Практикалық сабақ № 15-16

Тақырыбы:Қазақ өлеңіндегі фатализм және эсхатологизм

1.Рефератжазу.

1.Асан қайғы мен Бұқар жырау шығармаларындағы мифологиялық фатализм

2. Шәкәрім шығармаларындағы теологиялық фатализм

3. Қашаған Күржіманұлының «Топан» жырындағы эсхатологизм

2. Сұраққа жауап дайындау.

1. Фатализм және дін туралы ой алмасу. Қазіргі таңдағы фатализмнің орны.

2. Қазақ шығармашылығынан мифологиялық фатализмге қандай мысалдар келтіруге болады?

3. Теологиялық фатализмге байланысты еңбектерді атап, сол туралы өз пікіріңізді келтіріңіз.

4. Демокрит, Гоббс, Спиноза, Лаплас секілді философ ғалымдардың рационалистік фатализм жайлы көзқарастары.

5. Қазақ ақын-жырауларының ішіндегі фатализм өкілдері.

Практикалық сабақ № 17-18

Тақырыбы: Абай және ұлт

1. Реферат жазу.

1. Абай жырларындағы өмірдің өткіншілігі мотиві.

2. Абай өлеңдеріндегі қазақ бейнесі.

1. «Абай және ұлт» тақырыбына слайд дайындау.

2. «Абайдың «бейуағы» концепциясы төңірегінде пікір алмасу.

Практикалық сабақ № 19-20

Тақырыбы: Қазақ поэзиясындағы ағартушылық ағым. Алаш идеясы

1. Pеферат жазу. «Қазақ әдебиетіндегі Алаш тақырыбы»

2.Алаш идеясын насихаттаушылар туралы тың деректер тауып келу.

3.«Алаш» тақырыбына жазылған өлеңдер жаттау.

4. Әр ақынның (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров) ағартушылық бағыттағы бір өлеңін дәптерге жазып келу.

Практикалық сабақ № 21-22

Тақырыбы:Қазақ символизмі.

1.Реферат жазу.

1. Мағжан өлеңдеріндегі жел бейнесі.

2. Бернияз Күлеев өлеңдеріндегі ару әйел бейнесі.

2. М. Жұмабаев пен Б. Күлеевтің аспани Арулық идеясының аясынан табылатын ғашықтық лирикаларын оқу, талдау жасау, дәптерге жазу.

3.Символистер поэзиясындағы «тәңірі-ғарыш-қоғам-адам» бірлігі концепциясы төңірегінде ой қозғау.

 

Практикалық сабақ № 23-24

Тақырып: Ұлттық дүниетаным және поэтикалық тәжірибе.

Кезеңнен тұратын сайыс.

1. Қайталау. Екі топ өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне 3 сұрақтан қояды.

2. Диаграмма. Топтарға Мағжан,Сәкен,Ілиястың үш шумақ өлеңі беріледі. Магистранттар олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын диаграмма арқылы анықтап, талдау керек. (үш автордың өлеңдер жинағын әкелу)

 

3. Ділмар. Бұл кезеңде әр топ магистранттары әртүрлі ақындардың ортақ мотив пен ортақ мақсаттағы өлеңдерін табу. «Ұқсас жерлер» жайлы зерттеушілердің айтқан ой тұжырымдарынан мысал келтіреді.

4.Дәуірлер жырлайды. Ғалымдардың әдебиетті қалай дәуірлегенін айту.

5.Сырлы сөздер. Магистранттар «екі дүние» тақырыбында жазылған ақын-жазушылардың шығармалары жайлы айтулары керек.

6.Архетип. Бұл кезеңде магистранттар поэзиядағы түркішілдік тақырыбында жазылған шығармаларды атауы тиіс.

7.Кім көп біледі? Бұл кезеңде ғалымдардың, ақын-жазушылардың суреттері көрсетіледі. Магистранттар бұл адамдардың кім екенін және шығармашылықтары жайлы айтуы тиіс.

ІІІ.Ссөзжұмбақ шешу.

ІV.Глоссариймен жұмыс.

Атауы Мағынасы
Аристократия  
Стиль  
Жанр  
Лирика  
Генотип  
Мәдениет  
Идеология  
Гедонизм  
Гуманизм  
Историзм  
Идентификация  
Волюнтаризм  

V. Тест тапсырмаларын орындау.

Практикалық сабақ № 25-26

Тақырып:Ұлттық болмыс шындығы және айтыс жанрының даму тарихы.

Жедел жауап

1.Жанрлардың генезисі –

2.Жанрлардың эволюциясы -

3.Жанрлардың метаморфозасы -

4.Ұлттық көркемдік сана кезеңдері -

5.Аралық жанрлар дегеніміз не? -

6.Жанрдың тарихилығын З. Қабдолов қалай түсіндіреді? -

2.Талдау жасаңыз:

1.»Жанрлардың генезисі, эволюциясы, метаморфозасы ең алдымен, ұлттық көркемдік сананың кезеңдеріне (мифтік-поэтикалық, дәстүршіл, дара шығармашылық) және жекелеген авторлардың поэтикалық жүйесіндегі жаңалық-жетістіктерге байланысты болады»,- деген пікірді түсіндіріп беріңіз.

2.М. Бахтиннің: «Жанр - әдеби даму бағдарында болатын шығармашылық жадтың өкілі», -деген пікір төңірегінде ой қозғаңыз.

3.Р. Бердібаевтың тарихи өлеңді «классикалық эпос пен жазба әдебиеттің арасындағы белес» деген пікірін дәлелдеңіз.

4.А. Қыраубаеваның қиссаны «ежелгі жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінің дәстүрін қатар жалғастырған жанрға» жатқызуына қатысты сіздің ойыңыз?

5.С. Медеубеков термені фольклорға да, жазба әдебиетке де жатқызбай, ауызша авторлық әдебиетке - жыраулық-ақындық поэзияға еншілейді; бірақ терменің фольклорлық сипатын, сондай-ақ жазба әдебиеттің әсеріне де шалдыққанын жоққа шығармайды. Сіз қалай ойлайсыз?

6.Фольклорға телініп-таңылатын сипаттарға анықтама беріңіз:

7.Ауызша авторлық әдебиетке қатысты сипаттарды айтыңыз:

8.Авторлық әдебиет деніміз не?

9. Анонимдік айтыстар –