Фторидтің тәуліктік түсуінің консервативті деңгейлері

  Жасы   Жынысы   Фторидтің түсу деңгейі (мг), пропорциональды:
дене массасына Энергошығындарына
төменгі Жоғарғы төменгі Жоғарғы
1 жасқа дейін е., ә. 0,16 0,33 0,30 0,78
1-3 жас е.,ә. 0,30 0,60 0,66 1,31
4-6 жас е., ә. 0,45 0,90 0,87 1,75
7-9 жас е., ә. 0,63 1,25 1,06 2,12
10-12 жас е. 0,82 1,65 1,25 2,51
ә. 0,85 1,70 1,13 2,26
13-15 жас е. 1,14 2,29 1,39 2,78
ә. 1,11 2,23 1,20 2,39
16-19 жас е. 1,40 2,81 1,47 2,95
ә. 1,21 2,43 1,12 2,23
Ересектер е. 1,45 2,90 1,45 2,90
ә. 1,23 4,45 1,06 2,12

 

Фтор жүктеменің қауіпті және тәуекелді деңгейлері анықталған:

· 0,02 мгF/кг: осы деңгейдің көтерілуі кезінде тұрақты күрек тістердің сауыттық бөлігінің преэруптивті жетілуі кезеңінде, яғни 20-дан 26 айлық жасында балалардың жүктемесін бақылау үшін едәуір әсер ететін тістердің жеңіл флюорозының болу ықтималдығы пайда болады (Аксельссон);

· 0,1 мгF/кг – тәуліктік максимальды мүмкін фтор жүктеме;

· 0,2 мгF/кг- созылмалы тәуліктік токсикалық мөлшер;

· 5,0 мгF/кг және одан жоғары - жедел токсикалық мөлшер;

· 32,0 мгF/кг және одан жоғары – летальды мөлшер.

Адамның ақиқатты фтор жүктемесі екі тәсілдермен анықталуы мүмкін: 1) фторидтердің түсуі туралы мәліметтер негізінде; 2) фторидтерді жинау және бөлу көрсеткіштері бойынша.

Фторидтердің түсу деңгейін анықтау үшін барлық потенциалды көздер мен адаммен әрбір көздерді тұтыну деңгейі туралы мәліметтер болуы керек. Адамға табиғи көздер үшін су, тамақ және ауа болып табылады. Осы субстраттарда фторидтердің болуы көптеген табиғи және антропогенді факторлармен анықталады және сондықтан орны мен уақытына байланысты өзгереді.

Су, жер қыртысы мен ауа үшін фторидтердің негізгі көзіне литосфера болып табылады (сур. 5.33). Жердің тереңіне барған сайын фторидтердің концентрациясы литосфера қабаттарында жоғарылай түседі деген тұжырым бар. Сондықтан жанар тау текті жер қыртысында, сонымен қатар белсенді жанар таулы аймақтардағы су мен ауада фторидтің құрамы оптимальды деңгейді асады. Осы себеп бойынша судағы, терең артезианды ұңғымадағы (сонымен қатар бөтелкелі минералды суларда) фторидтердің құрамы беткей суларға қарағанда жоғары болып келеді 0,8-ден 10,0 мгF/кг және 0,1-0,3 мгF/кг.

Литосфера

Сур. 5.33. Адам үшін фтоидтердің көздері.

 

Бұрынғы тау жыныстары фторидтерге бай болып келеді және бұл тәжірибе жүзінде тасты көмірді отын ретінде қолданатын аумақтардағы тұрғындар үшін маңызды болып келеді: ауада фторидтер құрамы жоғары.

Фторидтердің құрамына ауа, су және жер қыртысы әсер етеді. Алюминий мен фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі фторидтерге бай кендерді өңдеумен байланысты, сондықтан осы зауыттарға жақын территориялар ауа мен жер қыртысында фтор құрамының көп мөлшері болады. Фторидтердің ажырамайтын қоспалары бар фосфорлы тыңайтқыштарды жүйелі қолдану жер қыртысында, әсіресе саз балшықта олардың құрамын жоғарылатады. Ауаны фторидтермен потенциалды ластайтын өндірістерге плавик қышқылы бар тазартылмаған өндірістік қалдықтары болатын әйнек зауыттарын жатқызады.

