Жұмсақ тіс жұғындыларының химиотерапиясы және химио алдын-алу

Микробты қақтың және оның ферментативті белсенділігінің қалыптасуына әр түрлі химиялық заттар көмегімен әсер етуге болады.

Препараттарды өңдеу мен таңдау кезінде тіс қағын химиялық бақылау ауыз қуысының арнайы жағдайларында жүзеге асырылатынын ескеру қажет.

· Оральды биоцеозды құрайтын микроағзалардың 400 түрінен тек 20-30 түрлері патологиямен ассоциацияланады.

· Оральды биоценозда тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр патологияға әкеледі (дикбактериоз, кандидоз және т.б.), сондықтан микробқа қарсы қасиеттері бар оральды препараттар шартты-патогенді микрофлораның кең спектріне біркелкі әсер етуі қажет, оның өсуін төмендету, бірақ бұл кезде тұрақты штаммаларды сұрыптамау және тұтас алғанда балансты бұзбау үшін. Ауыз қуысының табиғи микрофлорасын жергілікті иммунды қорғаныштың деңгейін төмендетуге әкелмеуі қажет.

· Тіс буылтығының микроағзалары суда ерімейтін матрикс препараттармен тікелей қатынастан қорғалған.

· Ауыз қуысы бір-бірімен тікелей байланысы жоқ көптеген макро- және микро кеңістіктерге бөлінген: ауыз қуысы кіреберісі, тіласты аймағы, проксимальдыаралық кеңістіктер, қызылиек жүлгесі, окклюзионды беткейде фиссуралар мен шұңқырлардың қызылиек қалтасы, тілдің үзбелері және т.б.; локустардың әрқайсысында химиопрепараттардың белсенділігінің сақталуын және болуын қамтамасыз ету – бөлек міндет.

· Көптеген дәстүрлі препараттардың жоғары тиімділігі микроағзалардың биосинтетикалық белсенділігінің сақталу жағдайында мүмкін.

· Ауыз қуысында болған препараттар сілекеймен тез ерітіледі және жұтылады, сондықтан олардың концентрациясы тез төмендейді. Оральды препараттардың тиімді концентрациясын таңдау жергілікті тағайындалуы бойынша олар жұтылады, қанның ағысына түседі және жүйелі болатынымен шектеледі. Жұмысшы деңгейде препараттың тиімді, бірақ улы қолайлы концентрациясын ұзақ ұстап тұру үшін ұзақ дәрілік формаларды өңдейді, олардан белсенді зат біртіндеп бөлінеді.

· Ауыз қусының микрофлорасы ауыз қуысында болуы қажет; өйткені микроағзалардың көп бөлігі сілекеймен жұтылады, АҚКҚ-да, тістерде және т.б. микроағзалар санын тез қалпына келтіру үшін қалыпты биологиялық механизмдер бар.

· Оральды препараттар сөзсіз тілдің рецепторларына түседі, сондықтан олар дәмге жағымсыз болмауы қажет.

· Ауыз қуысына салынған препараттар тіндермен сіңіріледі (кілегей қабықпен, пелликуламен және т.б.) және оларға эстетикалық көзқарас жағынан қолайлы емес бояу беруі мүмкін.

 

Антисептиктер

Бактериальды клеткалардың тіршілік әрекеті үрдісіне теріс әсер ететін препараттар, анықтамасы бойынша жоғары улылығымен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысының тиімділік және қауіпсіздік талдауы препараттың қандай концентрациясы туралы сөз теілгендігі байланысты жүргізілуі қажет, өйткені олардың мөлшер- және уақыт тәуелді әсері бар. 1962 ж. Stralford тістерді тазарту кезінде қолданылатын антисептиктің тиімді мөлшерін есептеу ережесін ұсынды: препарат жақын 6 сағатқа микробтардың көбеюін жоюы қажет; келесі 6 сағатта препарат әрекет етпейді, сондықтан микробты қақтың өсуі қайта басталады, бірақ антисептик қолданумен келесі тазарту уақытына таман патогенді мәніне жетуге үлгермейді, оны біріншіден 12 сағ. кейін жүргізу қажет.

Өткен ғасырда тіс қағының химиотерапиясында антисептиктердің барлық кластары байқап көрілді.

Иодидтер алдын-алу мақсатпен күнделікті қолданыла алмайды, өйткені олар микробты мембрананың ақуыздарымен қайтымсыз байланысады, оларды зақымдайды, осымен бактерицидті әсерді тудырады және оральды биоценоздың патологиялық өзгерістеріне әкеледі. Соңғы жылдары иодидтер 1-3 жастағы балаларда буылтықты бақылау үшін қолдану ұсынылады: 1-2 айда 1 рет аппликаиця үшін қолданылатын повидон иодиді (10% поливинил пирролидон ерітіндісі), ерте балалық тіс жегісінің өршуін және инициациясын болдыртпайды, осы тәртіпте қолданылған баланың қалқанша безі үшін қауіп тудырмайды.

Хлор құрамды препараттар (хлорамин, оксихлорозен) жағымсыз дәммен ерекшеленеді, хлордың иондары ауыз қуысында тез инактивацияланады.

Оттегі құрамды антисептиктер (1-1,5% сутег асқын тотығы, пербораттар) ауыз қуысында тиімді ұзақ емес жұмыс жасайды, өйткені олармен бөлінетін молекулярлы оттегі оральды микрофлораның ферменттерімен (каталаза) тез блокталады.

Мырыш байланыстары (лактат) бактериостатикалық әсер көрсетеді. Мырыш лактатының әсерінен S. mutans дамуын баяулатады. Мырыш лактаты күкірттің ұшатын байланыстарын өндіретін бактериялар дамуын тоқтатады, сонымен қатар ауыздан жағымсыз иісті жоя отырып, бұл байланыстарды ерімейтін туындылар түзумен байланыстырады. Зат ауыз қуысында 3-4 сағ. кідіреді.

Төрттік аммонийлі қоспалар (0,1-0,05% цетилпиридиниум хлориді, бензэтония хлориді, дефимен бромиді, додецилтриаммоний хлориді) айқын бактериостатикалық белсенділікке ие, бірақ олардың көпшілікке белгілі болуына жағымсыз иісі және салыстырмалы жоғары улылығы кедергі жасайды.

Бензол туындылары – фенольды байланыстар – микробты ферменттерді ингибирлейді және бактериальды қабырғаны бұзады, сондықтан кең спектрлі әсері бар. Тимолды қолдану ерте стоматологиялық алдын-алу тарихы бар, олар шаюлар құрамында тіс жұғындылары массаларының өсуін анық төмендетуді қамтамасыз етеді. Бұл класс антисептиктерінің жағымсыз әсері ауыз қуысының грам оң сапрофитті микрофлорасын тоқтату болып табылады.

Тіс жегілік орныққан әсер бүгінде стоматологиялық алдын-алу өнімдеріне белсенді кіретін екі антисептикалық бисгуанидті препараттар– хлогексидин мен триклозан үшін дәлелденген.

Хлоргексидин (ХГ) – катион-белсенді бисгуанид (қара сур. 5.15).

 


Сур. 5.15. Хлоргексидинннің химиялық формуласы.

 

Препаратты бірінші рет безгекпен күреc кезінде 1950 жылдары қолдана бастады, ал 1959 ж. оны стоматологияда қолдануға ұсынылды. Қазіргі кезде ХГ тіс буылтығын химиялық бақылаудың «алтын стандарты» ретінде танылды. ХГ оң зарядты, сондықтан микроағзалар мембраналарының қасиетін өзгертуге былайша қабілетті, олардың тұтастығы бұзылады, цитоплазманың жойылуы басталады, клетка ішінде ақуыздардың преципитациясы және оның лизисі. Осылайша ХГ грам оң және грам теріс микрофлораға, сонымен қатар Candida түрінің саңырауқұлақтарына бактериципті әсер көрсетеді. Зарядының арқасында, ХГ ауыз қуысы тіндерімен сіңіріледі және ақырын олардан босатылады жне сондықтан ұзақ әсер көрсетеді.

1980-1990 жылдары ХГ ауыз қуысын шаюлар (0,05-0,2%), гельдер (0,5-1,0%), лактар (10-20%), тіс сықпалары құрамына енді. ХГ шаюлар және аппликациялар тәртіптері әр түрлі:

· 2 апта мерзімінде күніне 1 рет, жылына 3 рет қайталау;

· 2 апта мерзімінде күніне 3 рет, жылына 3 курс;

· 1 ай мерзімінде аптасына 1 рет, жылына 2 курс.

ХГ-лактарымен аппликацияны ай сайын қайталайды. Лакты жоғары қауіп зонасына – проксимальды беткейлер аймағына, жарып шыққан тіске және т.б. жағу ұсынылады.

ХГ тістердің тегіс беткейлерінің микрофлорасын жою үшін тиімді. ХГ-шаюлар фонында тіс қағының рН қауіпті деңгейге дейін төмендейді және тезірек қалпына келеді. ХГ-шаюдың үшінші күнінде қақтағы тірі бактериялар саны миллион есе төмендейді. ХГ-лакпен аппликацияның басталуынан 3 айдан кейін S. Mutans саны 1000 есе төмендейді. ХГ-процедураларын тоқтатқаннан кейін микробтардың саны 3-4 аптадан кейін қалпына келеді. ХГ-препараттарын үш жыл мерзімінде жүйелі қолдану КПУЗ редукциясының 30% қамтамасыз етеді, ал проксимальды беткейлердің тіс жегісінің өсуі бұл мезгілде 50 есе төмендейді.

Дегенмен ХГ-нің күрделі кері әсерлері бар, олар оны қолдануды шектейді. ХГ ауыз қуысы тіндерімен сіңіріледі және оларға сұр түс береді, жағымсыз иісі бар, көбісінде ол ауыз қуысы кілегей қабығының күюін тудырады, жануарларға ұзақ экспериментте ауыз қуысы кілегей қабығының гиперкератозы және дисплазия себебі болады.

Күрделі оральды өнімдерді құру кезінде ХГ-нің қалайы фторидімен және натрий лаурилсульфатымен инактивациялық өзара әрекеті мүмкіншілігін есепке алады (тіс сықпаларының беткей-белсенді компоненті).


Триклозан – 5.16 суретте көрсетілген химиялық формуласы бар бисфенольды байланыс (2,2,4-трихлор – 2-гидроксидифенильді эфир).

Сур. 5.16. Триклозанның химиялық формуласы.

 

Триклозан – кең спектрлі төмен улылықты антисептик, жоғары емес концентрацияларда грам оң және грам теріс бактерияларға – прокариоттар мен саңырауқұлақтар, соның ішінде Candida түріне белсенді. Триклозанның бактериостатикалық әсері клетканың мембранасы арқылы амин қышқылдарының тасымалдауын тоқтатпайтындығымен, микробты клеткада майлы қышқылдардың синтезіне жауапты фермент-ACP-редуктазаны блоктайтындығымен қамтамасыз етіледі. Триклозанның бактерицидті әсері микробты клетканың цитоплазматикалық мембранасының және оның протоплазмасын сыртқы сфераға көрінеді.

Бактериостатикалық концентрацияларда триклозан сабын, дезодорант, шайғыштар мен тіс сықпаларын (0,2-0,3%) шығаруда қолданылады. Триклозан қақпен жақсы сіңіріледі және онда 8 сағ. мерзімінде өзінің белсенділігін сақтайды (яғни, 0,3 мкг/мл тең кіші ингибирлеуші концентрация). Қазіргі заманғы препараттарда триклозан PVM/MA кополимерімен қосылады (малеин қышқылының поливинилметилді эфирі), ол препараттың жұмысшы уақытын 24 сағ-қа дейін ұзартады. Триклозаны бар сықпаны қолдану қақтың микробты санын 20% төмендетеді және тіс жегісінің редукциясын 25-30% қамтамасыз етеді.

Фторидтер 0,01-0,1% концентрацияларында бактериостатикалық әсер көрсетеді және бактерицидті – 0,5-1% ретті концентрацияларында. Фторидтің S. mutans және Lactobacillus микробқа қарсы әсерінің маңызды механизмдері болып табылады:

· микробты клеткада глюкоза тасымалдануының механизмдерінің блокадасы;

· микробты қабырға арқылы H+ шығаратын АТФ-тәуелді сорғының блокадасы, ол клеткада ацидозды, ферменттер белсенділігін және қышқылдың өнімін төмендетуді қамтамасыз етеді,

· рН айқын төмендегенде жоғары концентрацияда қақта болатын фторид клеткаға HF құрамында енеді және гликолиз циклінде – клеткада энергия өндіру және сүт қышқылын өндіру бұзылады, 2-фосфоглицераттың фосфоэнолпируватқа тасымалдануына жауапты фермент-энолазаны блокадалайды;

· сүт қышқылының өндіруінің төмендеуі S. mutans-қа оның өміріне қажетті рН деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;

· микробты клеткада алмасу үрдістерін жою кезінде клетканың энергетикасы және қақтың қалыптасуы үшін қажет полисахаридтердің (леван және глюкан) өндірілуін баяулатады;

· фторидтер липотеихонды қышқылдың бактериальды өндірілуін төмендетеді және сол арқылы S. mutans адгезивті қабілеттілігін төмендетеді.

Жоғары концентрацияланған фторпрепараттарды қолдану нәтижесінде қақтың өсуі 3-4 күн мерзімінде анық ингибирленеді, микроағзалардың бастапқы саны 20-ші күнге таман қалпына келеді.

Қалайы препараттары 6-фосфофруктокиназа және альдолаза ферменттерін инбирле және сол арқылы гликолизді блоктай отырып, өзінің бактериостатикалық қасиеттерін жүзеге асырады. Бұдан басқа, қалайы препараттары тіс қағын қалыптастыру үрдісінде микробты клеткалардың когезия мен адгезия үрдістерінің қарқынын төмендетуге қабілетті. Бұл әсер құрамында SnF2 қалайы фториді бар оральды өнімдерде қолданылады.

Дегенмен сулы ерітіндіде бұл байланыстың гидролизі және оның компоненттерінің преципитациясы жүреді; оттегі болғанда қалайының екі валентті ионы оксигенацияланады және төрт валентті болады (Sn4+). Осы химиялық үрдістер фтордың микробқа қарсы қасиеттеріне жағымсыз көрінеді, сондықтан қалайы фториді аминофторидпен оны сықпада қоса отырып тұрақтандырады

Лизоцим, лактопероксидаза, лактоферрил – синтетикалық препараттар-антисептикалық қасиетке ие сілекейдің табиғи компоненттерінің ұқсастары. Осы заттар қақ түзуді төмендету мақсатымен ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамына кіреді және жиі сілекей жетіспеушілігі бар адамдарға ұсынылады.

 

Антибиотиктер

Созылмалы соматикалық аурулардың емдеу үшін антибиотиктерді ұзақ уақыт мерзімінде қолданатын адамдарды бақылауда бұл препараттардың тіс жегісі дамуын тоқтататыны анықталды. Бірақ антибиотикотерапияның жағымсыз кері әсерлері (дисбактериоз, сезімталдық, резистентті флораның қалыптасуы) тіс жегісін алдын-алу үшін оларды қолданылуын тоқтатады.