Тіс беткейінің модификациясы үшін заттар

Кейбір заттар тіс беткейі мен пелликула қасиеттерін қақтың бірінші қабатының қалыптасуы мүмкін емес ететіндей өзгертетіні белгілі. Мұндай заттарға, алдымен, тіс шайғыштары, сықпалар, гельдер құрамында қолданылатын детергенттер (беткей-белсенді заттар, ББЗ) – этоний, хлоргексидин, натрий лаурилсульфаты, органикалық фторидтер (аминофторидтер) жатады. ББЗ эмальға гидрофобты әсер береді, бұдан басқа коллоидты жүйелердің тұрақтылығын жоғарылата отырып, ауыз сұйықтығынан қақ компоненттерінің тұнуын қиындатады. Тістің беткейіне микроағзалардың бекітілуі кейбір тағамдық субстраттар мен гидрофобты жабылуды түзетін олардың ұқсастары: эфирлі майлар (дәм қабық, бұрышты және бұйра жалбыз, қалампыр) және креатинин (ақуызды ыдыраудың өнімі) болғанда қиындайды. Тістің беткейінде қорғаныш қабықты ундецин қышқылы және оның мырыш тұзының, поливинилпирролидон ерітінділері, диметикон (силикон) құрады. Бұл заттар жиі оральды гигиеналық заттардың (сықпалар, гельдер) құрамына кіреді, бірақ ауыз қуысында ұзақ сақталмайды.

Эмаль беткейін модификациясында елеулі роль беткейдің электрлік потенциалын өзгертуге қабілетті фторидтер атқарады және осылайша оған бактерияның қосылуын кедергі жасадйы. Ионды тіс щеткасының көмегімен тіс беткейінің зарядын өзгерту бойынша физикалық шаралар ұсынылды.

 

Алыптасқан тіс буылтығының белсенділігін бақылауға арналған заттар

Тіс буылтығының қалыптасу және тіршілік әрекетінің келесі сатылары көптеген жағдайларға байланысты, олардың біреуі ас қалдықтарының болуы. Тіс жегісінің дамуында тамақтану режимінің рөлі соншалықты үлкен, оны ерекше атап өткен жөн.

Десорбция, қақтың құрам бөліктерінің беткеймен беріксіз байланысуы, оның түзілуін баяулатуы мүмкін. Гидроксиапатит беткейінен фтор иондарын және глицерофосфатты, фитин қышқылының тұздарын (соның ішінде ас фитаттары) төмен концентрация кезінде альбуминдер, сілекей гликопротеидтері мен бактериялар десорбциялайды.

Бөлшектер дезагрегациясы, жақындасқан, бірақ тіс жұғындыларының матрицасында берік өзара байланыстардың болмауы қалайы фториді (микробты клеткалар мембраналарының зарядтарын өзгертеді), хлоргексидин, ксилиттің әсерінен болады.

Қақтың қауіпсіз деңгейге дейін рН-ның бейтараптануы, егер аталған шараларының қақтың түзілу сатыларына әсері тиімсіз болса, эмальді қышқыл шабуылынан қорғаудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады.

Тіс сықпалары мен шайнау сағыздарына қосылатын арнайы қосындыға, микроорганизмдер көмегімен (микробты фермент уреаза) сілтілі қасиеттерге ие, тістің қатты тіндерінің рН-ын қауіпсіз жаққа қарай өзгертіп, көмір қышқыл газы мен аммиакқа ыдырайтын мочевина, яғни карбамид жатады.

Түзілген жұмсақ тіс жағындыларының бұзылуы химиялық және физикалық механизмдер көмегімен жүзеге асады.

Химиялық заттарға, қақтың құрылымын ерітетін беткей белсенді заттар (ББЗ), сонымен қатар қақтың органикалық матриксін ыдырататын ферменттер жатады: лизоцим (соның ішінде сілекей), панкреатин, декстреназа, рибонуклеаза. Бұл препараттар көптеген оральды гигиеналық өнімдерді құраушы бөліктер болып табылады. Тәжірибе бойынша, күн сайынгы декстреназа таблеткаларын бір ай бойы қабылдау, тіс жегісі өсуінің 50% жылдық редукциясын көрсетті.

Тіс жұғындыларының еріткіштеріне уродан, күкірт қышқылды магний, магний тотығы жатады.

