К», «П» және «Ж» категориясында тіс сауыттарының қосылу ережелері

(ДДҰ, 1997)

 

Тұрақты тістің жағдайы Кодтар КПУЗ есепке алу
Сау Қоспайды
Герметигі бар сау Қоспайды
Тіс жегісі және оның асқынулары бар тіс К
Тіс жегісі мен герметигі бар тіс К
Уақытша пломбасы бар тіс К
Біріншілік немесе екіншілік тұрақты пломбасы мен тіс жегісі бар тіс К
Жегіленген емес және жарақаттық зақымдалуы бар тіс 9, Т Қоспайды
Пломба айналасында немесе басқа аймақтарында тіс жегісінің белгілері жоқ толық пломбаланған тіс П
Тіс жегісіне байланысты сауытпен винирмен қапталған тіс П
Тіс жегісіне байланыссыз сауытпен немесе винирмен қапталған тіс Қоспайды
30 жастан кіші адамда тіс жегісінің салдарынан жұлынған тіс Ж
30 жастан кіші адамда басқа себептерге байланысты жоқ тіс Қоспайды
30 жастан үлкен адамда кез-келген себепке байланысты жоқ болған тіс 4,5 Ж
Жарып шықпаған тіс Қоспайды
Зерттеуге қол жетпейтін тіс Қоспайды

 

Тіс жегісімен зақымдалған тістерді санауға негізделетін тіс жегісінің қарқындылық көрсеткіші стоматологиядағы ең әйгілі болып табылады.

Тіс жегісінің қарқындылығын бастапқыда ауыз қуысындағы барлық тістерден зақымдалған тістерді үлесін (%) анықтап алып, салыстырмалы шамаларда есептеген. 1939 жылы Клейн және Палмер тіс жегісінің қарқындылылығын адамдағы жегіленген тістер - К, пломбланған – П және жұлынған – Ж тістер санының қарапайым қосындысын анықтап, бұл индексті КПЖС (С – сау тістер) деп белгіледі.

Ақыл тістерден басқа, барлық тістер және жоқ тістердің орнындағы барлық кеңістіктер тексеруге жатады.

Тістің сауыттық бөлігінің тіс жегісін және түбір тіс жегісінің қарқындылығын бөлек есептейді.

Өлшеу шкаласын стандарттау түрлі елдердегі түрлі зерттеушілермен алынған мәліметтерді салыстыруға жарамды ету үшін ДДҰ–ны «К», «П» және «Ж» категорияларына тістерді (олардың сауыттарын) кірістірудің келесі ережелерін ұсынды. (табл. 5.2).

Тіс жегісінің қарқындылығын бағалағанда клиникалықтан басқа, тіс жегісінің диагностикасында эпидемиологиялық ережелерді орындайды, күдікті жағдайларда диагностиканың қолайлы нұсқаларын таңдау қабылданған; тіс жегісінің анық емес белгілері бар тісті сау деп қарастыру қабылданған.

Эпидемиологиялық тексеру кезінде ДДҰ–ы тіс жегісінің диагностикасының визуальды және тактильді деңгейімен шектеуді ұсынады, өйткені жасырын тіс жегісін анықтайтын қиын әдістер (трансиллюминация, электролазерометрия, рентгенодиагностика т.б) барлық елдерде және барлық жағдайдағы зерттеушілерге қолжетімді бола бермейді, ол әдістердің әртүрлілігі. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелелерінің тең болмауына алып келеді осыдан қортындылай отырып, «К» категориясына бір немесе бірнеше беткейінде тұрақты тістердің сауыттары бар жатады:

· бұзылған жиектерді және жұмсарған тубі бар жегіленген қуыс немесе едәуір айқын бұзылыс (код 1);

· уақытша пломба (код 1);

· герметик және тіс жегісі (код 1);

· тұрақты пломба және жегіленген қуыс (біріншілік немесе екіншілік тіс жегісін бір-бірінен ажыратпайды, код 2).

Келісім бойынша тіс сауытын тіс жегісі жоқ деп санайды және «К» категориясына жатқызбайды мыналар болса:

· қайтымды тіс жегісі (бастапқы);

· науқасты қарау кезінде сенімді диагноз қоюға мүмкіндік жоқ тіс жегісі (фиссуралары жасырын тіс жегісі, проксимальды беткейлердің «қуыссыз» тіс жегісі т.б);

· тіс жегісінің айқын белгілерімен бірге жүрмейтін тіс тінінің боялуы;

· тістің жегілген емес зақымдалулары, оның ішінде түзілу ақаулары, тіс сауытының жарақаттық зақымдалулары.

«П» категориясына бір немесе бірнеше сапалы қайта қондырудан кейін, оның айналасында және беткейінің басқа аймақтарында тіс жегі келгілері жоқ тұрақты тістің сауыты жатады.Тіс жегісінен бұзылған және ортопедиялық құрылыммен қалпына келтірілген тіс сауыты да «П» категориясына жатады. Ал басқа себептер салдарынан сауытпен немесе винирмен жабылған тістерді (мысалы, ортопедиялық құрылымға тірек қондыру үшін) КПЖС–ға қоспайды. Уақытша реставрацияларды «П» категориясына жатқызбайды, өйткені мұндай пломбасы (код 1) бар тісті әрі қарай емдеу керек, сондықтан ол «К» категориясына жатқызылады. Эмальдың механикалық өңдеуінсіз силанттармен қапталған және де эмальдың дөңгелек немесе жалын тәрізді бормен дұрыстауынан кейін силанттармен немесе композиттермен қапталған тістердің сауыттарын КПЖС–ға қоспайды.

«Ж» категориясына 30 жастан кіші адамдарда тіс жегісінің салдарынан (код 4) жуылған тұрақты тістердің сауыттары жатады, және осы жастағы адамдарда басқа себептерге байланысты (жарақат, ретенция, ортодонтиялық көрсеткіштерге байланысты жұлынған т.б.) жоқ болған тістер жатқызылмайды (код 5). Тістің жұлынғанын немесе әлі жарып шықпағанын анықтау үшін осы топ тістерінің жарып шығуының стандартты мерзімдерін және құрдас тістердің бар болуын, альвеолярлы өсіндінің жағдайын зерттейді. 30 жас және одан үлкен жас адамдардағы барлық жоқ болған тістерді жоқ болу себебіне байланыссыз Ж категориясына жатқызады (4,5 кодтар) жұлынған және жасандылармен толтырылған тістерді кодтау үшін, 4 немесе 5 кодты қолданады. Жоғарыдағы ережелер бойынша «Ж» компонентінің есебін жүргізеді.

Тіс түбірін сау деп санайды (код 0) егер ол көрініп тұрса және тіс жегісі белгілері болмаса, қызылиекпен жабылған тіс түбірін код–8 белгілейді (тіс жегісінің қарқындылығын санау кезінде бұл кодтарды есепке алмайды).

Тіс түбірін тіс жегісімен зақымдалған деп санайды, егер оның тінің жарақаттық емес зондпен зондтағанда жұмсарған немесе «тері тәрізді» болып сезілсе. Егер тіс жегісі сауыттан бөлек түбірді алып жатса, жеке емдеуді қажет етеді, оны түбірдің тіс жегісі деп кодтайды. Егер зақымдалу сауытқа да және түбірге де таралатын болса, тіс жегісі басталса тек сол зонаның ғана тіс жегісін белгілейді (сауытты не түбірді). Егер негізгі зақымдалуды анықтау қиындау болса, сауытты да, түбірді де жегіленген деп кодтайды. Осындай жолмен тіс жегісі және реставрациясы бар немесе сауытпен «бірге» реставрациясы түбірді кодтауда қолданылады. «Ж» категориясына тістердің сауыттарын жатқызады: жоқ болған тістің түбірін 7 немесе 9 белгімен кодтайды. Түбір тіс жегісінің қарқындылығын есепке алмайды.

Осылайша, науқастың тіс жегісінің қарқындылығын КПЖС бойынша анықтау үшін «К» компонентіне 1 және 2 кодтары бар тістерді (сауыттар, түбірлер) қосады, «П» компонентіне – 3 кодымен «Ж» компонентіне – 4 кодымен (30 жасқа дейін) немесе 4,5 (30 жастан жоғары қосады).

Жоғарыда айтылғандай КПЖС индексі тұрақты тістердің тіс жегісінің қарқындылығын көрсетеді. Оған уақытша тістердің тіс жегісінің қарқындылығын сипаттайтын КПЖС индексі ұқсас болып табылады. «К» мен «к», «П» мен «п» категорияларында тістерді есепке алу ережелері сәйкес келеді. Ал «Ж» категорияларына олардың физиологиялық ауысуына дейін ұзақ ауыз қуысында жоқ болған уақытша тістер жатады: күрек тістер – 6–8 жасқа дейін, молярлар – 8–9 жасқа дейін.

Аралас тістесу кезеңінде тіс жегісі қарқындылығын сипаттау үшін КПЖС+кпжс индексін есептейді.

КПЖС индексінің жеке мәнінің мәліметтері негізінде топтар үшін тіс жегісі қарқындылығының орташа көрсеткішін есептейді:

Бұл кезде тексерілгендер санына тіс жегісі жоқ адамдарды, яғни КПЖС=0 барларды қосады.

Тұрғындардың басты жастық тобы – 12 жастағы балалар таңдап алынған, олардың тістерінің жағдайына қарай популяциядағы тіс жегісі қарқындылығы жайында талқылайды.

КПЖС бойынша 12 жастағы балалар мен 35–тен 44 жас аралығындағы адамдар популяциясындағы тіс жегісінің қарқындылығын салыстырмалы бағалау үшін ДДҰ әлемдік мәліметтерге сүйене отырып шкаланы ұсынады (табл. 5.3).

Таблица 5.3.