық және сүйіспеншілік қарым-қатынас, жұмыстан алатын қанағаттану сезімі, сенім және наным және т.б.

Сонымен, «терапия» термині қазіргі уақытта кең әлеуметтік мағына және психотерапевт-дәрігерлердің қолданатын терапевтік әдістері салыстырмалы сипатқа ие болып отыр: яғни, адамның шешілмеген мәселелері бар немесе болатын болса, онда әлеуметтік жұмыс мамандарына белсенді түрде жұмыс жасау керек дегенді білдіреді.

Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ғана қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқулардың шешімін түсіндіре алады. Адамды өзінің мәселелерімен, уайымдары мен қиындықтарымен бірге индивидуалды біртұтастық ретінде қабылдау арқылы, әлеуметтік қызметкер өз тәжірибесінде мақұлданған әдістерді пайдаланумен терапевтік көмекті әсерлі ете алады.