 

Тамақтану тіс жұғындыларының белсенділігін және тістің қатты тіндерінің жағдайын анықтайтын жергілікті факторы ретінде

Тағам қабылдауға байланысты тамақ өнімдерінің тістің жұғындылары мен ауыз қуысы сұйықтығына, тістің қатты тіндеріне әсер ету механизмдері мен үрдістері

Адамның асы көптеген сипаттамалардан тұратындықтан, оның тіс жегісінің үлесін бағалау мүмкін емес. Тіс жегісін біріншілік алдын-алу мақсатында ас қабылдауды бақылаудың мнідеттері мен мүмкіндіктеріне қазіргі уақыттың көзқарастары негізінде келесі қағидалар жатады. Тамақ тістің эмаліне жанама әсер етеді, тіс қағының қышқылдылығының өзгеруі арқылы. Бұрын айтылғандай, қақтың қышқылдылығының сәйкес мәні кезінде эмальдың де- және реминерализациясы бір-бірін ауыстырып жатады (рН 5.5- тен кем болғанда қақтың ортасы минералдармен толық қанықпайды, сондықтан олар апатиттен қаққа шығады, рН 6.0 жоғары кезінде – артық қанығады, сондықтан минералдар апатитке қайтып енуі мүмкін), де- және реминерализацияның кезектесуінің клиникалық нәтижесі ретінде эмальдың бұзылуы болуы мүмкін немесе рН-тың қышқыл жаққа қарай төмендеу дәрежесіне және әр түрлі бағыттағы үрдістердің салыстырмалы ұзақтығына байланысты эмаль тұтастығының сақталуы болуы мүмкін. рН көлемінің өзгеруі микрофлора қасиеттерімен, тамақ өнімдерімен және ауыз қуысы сұйықтығымен анықталады. рН деңгейінің ұзақтығының сақталуы өнім қасиеттеріне, ауыз қуысы сұйықтығына, тіс қатарларының ретенциялық жағдайларына және ауыз қуысына тамақ өнімдерінің жаңа бөлшектерінің түсу жиілігіне байланысты.

Жегіленген үрдістің дамуында тамақтану рөлі туралы айтқанда және алдын-алу шараларын жоспарлағанда, бірнеше факторлар топтарын ескерген жөн:

1) тағақ өнімдерінің факторлары:

· агрессивті: көмірсутектің біршама мөлшері (жай және күрделі), тығыз консистенция, жоғары жабысқыштық;

· қорғаныштық: сілекей айдайтын және детергенді әсерлер, буферлі қасиеттер, кальций иондарының, фосфат пен фторидтердің болуы;

2) ауыз қуысы факторлары: тамақтың механикалық ретенциясы үшін жағдайлардың болуы немесе болмауы (жанасу аралық беткейлердің тығыздылығы, фиссуралардың тереңдігі мен диаметрі, шайнау белсенділігі, сілекейдің тазартқыш, буферлі және минерализациялық потенциалы);

3) адамның жүріс-тұрысының факторлары: тамақ өнімдерінің таңдауы, тамақ қабылдаудың жиілігі мен кезектілігі, ауыз қуысы гигиенасының деңгейі.

Стоматологиялық диетобақылау, көбінесе бірінші және үшінші топтарға қатысты әр түрлі факторларды анықтау және түзету шараларынан тұрады.

 

Тіс жегісі дамуына септігін тигізетін тағам өнімдерінің қасиеттері (ацидогендігі, кариесогендігі)

Микробты гликолиздің субстраты ретінде тамақ өнімінің қасиетін, оның ацидогендігі анықтайды- қышқылға «айналу» қабілеттілігі жатады. Тамақ рационында ұзақ уақыт бойы жегінің өсімін үстемелдеу қабілеттілігін анықтайтын өнімнің қасиеттерінің жиынтығын кариесогендігі ұғымымен түсіндіреді.

Осылайша, ацидогенділік эмаль үшін өте қауіпті өнімді сипаттайды, ал кариесогенділік оның шынайы қасиетін білдіреді.. Ациогенділік пен кариесогенділік үнемі бірдей болуы міндетті емес. Кейбір деректер бойынша ауыз қуысының қуатты күші мен адамның саналы жүріс тұрысынан жоғары ациодогенді қанттың кариесогенді әсерлері 100-ден 6%-ға дейін төмендейді, ал уақытша күрек тістердің бұзылуы керісінше, жоғары емес ацидогенді потенциалы бар емшекпен қоректендірудің бұзылуына әкелуі мүмкін.