Жатыр мойны қатерлі ісігі

Әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігктернің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орын алады. Кейінгі онжылдық тарда жатыр мойынының инвазивтік рагымен науқастанудың айқын төмендеу құбылысы байқалады, бұл жағдай бұрыңғы жылдарда профилактикалық байқаулар мен цитологиялық скринингтің нәтижесінде дисплазияны және преинвазивті ракты емдеудің кең түрде жүргізілгенімен түсіндіріледі. Жатыр мойыны рагымен науқастанудың ең жоғарғы деңгейі 50-60 жаста байқалады. Жатыр мойыны рагы бойынша өлім деңгейі де айқын төмендеп келе жатырғанымен, жалпы емдеу жүйесіндегі дәрігерлердің онкологиялық сақтығының қажеттігі әлі керек.
Жатыр мойыны рагының дамуының басты факторлар:
- ерте жыныстық жетілу, ерте менархе (12 жасқа дейін);
- жыныстық қатынастың ерте басталуы (18 жасқа дейін);
- 20 жасқа дейін және 40 жастан кейін босану;
- ерте басталатын етеккір үзілісі (45 жасқа дейін);
- анамнездегі жиі аборттар (жүктілікті үзу);
- әйел адамның және оның ерінің жыныстық сыңарын жиі ауыстыруы;
- әйел адамда және оның жыныстық сыңарында папилломавирусты немесе герпесті инфекцияның болуы;
- жыныстық гигиенаның сақталмауы;
- кәсіптік зияңдар: тау-кен, мұнай өңдеуші зауаттар, темекі өңдірісі, көмір өнеркәсібі;
- иммунды жетіспеушілік
Жатыр мойны қатерлі ісігінің адын алу шаралары:

1.Уақытылы табу және емдеу үшін скринингтен өтукізуді ұйымдастыру

2.Ауру туғызатын ауруларды емдеу

3.Вакцинация 2009 жылдан бері бізде де егу жұмысы жүргізіледі

4. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

5. аборт жасатудың ,темекі тартудың алдын алу

6. өндіріс мекемелерінде санитарлық талапты сақтауды талап ету

 

Өкпе қатерлі ісігі ауруы-

Лемде кең тарған дерттің біреуі болып табылады ауруы әлемде кең тараған онкологиялық дерт болып табылады. Алғашқы сәтте -де оның ешқандай белгілері байқалмайды. Сондықтан, көп жағдайда науқастар дәрігерге кеш қаралады. Сақтықта қорлық жоқ. Өкпедегі ісік ауруының алдын алдын алу акциясын ұйымдастырушылар жылына бір рет профиликатикалық тексеруден өтуге кеңес берді.

Бұл аурудың пайда болуының негізі факторлары:

- темекі шегу,

- зиянды өндірістерде жұмыс істеу

- зардапты заттар тараған ауамен тыныс

-өкпе мен кеңірдектегі созылмалы ауруды мерзімінде емдемеу.

Өкпе рагы сонымен қатар шахтерлерде, болат балқытатын, ағаш өңдейтін, керемикалық асбоцемент және фосфат өндіретін жұмысшыларда көптеп кездеседі. Сондықтан мұндай орындарда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн.

Бүгінгі күні онкологиялық сырқаттардың тек қана денсаулық сақтау саласының емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне де айналып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, жыл сайын дүние жүзінде 10 миллион адам қатерлі дерт ауруына шалдығатыны анықталса, олардың 8 миллионы көз жұмады. Әлемде болып жатқан адам өлімі оқиғаларының 13 пайызы осы қатерлі ісіктің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда 1,5-2 есеге өсуі мүмкін. Қатерлі ісіктің қаншалықты қауіпті екенін осы деректерден айқын көрінеді.

Қәзіргі таңда мемлекет тарапынан онкология саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Осы бағдарлама аясында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар анықталды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты -онкологиялық аурулардан халықтың өлімін төмендету арқылы өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру. Ол үшін ерте диагностикалау бағдарламаларын (скринингтерді) дамыту арқылы онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру; ғылыми негізделген тиімділікпен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру; онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру қажет.

 

Ішімдікке салыну

қазіргі кезеңде етек алып келеді және ол өзекті мәселелердің қатарына жатады.Оның үстіне алкоголизм дертінің асқынған түрі психоз дертінің өршуіне әкеліп соқтырса, одан туған балалардың нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер болады.Сондықтанда арақ-шараптан сақтау немесе алдын алу дегеніміз–мемлекеттік,қоғамдық,әлеуметтік-экономикалық, медициналық,санитарлық,психогигинеалық және психо-педагогикалық кешенді жүйе.

Атап айтатын болсақ:

-ішімдік ішуге тиым салу,әсіресе жасөспірімдер арасында

-ішімдікке салына бастаған адамдарға психологиялық көмек көрсету

-ақпараттық құралдар арқылы (телеараналар,газет.радио,т.б.) насихат жұмыс -тарын жүргізу

-әр адамның ерекшіліктерін ескере отырып,емдеу жұмыстарын жүргізу

-ішімдікке салынған ата-аналардың балаларын қорғау

Темекі шегу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дүниежүзінде

1,1 млрд.адам темекі тартса, әрбір 30-40 жыл сайын оған 10 млн.темекі тарта –тын адам қосылатын көрінеді. Ал Қазақстанда ер адамдардың 54 пайызы, әйелдердің 11 пайызы темекі тартса,12-14 жастағы жас жеткіншектердің 10 пайызы темекіге әуестене бастайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша темекі түтінінің құрамында адам оргнизміне зиянды 2000-ға жуық улы заттар бар көрінеді. Олардың ең зияндысы никотин және рак ауруын тудыратын канцерогендік зат-бензпирен мен бензантрацен.Сонымен қатар темекі көптеген аурулардың бірден бір себебі болып табылады, яғни темекі адам өмірін 12-14 жылға қысқартып,жүрек қантамырларының ауруларының,өкпенің қатерлі ісігін және өкпенің созылмалы бронхит,эмфизема сияқты ауруларының негізгі себепшісі екені қазіргі таңда дәлелденіп отыр. Темекіні тартпауға,ішімдікті ішпеуге және наркотикалық заттарды қолданбауға болама десек, әрине болады , тек адамда күш жігер мен шыдамдылық керек. Мысал ретінде айтуға болады,

АҚШ-тың бұрынғы ПРезиденті Билл Клинтон жас кезінде наркотикалық заттарды қолданған, бірақ алдына мақсатты өз өмірін өзгертуге жоспар құрып, оны іске асыруға үлкен мақсаты мен ерік жігері көмектесті. Сонымен қатар зиянды темекілерді шығармау,темекінің бағасын көтеру,жас балаларға темекі сатпау, насихаттау жұмыстарын жүргізу сияқты шараларда өз көмегін тигізеді