Аңғыбастық пен баспанасыздықтың себептері мен әлеуметтік қайнар көздері

Үй-жайы жоқ бапанасыз адамдар қайдан пайда болады? Мұндай адамдарды қала көшелерін кезуге, жер төлелерде, вагондарда немесе ашық аспан аясында тұруға не мәжбүр етеді? Азаматттардың осы категориясына төмендегідей топтарды жатқызамыз:

1. Психологиялық патологиясы бар, ішімдікке немесе есірткіге тәуелділер, емделгісі келмейтін, отбасынан қол үзген және кезуге мәжбүр адамдар; алаяқтардың құрбандары.

2. Әлеуметтік байланыстардан айрылған, үй алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігіген айрылған сотталған адам: а) үйін туыстары сатып жіберуінен немесе туыстарының өлімінен соң үйден айрылуы; б) туыстарының бірге тұрудан бас тартуы (адам өздері тұратын үйден күшпен қуылады); в) баспананы бөлу мен есепке алу құрылымының дамымағандығы.

3. Сот үкімін орындаудан немесе қылмыс жасап жасырынып жүрген адамдар.

4. Баспана ұсынған мекемеден еңбек өтілі аяқталып жұмыс істеуін тоқтауының салдарынан сот үкімімен баспананы босатуы.

5. Босқындар, ҚР басқа мемлекеттерден заңсыз түрде қоныс аударған адамда.

6. Ата-аналарынан, тәрбие мекемелерінен және интернат үйінен қашқан балалар.

Баспанасыздық жалпы ұлттық сипаттағы әлеуметтік мәселелер қатарында алдыңғы орын алады. Баспанасыздық мәселесі қазақстан нарығындағы басты мәселе болып табылады.

Баспанасыз адамдардың ішінде әйелдерден қарағанда ер адамдар көп: орта есеппен алғанда олардың жасы отыздан елуге дейінгі аралықты қамтиды; олардың 90%-ы еңбекке жарамды. Осы категорияның өкілдерінің өмір сүру көздері: садақа беру, ұрлық, қайырымдылық қорларының көмектері мен мезгілдік табыстар (шынылар қорабын жинау және өткізу, тиеу және түсіру, вагондарды жуу және т.б.) болып табылады

Қайыршылар «тұрғылықты» және «басқа қалалық» болып бөлінеді. «Тұрғылықты қайыршылар» шатырдың астында, жертөлелерде, қараусыз қалған пәтерлер мен үйлерде тіпті жылу жолдары мен құбыр құдықтарында да өмір сүреді. «Басқа қаланың қайыршылары» көбінесе вокзалда және сол маңдағы территорияларында паналайды.

Қайыршылардың барлық өмірі өмір сүруге күреспен өтеді. Олар үнемі жылы киім үшін, метроның жанындағы жылы орын, ішімдік үшін, бір екі сағат тыныш ұйқы үшін күресуге тура келеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың негізгі ерекшеліктеріне: үйлерінің, тұрғылықты тіркелімінің, құжаттарының, туған-туысқандарының, ата-аналарының және өмірде алға қойған белгілі-бір мақсаттары мен жетістіктерінің болмауы жатады. Қайыршыны бір көзқарасынан табуға болады. Сыртқы келбеті (тозығы жеткен киім және т.б.) және өздеріне тән иістері арқылы бұл адамдарды осы категорияға жатқызуға мүмкіндік береді.

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ қайыршылардың әрбір оныншысы балалар болып табылады. Бұлар қолайсыз отбасылардан (атааналары ішімдікке салынған немесе қатыгез аямай ұрып соғады) немесе тәрбиелу мекемелерінен, немесе ата-аналары да баспанасыз қайыршылар. Мұндай балалар баспанасыз қаңғып өмір сүру салтына үйреніп, дәстүрлі өмір салтын түсінбейді және олардың нормаларына бағынғысы келмейді. Әдетте, олар топталып вокзалдарда, ал кейбіреулері тәуекелге бел буып жалғыз өздері өмір сүреді.

Қайыршылардың көбеюі қоғамдағы басқа азаматтардың өміріне кері әсер етеді, ол ең алдымен санитарлық эпидемиологиялық және қалада, ауданда қылмыстық істердің өсуін байқатады. Қайыршылар туберкулез, педикулез, дифтерия, қотыр, іш ауру, тері, соз және т.б. жұқпалы аурулармен ауырады. Санитарлық эпидемиологиялық қауіп аймақтары қайыршылардың барған вокзалдар, базарлар, қоғамдық транспорттар және т.б. жерлер болып табылды. Қайыршылары көп үлкен қалаларда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де жоғары болып келеді.

Егер қажетті шараларды қолданбаса онда ситуация түпкілікті бақылаудан шығып кетіп, туберкулез бен басқа да жұқпалы аурулардың тек қайыршылардың емес, мемлкеттің басқа тұрғындарының арасында кең етек алуы мүмкін.

Қайыршыларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмектердің көрсетілу және халықты санитарлық эпидемиологиялық жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында елдегі қаңғыбастық пен қайыршылық үшін ұсталған тұлғаларды әлеуметтік қайта түзеу орталықтарында қайта бейімделу орталықтарында әлеуметтік көмек көрсету маңызды болып отыр.

Мұндай әлеуметтік бейімдеу орталықтары қаңғыбастық пен қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларды анықтап, оларды әлеуметтік қайта түзеу орталықтарына жеткізіліп, тұлғаларын анықтау міндеті жатады.