Жұмысшы зонаның минимальды және оптимальды жабдықталуы

Науқасты стоматологиялық клиникалық тексеру және кеңселік алдын-алу процедуралары арнайы жабдықталған жұмысшы зонада жүргізіледі. Алдын-алу көмегі стоматологиялық қызметтің тұрғындарға ең қолайлы, бірінші бөлімі ретінде қарастырылады. Стоматологиялық көмек бүгінде су- және электрожабдықталуының, канализацияның сәйкес деңгейін талап ететін қымбат бағалы жабдыққа негізделетіні белгілі. ДДҰ стоматологиялық шаралардың біріншілік алдын-алуының тұрғындарға максимальды жақындауын талап етеді, бұл көп жағдайда техникалық жабдықталудың рациональды шектелуі жағдайында ғана жүзеге асады. Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды (далалық жағдайда) және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы ұсынылған (табл.3.1).

 

Эргономиканың талаптары

Жұмыс орнында дәрігер мен ассистенттің эргономикалық рациональды ережесі манипуляциялар кезінде қимылдың максимальды дәлдігін қамтамасыз етеді және минимальды күштенуді талап етеді. Тепе-теңдікті ұстап тұру өзінің дене салмағын бірнеше тірек нүктелеріне: жамбас пен табанға тарата отырып дәрігер отырғанда оңай. Сандары еденге параллельді (оны орындықтың биіктігін ыңғайға келтіріп қамтамасыз ету қажет), сирақ – санға перпендикулярлы болуы қажет. Табан бүкіл ауданымен еденде болуы қажет, сондықтандәрігердің аяқ-кимі төмен тақада болуы керек. Дәрігердің кеудесі науқасқа сәл еңгейген болуы мүмкін, орындықтың арқасына сүйенуге тек демалыс уақытында болады.

Жұмысшы алаң (науқастың басы, оның ауыз қуысы) дәрігердің оптимальды көру зонасында болуы қажет, яғни саусақ терісінің капиллярлы суреті жақсы ажыратылатын дәрігер көзінен арақашықтықта 30-35 см. Басқаша айтқанда, науқастың басы дәрігердің жүрегі деңгейінде орналасуы қажет. Дәрігердің қолы аз шаршап, ал саусақтары максимальды бос болуы үшін иықтары төмен түскен, ал шынтақтары кеудеге жақын және шынтақшаға сүйенбеген, білек пен қол ұшы бір жазықтықта («тіке білек»), ал саусақтары құралдарды толық тыныштық жағдайын қайталай отыра «ұйқыдағы қол ұшына» сәйкес өзара орналасуында ұстайды.

Таблица 3.1

Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы

 

Жабдықталуы Минимальды нұсқа Оптимальды нұсқа
Ыңғайлылықтар Табиғи жарық, су құбыры жоқ, жылу көздері жоқ, канализациясы жоқ Электрлік жарық, ыстық және салқын су, канализация, залалсыздандыру үшін жылу көздерінің болуы
Дәрігердің жұмысшы орны Орташа биіктіктегі орындық Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло
Науқасқа орын Жазық орнықты кушетка немесе науқасқа басын алға-артқа және оңға-солға бұруға мүмкіндік беретін үлкен емес жастықшасы бар кереует; оператор артта отырып, науқастың басын көру қажет* Орындықтың биіктігін және иілуін реттейтін кресло
Көмекшіге орындық Оператордан сәл көтеріліп отыратын көмекшінің орындығы Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло
Қосымша жарық Қосымша жарық жоқ, немесе рефлектор дәрігердің басында, немесе лампа Дәрігердің басынан жоғары орналасқан және науқастың аузын жарықтандыратын ауыстырылатын көлеңкесіз лампа
Құралдары бар табақ Дәрігердің білегімен жасалатын қимылдар деңгейінде
Столдар Қол жууға арналған тазиктер мен құралдары бар табаққа арналған столик Қол жууға арналған жабдықтары және сақтау үшін жәшіктері бар ұзын стол
*Эпидемиологиялық тексеруді жүргізген кезде мүмкін абсолютті минимум: дәрігер «түрікше» жерде отырады, науқастың басы дәрігердің тізесінде.

 

Науқасты үйдегі алдын-алу процедуларына үйрету және мотивация үшін зона көрнекі нұсқаулардың (щетка, жақ мүсіндері, плакаттар және т.б.), науқасқа ыңғайлы биіктікте айнаның және қол жуғыштың (мүмкіншілігі бойынша) болуын қажет етеді.

Дәрігердің физикалық және эмоциональды шаршауын төмендету үшін жұмысқа орташа қызметкерді – медбике, ассистент, гигиенистті белсенді қатыстыру қажет. Орташа қызметкерге науқастың ауыз қуысы тіндеріне келесі келесі процедуралар тапсырылады:

· науқаспен жұмыс: оған қажетті ақпаратты беру; мотивация, нұсқау; тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;

· қызылиектің қанағыштығы және тіс қағы индекстерін анықтау;

· сілекейлі тесттер;

· жұмсақ және қатты тіс жұғындыларын алып тастау;

· фтор препараттарымен ауыз қуысында гигиеналық шараларды өткізу;

· фиссуралар мен шұңқырларды инвазивті емес жабу;

· қайта келуін ұйымдастыру.