Алиментарлы жолмен берілетін инфекцияларға жоғарыда көрсетілген аурулардан басқа тамақтан улану да жатады.

Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдік -термен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттар- мен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру бола ды деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бір -дей ұғымды білдіре бермейді.

   

 

 
   

Тамақтан улануды (жұқпаларды) болдырмау үшін сақталуға тиіс он «алтын» ереже:

Қазіргі уақытта азық-түліктің түрі мол, кез-келген талғампаз өзіне қажетін таба алады, салтанаттар мен мерекелерде дастархан толы жайылады. Дегенмен, тамақ өнімдерінің сақтау ережелері мен мерзімі немесе дайындау мен термика -лық өңделу тәртібі сақталды ма деген сауалдарға көп ойланып жатпаймыз. Өкінішке орай, тамақтан улану әркімнің де басынан өтуі мүмкін, әсіресе ыстық жаз мезгілінде мұндай жайттан ешкім сақтандырылмаған. Алайда, өзіңізді және жақындарыңызды қалай сақтандыруға болады? Бұл үшін төмендегі «алтын ержелерді» сақтауға кеңес беріледі:

1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз,ол үшін:

- азық-түлік сатып аларда рұқсат беретін құжаттарды, оның сапасы мен қауіп

сіздігін растайтын сертификатты, жарамдылық мерзімін сұрау,
- өнім қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оны сақтайтын тоңазытқыш –

тың бар болуына назар аудару,

-ұйымдастырылмаған орындардан тамақ өнімдерін балық, ет пен сүт өнімдерін (ірімшік, қаймақ) сатып алмау. Рұқсат беретін құжаттары жоқ, антисанитария лық жағдайда, мысалы, жол шетінде сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.

- бақша дақылдарын, жемістерді кесілген күйде сатып алуға болмайды, микроб -тар беткі қабаттан жұмсақ жеріне қарай жылдам өтеді; түрі нашар, бұзылған жемістерді де сатып алудың қажеті жоқ - оларда улы заттар (афлотоксиндер, нитрозаминдер) және зең саңырауқұлақтары болады.

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
- Көптеген шикі өнімдерде, әсіресе, етте, құс етінде, шикі сүтте, жұмыртқаларда патогенді микроағзалар ұялаған болуы мүмкін. Пісіру (қуыру) кезінде бактерия лар жойылады. Дегенмен, тамақты әзірлеу уақытын қадағалау қажет (мысалы, жұмыртқаны 10 минут бойы, етті 3-3,5 сағат қайнату керек).
- Етті, құс етін, жұмыртқаны пісіру алдында, және шикідей пайдаланылатын өнімдер – жемістер мен көкөністерді, аскөк және т.б. мұқият жуу керек;
- Сүтті, әсіресе, пастерленбегенді қайнатқаннан кейін ғана пайдалану қажет.
3. Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

- Өз денсаулығыңыздың қамын ойласаңыз, тамақты әзірлей сала, жеп тауысуға тырысыңыз.
4. Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

- Егер сіз тамақты көп дайындап, және пайдаланғаннан кейін қалған бөлігін сақтап қойғыңыз келсе, есіңізде болсын, тамақ ыстық (60° С жуық не артық) немесе суық (10° С жуық не артық) күйде сақталуы тиіс. Сіз тамақты 4-5 сағат бойы сақтағыңыз келсе, бұл өте маңызды ереже.
- Балаларға арналып әзірленген тамақты мүлдем сақтамаған абзал.
- Тамақтан улануға әкелетін бірден-бір қателік –көп мөлшердегі жылы тамақты тоңазытқышта сақтау. Тамақ көлемі мол болғандықтан, тоңазытқыш ішінде жылдам салқындай қоймайды. Тамақ өнімінің ортасында жылу сақталғанда (10° С шамасында) микробтар жылдам пайда болып, адам денсаулығына қауіпті мөлшерге дейін көбейеді, мұндай тамақ өнімдерінің сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.
5. Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

- Сақтау кезінде тамақта пайда болған микроағзалардан сақтанудың ең тиімді жолы – қыздыру). Тамақтанар алдында тағы бір мәрте қыздырыңыз (қайнаты -ңыз), оның ішкі температурасы 70° С кем болмауы тиіс.
6. Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

- Дұрыс дайындалған тағам шикі заттармен қатынасқа түсу арқылы ластануы мүмкін.) Сондықтан ас үйіңізде шикі және піскен тамақ өнімдерін кесуге арналған кем дегенде 2 пышақ, 2 тақтайша болу қажет.
7. Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

- Тамақтанар немесе тағам дайындар, баланы тамақтандырар алдында, дәретханаға барғаннан, далаға шығып, қоғамдық орындарға барғаннан кейін міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
- Балық, ет, құс еті сияқты шикі өнімдерді турағаннан кейін, басқа өнімдерді өңдеуге кіріспес бұрын қолды тағы бір мәрте жуған жөн.
8. Ас үйді таза ұстаңыз.
- Тамақ дайындауға арналған кез-келген орын таза болуы керек. Тамақтың әрбір қалдығын, қоқым немесе төгілген асты микробтар жиналатын үйінді деп қараңыз. Ыдысты сүртетін орамал күнделікті ауыстырылуы қажет. Еден жууға арналған шүберектер де жиі жуылып отырылуы тиіс.
9. Таза суды пайдаланыңыз.
- Таза су ішкенге де, тамақ дайындағанда да аса маңызды. Егер судың сапасына күмәніңіз болса, оны қолданар алдында қайнатыңыз.
10. Тамақты жәндіктер мен кемергіштерден аулақ сақтаңыз.

-Жануарлар тамақтан улануға себеп болатын патогенді микроағзалардың тасымалдаушысы болып табылады. Тамақ өнімдерін сенімді түрде сақтау үшін қақпағы бар ыдыстарға салыңыз (контейнерлер).
- Ішек және паразитарлы аурушаңдықтарды тасымалдауда шыбындар да маңыз -ды роль атқарады, сондықтан тамақты олар жете алмайтындай етіп сақтау керек.

Вакцинация

Алдын алу егу жұмыстарының балалар үшінде,ересектер үшінде маңызы зор.

Осы егу жүргізу жұмыстары дифтерия-құрөзек,столбняк-сіреспе,коклюш-көк -жөтел, гепатит В аурулары үшін жалғыз алдын алу шаралары болса, гепатит А,

оба тағы басқа аурулар үшінде ең қажетті шаралардың бірі.Ал сәбилер үшін алдын алу егу жұмыстарын жүргізудің де маңызы зор,өйткені олардың иммуни -теттері жоқ,кез келген ауруларға қарсы тұра алмайды.Жалпы бүгінгі күнгі вакциналар адам организміне тигізер зияны жоқ деп есептеледі,дегенмен егу жұмыстарын жүргізердің алдында міндетті түрде педиатрлар көріп, рұхсатын беру керек.