Өсімдіктер фторидтерді жер қыртысынана, судан, ауадан алады, сондықтан айналадағы ортада осы микроэлементтің құрамының индикаторы болып келеді. Өсімдіктердің жеуге келетін бөліктерінде фторидтің мүмкін болатын концентрация шамасы -2,5 мгF/кг. Біздің аумақта қоданылатын өсімдік текті тағамда фторид құрамы 0,4 мгF/кг- нан (көкөніс) 1,9 мгF/кг-ға дейін (ұн, жарма). Кейбір өсімдіктер әдеттегі жағдайда фторидтердің жоғары концентрациясын жинауға қабілетті: оларға құрғақ жапырақтарында 1000 мгF/кг болатын шай жатады (суда дайындалған шайда 0,5 мгF/кг-нан 4,0мгF/кг дейін болады).

Тағамдық тізбекті жануарлар аяқтайды. Жануар текті өнімдерде фторидтер құрамы аумақтың экологиялық ерекшеліктеріне, мал түліктің өсуіне, жемнің сипатына, сонымен қатар фторидтердің қандайда бір тіндерде жиналу қабілетіне байланысты, сондықтан ол сүтте 0,3 мгF/кг-нан шошқада 1,5 мгF/кг-ға дейін, балалар тамақтануында тауық пюресінде 5,0 мгF/кг жетеді, ал сүйектері толық алынбаған зауыттық жағдайда дайындалған түрінде 2,5 мгF/кг–ға тең. Теңіз балығындағы бұлшықет тінінде 4-6 мгF/кг, ал консерва мен шаян тәрізді панцирьлері немесе сүйектері алынбаған басқа да өнімдерде 12,5 мгF/кг–ге дейін жетеді.

Аумақтық көздерде фторидтердің құрамы мен оларды қолданудың дәстүрлі деңгейлерінде табиғи фтор жүктемені есептеуге болады. Ауадан фторидтердің түсуі біздің аумақта 0,1 мгF/кг–ден жоғарыламайды және маңызды болып келмейді. Беткей көздерден 1,5л ауыз суының тәуліктік қолдануында (құдық пен су өткізгіштерде) [F]=0,3 мг/л, аумақтың ересек адамы 0,1- тен 0,45 мгF/кг алады. Негізгі тамақ өнімдерінің барлығынан тек 1,5 мгF/кг түседі, оның 80 ғана сіңіріледі. Осылайша, аумақтың орташа алғандағы ересек адамның фтор жүктемесі 1,45-1,75 мгF/кг құрайды, бұл оптимальды диапазонның төменгі шекараларына сәйкес келеді.

Фтор жүктемені оның жинақталу немесе бөліну көрсеткіштері бойынша бағалау мүмкіншіліктерін түсіну үшін адам ағзасына түсетін фторидтің тағдыры талқылау қажет (сур. 5.34).

 

 

Сур. 5.34. Адам ағзасында фторидтің алмасу сызбасы.

 

Ауадан өкпеге, ал су мен тамақтан асқорыту жолдарына градиент концентрациямен фторид түсіп, қанға барып, мүшелер мен тіндерге енеді. Фторидтің түскен бөлігі (балаларда 50%, 16-19 жастағы жасөспірімдерде 45%, ересектерде 40%) ағзалар қалып, минералданған (сүйек, тіс) және жамылғы тіндерде (тері, шаш, тырнақ) жиналады. Ағзадан фторидтердің бөлініп шығуы сілекей мен тері бездерімен ұйымдастырылады (1% дейін), бірақ негізгі экскрециялық жұмысты бүйректер атқарады: per os арқылы түскен фторид бірнеше минуттан кейін несепте пайда болады. Жартылай шығарылу кезеңі 5 сағатты құрайды, тәулік соңында фторидтердің несеппен шығарылуы тоқтатылады. Өзекті фтор жүктеменің теориялық витальды маркерлері - сілекей, қан және несеп болады, ал алдыңғы апталар бойы фторидтердің түсу деңгейінің маркерлері-тырнақтар, соңғы апталар мен айлар бойы – шаштар, азды-көпті қашық уақытқа - тістер сәйкес келеді. Қазіргі кезде фторидтердің тәуліктік түсуін оның несеппен бөліну көрсеткіштері бойынша анықтау әдісін тәжірибеде қолданады, тырнақтардағы фторидтердің құрамы бойынша фторжүктеме мониторингі перспективті әдістеме ретінде қарастырылады (соңғы жағдайда «орташаланған», яғни көбірек обьективті мәліметтер алады).