Арт адамдар мәселелері

Қазіргі заманда адамдар қартаюы жаһандық мәселе болып отыр. БҰҰ эксперттерінің болжамы бойынша әрбір оныншы тұрғынның жасы 60 және одан жоғары болған.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдары классификациясына сәйкес, қарттық жас 60-тан 74 жасқа дейін, кәрі жасқа 75 пен 89 жас, көп жасаушыларға 90 және одан да көп жыл өмір сүргендер жатады. Әлеуметтанушылар адам өміріндегі мұндай жастарды «үшінші жас кезеңі»деп атаса, демографтар «үшінші» (60-75 ) және «төртінші» 75-тен жоғары жастарды есептейді.

Дамыған елдерде азаматтардың қартаю процесі аз дегенде үш онжылдықты қамтыса, қарт адамдардың үлесі 15-20%-ды құрайды. Дамушы елдерде туу күрт азайып, қартаю белсенді сипат алады деп болжанады.

Егер кез-келген елде 60-тан асқан адамдар саны жалпы халықтың 10%-ын құрайтын болса елдің қартаю процесі деп саналады. Ал бұл көрсеткіштер Қазақстандағы жасы 65-тен асқан адамдар 7-8% құрағандығын көрсетеді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 2050 жылдары 60 жастан асқан адамдар саны жер бетіндегі халықтың жартысын құрайды деген болжам бар. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ерлердің өмір сүру ұзақтығы 63,6 жасты, әйелдер жасы 73,6 жасты, ал жалпы орта жас 68,6 құрайды.

Қарт адамдардың орны мен рөліне Біріккен Ұлттар Ұйымының концептуалды көзқарастары 1991 жылы Бас Ассамблеяда қабылданған болатын. Бұл принциптер қарт азаматтарды қамтамасыз етуді қарастырады:

- азық-түлікпен қамтамасыз ету, баспана және киім, медициналық қызмет көрсету, пайда табуға мүмкіндік беретін жұмыспен айналысу, өзгермелі жағдайға сәйкес өмір сүру қауіпсіздігі, көбірек үй жағдайында болу, өз қозғалыстары мен бірлестіктерін құрып, оған белсенді араласуы;

- отбасы мен қауымдастық тарапынан қамқорлық көру, физикалық, психикалық және эмоциялық жағдайларын жақсарту және қалпына келтіру, аурудың алдын-алу мақсатында медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік және құқықтық қолдауға ие болу, қамқорлық ұйымдарының қызметі, адам құқықтары мен басты бостандықтары жөнінде әлеуметтік мекемелері, оның ішінде адамдардың мұқтаждықтары, көзқарастары мен өмір сүру сапасы тұрғысында шешім қабылдауы;

- өз мүмкіндігін жан-жақты жүзеге асыру мүмкіндігі, яғни білім, мәдениет, рухани өмір және демалыс саласындағы қоғамдық құндылықтарға қолжетімді болуы;

- басқалар тарапынан қанау, физикалық немесе психикалық зорлыққа ұшырамау, қауіпсіз өмір сүру, жас ерекшелігіне, жынысы, нәсілдік немесе этникалық ерекшеліктеріне, мүгедектік немесе басқа да жағдайларға байланысты әділдікке құқығы болу.

Әлемдік қауымдастық қарт адамдарды ауыртпалық ретінде емес, позитивтік (жағымды) фактор ретінде қарастырады. Қарт адамдар белсенді, шығармашылық және пайдалы рөл атқарып, өздері туралы қамқорлықты сезінсе, болашақта жас ұрпақтар өздерін не күтіп тұрғанын білетін болады. Сондықтан да, қарт адамдардың қоғамдық өмірде белсенділік танытуы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

БҰҰ-ның 2001 жылы қабылданған Қартаю туралы стратегиясы орын алып отырған құрылымдар мен процедураларды және ресурстарды тиімді қолдану жолдарын іздеуге бағытталған болатын. Бұл ұйымдардың құжаттарында тұрғындардың қартаюы мәселесіне, ұлттық мәдениет пен жағдайларды есепке ала отырып, ұлттық әрекеттердің басымдық рөлі атап көрсетілген.

Халықаралық қауымдастық стратегиясы қартаю мәселелері (1982ж.) бойынша Халықаралық жоспарында, Бүкіл әлемдік конференция материалдарында (1952ж.) және 1992 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2001 жылға дейінгі қартаю мәселелері бойынша Жаһандық мақсаттарда қарастырылған. Сонымен қатар, қарт адамдардың ерекше мүдделері Халықаралық Еңбек Ұйымдарының (ХЕҰ) конвенциялары мен ұсыныстарында көрініс тапқан:

· әлеуметтік қамтамасыз етудің минималды нормалары туралы және ең төмен күнкөріс минимумын қалыптастыру (1952 ж.);

· әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары және нормалары туралы (1962ж.);

· адамдар ресурстарының даму саласындағы кәсіби бағыт және кәсіби даярлық туралы (1975ж);

· еңбек етуші қарт адамдар (1975ж.).

1995 жылдың 6-12 наурызында Копенгагенде өткізілген әлеуметтік даму мүддесіндегі Бүкіләлемдік жоғары дәрежедегі кездесулер қорытынды құжаттарында (Декларациялар мен іс-әрекеттер Бағдарламасында) мемлекеттер мен үкімет Басшылары тұрақты әлеуметтік дамудың негізгі мақсаттарының бірі ретінде, қарт адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлу және тұрақты әлеуметтік дамуды қалыптастыру мақсатында жағымды жағдаймен қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алған болатын.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қарт адамдардың әлеуметтік мәртебесінің сипаты қандай?

2. Еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының негізгі мазмұны.

3. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс әдістеріне сипаттама беріңіз