Леуметтік тәжірбиедегі психологияның мәні мен маңыздылығы

Психологияға баса назар аудару, тұлғаның әлеуметтенуінің дәстүрлі институтының тоқырауымен, қоғамдық құрылымның өзгеруімен және қоғам өмірінде тұлғалық факторлар рөлінің өсуімен сипатталатын адам алдындағы «технологиялық революция» кезеңімен негізделеді.

Әлеуметтік қызметкер - клиентке біздің Жер бетінде өмір сүруіміздің мәні туралы, соның ішінде адам өміріне маңызды болып табылатын сұрақтарына жауап беруіне жиі тура келеді. Ф.М. Достоевскийдің айтуы бойынша: «адамның өмір сүруінің мәні, оның өмір сүруінде ғана емес, оның не үшін өмір сүруінде» - деген болатын.

Психология дінде, өнерде, медицина салаларында және бұқараны басқарудағы әлеуметтік технологияда қолданылатын бұрыннан бар білімдерге сүйену арқылы пайда болған ғылым.

Осылайша, діни адамның барлық өмірі әртүрлі психотехнологиялық әдіс-тәсілдермен байланысты. Мысалы, белгілі-бір іс-әрекет немесе тіпті қылмыс жасаған адамға көмектесетін діни қызметкерге жүгіну; өткен күннің ауытпалықтарынан арылып, ұйықтау алдында қалыпты жағдайды орнату үшін оқылатын уақытша дұғалар; шоқындыру мен некелестіру, қайтыс болған адамға жасалатын ырымдар және т.б.

Іс жүзінде барлық тарихи кезеңдерде адамдық өркениеттің дамуында белгілі-бір билік пен білімге ие бола отырып, монархтар, президенттер, шіркеу қызметкерлері, шамандар және т.б. өз мақсаттарына жету үшін психотехникалық әдістерді қолданған.

Батыс елдерінде қолданылатын әртүрлі психология-лық теориялар, әлеуметтік қақтығыстарды ушығу деңгейіне жеткізбеуге тырысады және еңбек етушілерді «өз еркімен» көмектесуге итермелейді.

Көптеген мамандар мен емшілер клиентке ықпал ету тұрғысында, яғни әртүрлі өсімдік және минералды құралдарды, дәстүрлер мен ырымдарды, мысалы, көп адамдардың алдында өз қателігін мойындау сияқтылар-ды пайдалану арқылы, оның эмоционалды жағдайын жоғарылатады.

Психологиялық ықпал ету сиқырлық сипатқа ие. Бұл ықпал етудің тиімділігі – индивид өзіне қолданылатын әдістердің әсер ететіндігіне сенеді. Осы жағдайда адамдардың эмоционалдық тұрғыда және ақпаратты алудағы қажеттіліктері қанағаттандырылады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиялық аспектілерінің ерекшелігі ол индивидтің әлеуметтік мәніне сүйене отырып және адам психикасын ескеру барысында мақсатты бағытталған әлеуметтік іс-әрекетті қарастырады.

Психологияның өз алдына қоятын негізгі міндеті – бұл адамға өмірін мәнді, мағыналы етуге өмірлік күштерді дамыту, көмекке мұқтаждарды қолдау болып табылады.

Адам – терең әлеуметтік тіршілік иесі және әлем мен қоршаған ортамен үндестікте өмір сүруге деген құштарлық психиканың қалыпты жұмыс жасауының сапасын құрайды. Кез-келген индивид үшін психология-лық қорғаныс физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік деңгейде жүзеге асады. Аталған деңгейлердің әрқайсысы өздігімен функционалдық жүйелерді көрсетеді.

Психологиялық қорғаныс белсенді психикалық феномен болып табылады және тұлғаның жеке мінез-құлқымен анықталады. Сондықтан, осы жеке мінез-құлыққа ықпал ете отырып, психологиялық қорғаныс механизмін мақсатты бағытталған жаттығулар арқылы күшейтуге болады.

Бүгінгі таңда психологияның дербес ғылым салалары бөлініп шығуда: инженерлік психология, медициналық психология, құқтық психология, психодиагностика, психотерапия және т.б. Іс жүзінде әрбір, кәсіби қызмет түрі психологиялық аспектіге ие. Әлеуметтік жұмыстың өзгешелігі, оның технологиялық көзқарастары, жалпы психологияның түйіскен жерінің дамуында, әлеуметтік психологияның, психодиагностиканың және тағы басқа, осылардың бәрі әлеуметтік кәсіптің мақсаттарын қарастыру болып табылады, адамның психикасының ерекшеліктерін қарастыра отырып, әлеуметтік және тұлғаның маңызына сүйенеді.

Психологияның алдына қойған ең маңызды мәселесі ол адамға деген өмірінің жақсырақ және маңызды болуына көмектесу болып табылады.

Бұл үшін психологияда әртүрлі ғылыми әдістер және олардың нұсқаулары қолданылады:

- Бақылау – сырттай (сырттан бақылау), іштей, еркін, стандартталған, енгізілген;

- Сауалнама – ауызша, жазбаша, еркін, стандарттал-ған;

- Тест – тест-сұрақнама, тест-тапсырма, жобалық тест;

- Үлгілеу – математикалық, логикалық, техникалық, кибернетикалық;

- Эксперимент – зертханалық, табиғи.