Тапсырма 1. Қазақ поэзиясындағы Алаш идеясы. Ұсынылған мәтінді қазық етіп, эссе жазу

Екінші жалпықазақ съезінде он бес мүшеден тұратын үкімет сайланды. Сайлау жабық түрде, демократиялық сипатта өтті. Үкіметтің басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Бұл он бес мүше түгелдей дерлік жоғары білімді болатын. Тек Отыншы Әлжанов қана мұғалімдік семинарияны бітірген, орта білімді. Осы съезде білім комиссиясын, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық банк, жер саясатын құру туралы шешім қабылданды. Қазақтар өз үлестерін алып біткенше сырттан Қазақстанға қоныс аудару тоқтатылады деді. Қазақ жерінің астында жатқан байлық қазақтікі болсын деді. Қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасын анықтап берді.

Алаш үкіметінің құрылуы - қазақтың мемлекеттігін қайта қалпына келтірген және болашақта тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына негіз болған оқиға болды. Алаш үкіметі Орынбор, Сібір, Түркістан аймақтарында жатқан қазақтың басын біріктіріп, қазақтың мемлекеттігін, территориясын анықтап берді, Республика ретінде қалыптастырды. Егер Алаш үкіметі құрылмаса, онда біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарақалпақстан, Башқұртстан, Татарстан секілді автономия күйінде қалар еді.

Алашорда үкіметі - республикалық негіздегі, сайлау жолымен құрылған қазақтың тұңғыш үкіметі. Алаш автономиясы - қазақтың бірінші республикасы. ҚазКСР - екінші, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан - қазақтың үшінші республикасы. Республика дегеннің өзі – билік ұрпақтан ұрпаққа мұра күйінде қалатын емес, азаматтардың сайлауы арқылы құрылатын билік дегенді білдіреді.

Бізде Алашқа дейін хан тұқымынан хан сайланып, ақ киізге орап, таққа отырғызатын билік болды. Ал Әлихан Бөкейхановты болыстық, уездік, облыстық деңгейдегі қазақ комитеттері екінші жалпықазақ съезінде жанама түрде дауыс беру арқылы сайлаған. Бұл – сайланбалы үкімет. Сондықтан 1917 жылғы 12 желтоқсан – бірінші Республиканың құрылған күні. Немесе оны қазір Алашорда күні деп те атап жүр.

1936 жылға дейін біз Ресей Федерациясының құрамында автономиялы республика болдық. Қазақ зиялылары Үкіметтің алдына Одақтас Республика ретінде қабылдауын талап етті. 1936 жылы Орталық билік Қазақстанды Одақтық Республика деп тануға мәжбүр болды. Өйткені Қазақстанның потенциялы өте жоғары болатын: жер көлемі үлкен, табиғи байлығы да көп, халық саны жағынан да біршама. Сондықтан мойындауға тура келді. Бірақ бұл Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтар болсақ: «Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы – қуыршақ республика» болатын. Біз кеңес үкіметі заманында сан жағынан ғана шығынға ұшыраған жоқпыз, рухани тұрғыдан да дағдарысқа түстік. Бірнеше рет қайталанған репрессия біздің сағымызды сындырды. Зиялыларымыз, саяси элитамыз сапалық тұрғыдан төмендеп кетті.

Әдебиеттер: Қамзабекұлы Д. Руханият: мақалалар мен зерттеулер.-Алматы:Білім, 1997.-272б., Көпеев М.-Ж. Таңдамалы. Екі томдық. Т1.-Алматы:Ғылым,1990.-273б., Наушабайұлы Н. Алаш. Қостанай: «Баспа үйі»ЖШС, 1997., Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 б., Жұмабайұлы М. Сырдағы алашқа//ақжол, 1923.-384б., Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: Жазушы,1989.- 374 б., Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі,1993. - 192 б. Артықбаев Ж. Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХҮІІІ ғасыр. - Қарағанды: ҚарМУ, 1995. - 267 б.

Тапсырма 2. «Қазақ лирикасындағы символизм» тақырыбы бойынша презентация жасау

Презентация – студент белгілі бір тақырып бойынша материал жинап, өз көзқарасын, пікірін білдіреді.Презентацияда мәтін шектеулі, видео, сурет, т.б. жағы басым болады.

Әдебиеттер:Жұмабаев М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. - 448 б., Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың. - Алматы: Жазушы, 1969. - 324 б., Эллис. Русские символисты. - Томск: Водолей, 1991. - 288 с.

Тапсырма 3. «Тәуелсіздік жырларындағы ұлттық идея» тақырыбына дербес жоба жазу

Дербес жоба - ғылыми-зерттеу элементі бар жұмыс.

Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:

- Жоспарлау;

- Талдау кезеңі;

- Ақпаратты жалпылау кезеңі;

- Алынған нәтижені көрсету кезеңі.

І кезең. Жоспарлау.

Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.

ІІ кезең. Талдау.

Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:

- Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлелдей түсу

және анықтау;

- Ақпаратты іздеу және жинақтау. Оған бақылау, анкеталау,

социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады.