Тістер тіндерінің қалыптасу мерзімдері

Тістер Салынуы Минерализациясының басталуы Сауыттың қалыптасуы Жарып шығуы Түбірдің қалыптасуы
Уақытша
Күрек тістер 6-8 апта қ/і 14-16 апта қ/і 1,5-2,5 ай 6-10 ай 1 жас 6 ай
Ит тістер 17 апта қ/і 9 ай 19-20 ай 3 жас 3 ай
1-ші моляр 15 апта қ/і 5,5-6 ай 16 ай 2 жас 3 ай 2 жас 6 ай
2-ші моляр 18-19 апта қ/і 11 ай 27-29 ай 3 жас
Тұрақты
Күрек тістер 23-25 апта қ/і 3 ай 3,5-5,5 жас 6-8 жас 9,5-11 жас
Ит тістер 23-25 апта қ/і 4 ай 5-6 жас 10,5-11,5 жас 12-13 жас
Премолярлар 15 ай 22-28 ай 7-8 жас 11 жас 14-15 жас
1-ші моляр 17-20 апта қ/і 32 апта қ/і 3,5-4 жас 6 жас 10-11 жас
2-ші моляр 15 ай 27 ай 7,5-8 жас 12 жас 15-16 жас
3-ші моляр 4-5 жас 8-9 жас 14 жас 20 жас 22 жас
қ/і – құрсақішілік даму.

 

Таблица 5.15

Тістердің тіс жегісі резистенттілігі қалыптасуының критикалық кезеңдері

Өмір кезеңі Тістер қалыптасуының үрдістері
6-8 апта қ/і Уақытша тістердің салынуы
15-16 апта қ/і Уақытша тістер тіндерінің ажыратылуы
17-20 апта қ/і Уақытша тістер сауыттары минерализациясының басталуы 6-шы тістер ұрықтарының салынуы
23-25 апта қ/і Уақытша тістер сауыттарының минерализациясы 1, 2, 3-ші тістер ұрықтарының салынуы
30 апта қ/і 6-шы тістер минерализациясының басталуы
өмірінің 3-8 айлары 1-3-ші тістер минерализациясының басталуы
2-3 жас 4, 5, 7-ші тістер ұрықтарының салынуы 4-ші тістер минерализациясының басталуы
2,5-3,5 жас 5, 7-ші тістер сауыттары минерализациясының басталуы
4-5 жас 8-ші тістер ұрықтарының салынуы

 

Тіс жегісіне резистенттіліктің преэруптивті қалыптасуының сапасын анықтайтын факторлар

Энамелобласттардың қызметі негізінде, ағзаның басқа да клеткалары сияқты, адамның генетикалық бағдарламасы жатыр. Тіс жегісі резистенттілігінде генетиканың рөлі, келесі классикалық бақылаумен дәлелденеді: бір жұмыртқалы егіздерде КПЖС көрсеткіштерінің конкорданттылығы 75% құраса, екі жұмыртқалы егіздерде 15% құрайды.

Генетикалық бағдарламаның іске асырылу үрдістері алмасу үрдістерін, энергетиканы және т.б. нервтік және гуморальды бақылаудың қандайда бір деңгейімен сипатталатын ағзаның өмір тіршілігінің шынайы жағдайында өтеді. Сондықтан тістердің тіс жегісіне тұрақтылығы көбінесе жүкті әйелдің және баланың денсаулығының жағдайына байланысты. Ғылыми әдебиеттерде тістердің тіс жегісіне тұрақталығының бірқатар әлеуметтік және психосоматикалық факторлардың негативті әсер ететін дәлелдеулер көрсетілген.

А. Жүктіліктің ағымымен байланысты факторлар:

- жүкті әйелдің өте жас болуы;

- кәсіптік зиянды әдеттер;

- жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы токсикоз;

- соматикалық патология (нефропатия, гипертония, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылысы);

- жүкті әйелдің инфекциялық аурулары (ЖРА, энтеровирусты инфекция, қызамық, токсоплазмоз, туберкулез, ревматизм);

Б. Ұрықтың жағдайымен байланысты факторлар:

- резус-сәйкес еместігі;

- салмағынан қалуы;

- ұрықтың 3 кг-нан артық гипертрофиясы;

- уақытынан ерте және кеш босану;

В. Баланың жағдайымен байланысты болатын факторлар:

- босану кезіндегі араласулар (медикаментозды және механикалық);

- жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы;

- сепсис;

- рахит;

- жедел аурушаңдықтың жоғары индексі;

- тамақтанудың бұзылысы;

- созылмалы соматикалық аурулар.

Статистика бойынша 1990 жылдары Ресей мемлекетінде босанушы әйелдердің 10% ғана сау болды. Балалардың денсаулығының сипаттамасы соңғы 10 жылдықтарда қан айналым, асқорыту, сүйек бұлшықет жүйелерінің ауру жағдайларының санының өсуімен байланысты айқын нашарлатады. Әсіресе тіндердің (соның ішінде тістердің) қалыптасу сапасы үшін «үлкен серпілістер» – дененің салмағы мен ұзындығының біраз өсуі, кезеңінде гормональды қайта құрылыстар: антенаталды даму кезеңінің екінші жартысында, алғашқы бірінші алты айлығында, 5-7 жас пен 10-11 жас аралығында маңызды.

Науқас ағзасының антенаталды және постнаталды даму кезеңдері бойы гомеостаз сапасы туралы мәліметті стоматолог алуы мүмкін:

а) науқастан және/немесе оның ата-аналарынан анамнез жинау барысында;

б) дәрігерлерден, қарайтын науқастардан, оның медициналық құжатынан. Бағдар ретінде стоматолог, педиатр анықтайтын бала денсаулығының тобы туралы мәліметті қолдауы мүмкін (табл. 5.16).

Таблица 5.16