Фторқұрамды сықпаларды қолдану бойынша Еуропа Ассоциациясы балалар стоматологтарының ұсынымдары

 

Жасы Фторид құрамы (ppm) Қолдану жиілігі Саны
6 айдан 2 жасқа дейін ≤500 дәрігердің тағайындалуымен Іздері
2–ден 6 жасқа дейін күніне 2 рет бұршақ мөлшерінде, шынашақ тырнағы
6 жастан жоғары 1000-1450 күніне 2 рет щетканың 1/3 басындай

 

Фторқұрамды тіс сықпаларды күн сайын таңертең және кешкісін тістерді щеткамен, жіппен немесе Шығыстағы елдер дәстүріндегідей ағаш таяқшасымен тазартқанда ұсынылады. Фторқұрамды сықпаларды толық қолдану үшін:

· тістерді тазарта бастағанда, сықпаны барлық тістер беткейіне жағып, тісаралық кеңістіктерге басты назар аудару керек;

· тістерді тазартқаннан кейін сықпаны шаю керек (ауыз сұйықтығымен) «тістер арасымен» - тістердің проксимальды беткейлеріне фторидтердің енуін қамтамасыз ету;

· ауызды сумен шаю;

· сықпаны қабылдағаннан кейін бірден ішуге болмайды;

· кешкі уақытта тістерді ұйықтар алдында тазарту (сілекей бөлінісінің жылдамдығының физиологиялық төмендеуі көмегімен сықпаның фторидінің клиренсі төмендейді).

Кәсіби фторқұрамды сықпалар тіс жұғындыларын кәсіби тазарту кезінде қолданылады. Бұл сықпаларды ротационды щеткалар және резиналы басшықтармен жағылатындықтан, жұмыс істегенде қызылиек жиегі мен тісаралық емізікшелерді жылжытатындықтан фторидтердің сіңуі кең ауқымды жүреді. Кәсіби сықпалар жоғары абразивті болғандықтан, олар тістің беткейінен минерализацияланбаған қақтың барлық қабаттарын (соның ішінде пелликуланы) алып тастайды, сондықтан фторидтер эмальмен тасымалдаушысыз тікелей байланыста бола алады. Кәсіби гигиена процедурасы сирек жүргізіледі, сондықтан тіс жегісі тұрақтылығына әсер етпейді.

4. Лактар- ауыз қуысында бірнеше сағат (тәулік) бойы сақталуға қабілетті, бірден ісініп ауыз сұйықтығында баяу фтор иондарын бөлетін құрғақ, таза эмаль беткейіне бекитін желімді композиция.

Лак құрамына([F¯]=0,05-тен 6% дейін) концентрациялы әр түрлі фтор қосылыстары жатады.

Фторлакпен жабу процедурасы тістерді тазартудан, құрғатудан және сілекейден оқшаулаудан басталады. Арнайы кисточка-аппликатор көмегімен немесе пластмассалы бір ретті шпатель көмегімен тістерге жағып, 10-20 минут лак сорбциясына қалдырады, одан кейін ауа ағынымен құрғатады. Оптимальды жағдайда процедурада ассистент белсенді қатысады. Минимальды жағдайда лакты кептіру үшін тұрмыстық фендерді қолданады, лакты жабуды тіласты аймағын ([F¯]=1-2%) сілекеймен толтыруға дейін төменгі жақ тістерден бастайды.

5. Фторқұрамды пломбалық материалдар.1960 жылдары алдын-алу препараттардан және ауыз қуысынан фторидтердің тез бөліну проблемасын молярлар және премолярлардың фиссураларын герметизациялау мен тістерді реставрациялау үшін қолданылатын қатаятын материалдар қолданып шешілуде. Bis-GMA негізіндегі композитті материалдарды фторидтермен байытады, бұл тіс тіндеріне жанасатын герметик (пломба) микроэлементттерінің біртіндеп эмиссиясына әкеледі. Әйнекиономерлі цемент алғашында 20% фторидтерден тұрған (кальций фториді, натрий, алюминий фториді) және жақсы минерализациялық әсерді береді.

6. Жергілікті қолдану үшін фторидтердің басқа тасымалдаушылары. Қазіргі уақытта тығыз қоры-тасымалдаушы қолдану пікірі қарқынды даму үстінде, ауыз қуысында 30-180 тәул. бойы фторид концентрациясын жоғары деңгейін ұстайтын тістің фторқұрамды дәрілері, кополимерлі мембраналар мен фторқұрамды әйнекті тасымалдаушылары жасалып шығарылуда. Мұндай заттарды қолдану үй жағдайында және кеңселік фторлы алдын-алу шараларын қолданбайтын тіс жегісіне тұрақсыз адамдарға ұсынады. Фторид тасымалдаушылары ретінде фториді бар шайнау сағыздарын қолданылады. Бірақ фторланған шайнау сағыздары тіс жегісіне қарсы тиміділігі ксилит және кальций қосылыстары бар сағыздардан біршама қалады. Фторланған шайнау сағыздарын қолдануының маңызды шектеуіне фториді мөлшерінің асу қауіптілігі: өйткені шайнау сағызы дәрі емес, кондитерлік өнімі болып есептеледі, оның тәуліктік мөлшерін қабылдауын бақылау мүмкін емес.

Этилцеллюлоза негізіндегі шайнауға арналған фтор таблеткалардың қолданылуыфтор ионын бөлетіндәрілік формада фторидтің жүйелі түсу проблемасын шешеді. Қантты фтормен қанықтыру әдістемесі құрастырылуды, 5 ррm F- фторид концентрациясы буылтықтың қышқыл түзу деңгейін төмендетпейді, бірақ эмаль деминерализациясын болдыртпайды.

Қазіргі уақытта келесі жергілікті алдын-алу стратегиясы қабылданған. Фторқұрамды тіс сықпаларын күн сайын қолдану әрбір адамға ұсынылады. Қосымша жергілікті фтор заттары – үй шайғыштары, жоғары концентрациялы препараттар (ерітінділер, гельдер, лактар) тіс жегісіне қауіп дәрежесіне байланысты қолданылады. Герметизация мен реставрацияға материалдар таңдауда фторқұрамды препараттарға ерекше мән бөлінеді.