Фирма қорлараының ауыспалы айналымы мен айналысы.

Жоғарыда көрсетілген фирмалар шаруашылықты ұйымдастыра отырып, еңбек құралдары мен заттарын өндірістік мақсатқа тұтынады, өндірілген өнімді өткізеді, сатады, ал ақша қорларын жаңадан қажетті өндіріс құрал–жабдықтарын сатып алуға, жалақыға, мемелекет алдындағы қарызды өтеуге жұмсайды.

Өндіріс процесін тікелей қамтамасыз ететін фирмалардың қарамағындағы материалдық және ақша қаржылары осы фирмалардың өндірістік қорларын құрайды.

Өндіріс құрал жабдықтары осы фирмалардың өндірістік қоларында басты орын алады. Өндіріс құрал-жабдықтарының құрамы техникалық жағынан алғанда өндірілген өнімнің және өндіріс технологиясының қасиетімен анықталады. Мысалы шойынды дайындап шығару домна пешті, темір руданы, коксты пайдаланумен байланысты, аяқ киімді дайындап шығару тігін машиналарды, тері, шеге және т. б . қажет етеді.

Фирмалардың қарамағында қызметкерлердің әлеуметтік–мәдени қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын өндірістік емес қорлары болады. Олар тұрғын үйлерден, емдеу мекемелерінен, шипажайлардан және демалыс үйлерінен т.б. тұрады. Өндіріс процесінде тікелей қатыспағанымен олар қызметтердің өмірлік қажеттерін қанағаттандыруда үлкен рөл атқарады және сонымен байланысты өндіріске белгілі дәрежеде ықпал етеді.

Өндірістік қорлар фирманың құрал-жабдықтарының тек бір бөлігі, ал қалған бөлігін айналыстағы қорлар құрайды. Айналыстағы қорлар тауарлы формада (запастағы, өткізілмеген дайын өнімдер) және ақша қорынан тұрады (шикізат, материалдар, отын сатып алуға, жалақыға арналған ақша қаражаты). Егер өндірістік қорлар тікелей материалдық игіліктерді өндіру саласында болса, ал айналым қорлары өнімдерді сату және ақшалай есеп айырысу саласында болады.

Қорлардың біртіндеп үш формасының (өнеркәсіп, тауарлы, ақшалай) бір-бірімен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын қорлардың ауыспалы айналымыдейді. Осы қозғалыста барлық экономикалық заңдардың бір-бірімен байланысын, әрекет ету ерекшеліктерін көруге болады. Ауыспалы айналыс процесінде қорлар үш сатыны қамтиды яғни, олардың бір формадан екіншісіне ауысуып отыруын көрсетеді.

А – Т ... Ө ...Т1 – A1

Бұл жерде А фирманың ақша қоры, Қж – құрал–жабдықтары, Жк – жұмыс күші, Ө - өндіріс процесі, Т – тауар қорлары, А1 –тауарды сатудан түскен ақша. Осы айналымдағы негізгі саты өндіріс, себебі еңбек процесінде тұтыну құны мен құн өндіріледі. Қазір нарық қатынасына көшуге байланысты өндірілген тауарларды уақытында өткізудің де маңызы өте зор. Өндірістік қорлардың үздіксіз ауыспалы айналымда болуы экономикалық қажеттілік. Фирма қорларының ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруы олардың айналымы деп аталады.

Айналысына қарай өндірістік қорлар негізгі және айналмалы олып екіге бөлінеді. Негізгі қорларға машина, инструменттер, өндірістік үйлер, станоктар, электр желісі мен құбырлар т.б. еңбек құралдары жатады. Олар өзінің тозуына қарай құнын өндірілген өнімге бірте–бірте бөлшектеп ауыстырып отырады. Айналмалы қорларға шикізат, материалдар, отын, қосалқы материалдар мен әр түрлі ыдыстар т.б. еңбек заттары жатады. Бұл қорлар өндіріс процесінде түгел тұтынылады және құнын дайын өнімге бүтіндей аударады.

Өндірістік қорлар өздерінің үздіксіз айналысында өндіріс және айналыс сатыларынан өтеді. Демек, уақыт бойынша қорлар айналымының құрамы екіге бөлінеді: өндіріс және айналыс уақыттары.

Өндіріс уақытына мыналар жатады: еңбек құралы мен заттарының өндірістік запастарда болу; жұмыс кезеңі; еңбек затына табиғи процестердің ықпал ету қажеттілігі және ұйымдастыру мәселелерінен тұратын уақыт мерзімдері.

Айналыс уақыты өндіріс құрал–жабдықтарын тауып алуға және дайындалған өнімді өткізуге кеткен уақыттарды қамтиды.

Өндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану нәтижесінде мысалы, айталық машина, өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатыса отырып бірте-бірте тозады, өздерінің бастапқы тұтыну қасиеттерін кемітеді. Бұл негізгі қорларды табиғи тозуы. Ғылыми–техникалық процесс жағдайында негізгі қорлар табиғи тозуға ғана ұшырап қоймайды, сонымен қатар моральдық, сапалық тозуға да ұшырайды. Моральдық тозу мынаған әкеліп соғады: жабдықтар, машиналар және басқа негізгі қорлар табиғи тозу басталғанға дейін–ақ құнының бір бөлігін жояды. Негізгі қорлар қай түрде тозса да, олардың құны із түссіз жоғалып кетпейді, ол өндірілген өнімге біртіндеп жаңа өнімнің құнына көшуін амортзация деп аталады, бұл тозған негізгі қорлардың орнын толтыруға жұмсалады. Сондай–ақ, бұл қорлардың белгілі бір бөлігі тозған қорларды жөндеу мақсатына да пайдалануы мүмкін.