Балқаш ауданының топырақ – климаттық жағдайлары

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы Балқаш экологиясы маңызды орын алады.Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті.Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып,жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады.Құрғақ аудандарда көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп,ұсақтануына әкелді.Осы жағдайларды ескере отырып,Балқаш маңы жағалық топырақтарды зерттеп,топырақ эрозиясын болдырмау үшін, орман өсімдіктерін отырғыза отырып топырақты бекіту,және құнарлығын арттыру.

Қуаң дала жағдайында, жер ресурстарын пайдаланудың экологиялық ортаға әсерін реттеу механизмдерін талдап, адам мен табиғаттың үйлесімді тіршілік ету идеясын баяндау, оның жер ресурсын пайдалану әдісінің өнімділігін көтеру, құрылымын жетілдіру және рөлін күшейту бағытына өзгерту, шекті климаттық және ресурстық жағдайда ауыл шаруашылығы экожүйесін реттеу.

Жұмыстың мақсаты:. Балқаш көлінің жағалық құрғатылған аймағындағы орман өсімдіктерінің жағдайы және орман өсіруді агротехникалық жобалау шаралары

Жұмыстың міндеті: Балқаш көлінің жағалық топырақтары құрғақ болғандықтан,осы жерлерге агротехникалық шараларды үйлесімді пайдалана отырып,барынша орман өсімдіктерін өсіру.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Өсімдіктердің әралуандылығын, өнімділігін, топырақтың құнарлығын арттыру жолдарын іздестіру. Жергілікті ауылдық халқының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту бағыттарын қалыптастыру.Жергілікті жерлерді мейлінше көгалдандыру.

 

 

НДІРІСТІК ІС – ТӘЖІРИБЕ ЖЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ

Өндірістік іс-тәжірибе С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің Агрономия факультеті топырақтану және агрохимия кафедрасыың зертханасында өтілді.

1957 жылы ашылған. Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В060800 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады. Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулар коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар.

 

 

 

 

Балқаш ауданының топырақ – климаттық жағдайлары

Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай - қантардың орташа температурасы Солтүстікте — 18°С, Оңтүстікте — 14°С байқалады. Абсолюттік минимум — 52°-44°С аралығында ауытқиды. Көктемдеде антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады: күндіз өте жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жазда Орталық Қазақстанның дала аймағы тұсындағы ауа массалары қатты қызып, бұлтсыз, ашық әрі ыстық ауа райы орнайды. Ең жылы ай — шілденің орташа температурасы Солтүстікте + 18°С, Оңтүстік аймағында +22°С болады. Ең жоғары температура +40-43°С мөлшерінде. Жоғары температура (30°С және одан жоғары) шілдеде орта шамамен 7-8 күннен, 10-15 күнге дейін созылады. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1,2-3,5°С аралығында Гидротермиялық коэффициент (ГТК) — 0,7-0,8; әсерлі температуралар жиынтығы (яғни орта тәулік температурасы +10°С жоғары) 2000°С жуық. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзім ұзақтығы орта шамамен 130 күн. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін жаздық дәнді дақылдар, қарақұмық, орамжапырақ, картоп, қияр т.б. өсіруге қолайлы. Жер бедеріне байланысты, көпшілік шаруашылықтар мал шаруашылығымен, онымен қоса, егіншілікпен шұғылданады. Қоныржай-жылы қуаң ұсақ шоқылы аудан — облыстың неғұрлым ойпаң өңірін қамтиды.

Жер бедері – геоморфологиялық қатынаста өте биік көтерілген,жер бедері біркелкі емес аймақ абсолютті биіктігі (400-1000м). Жер бедері ұсақ шоқылы төмендетілген,өзенді алаптар мен құрғақ су арналары,қисық ойыстар,көлді қазан шұңқырлар,дала табақшаларымен астасқан. Ең ірі облыстағы таулы алаптар көптеп кездеседі.

Өсімдік жамылғысы -Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.