Фиссуралар мен шұңқырлардың мүмкін формалары

Сызбасы Фиссуралар сипаттамасы Кездесуі, %
    Өзегі және түбіне дейінгі тұрақты диаметрі: жіңішке (I-тәрізді)    
    Өзегі және түбіне дейінгі тұрақты диаметрі: кең (U-тәрізді)    
    Өзегі кең және негізі тар, оларды ашық деп атайды: “конус тәрізді”=”өткір ұшты” (V-тәрізді)    
    Жарты сфера (науа)
    Өзегі тар және негізі кең, оларды жабық деп атайды: (тамшы тәрізді, қапшық тәрізді, кері Y, жіңішке тамағы бар колба, полип тәрізді)  

 

Тіс жұғындыларының жиналуы үшін ең қолайлы жағдай тістің жарып шығу кезкңінде қалыптасады: премолярлар қызылиек беткейі үстіне төмпешіктерінің бір ұшы шыққаннан окклюзионды жазықтыққа қосылғанға дейін 1-2 айда жолды өтеді, молярлар – 12-18 айда.

Сонымен, тістердің жарып шығу кезіндегі фиссура эмалінің төмен минерализациясы, ауыз сұйықтығымен контакттің шектелуі нәтижесінде бәсең дамуы, кариесогенді жұғындылардың ұзақ уақыт ретенциясы эмаль шұңқыры мен фиссуралар аймағында тіс жегінің дамуына бейімдейді.

Фиссуралар жегісі ережеге сәйкес өзек аймағында, оның қабырғаларында және сирек - түбінде басталады. Үрдіс эмаль–дентинді шекара бойымен тез таралады, эмальды “жуып өтеді” және дентиннің жұмсаруын тудыра отырып, дентинге белсенді енеді.

Инициальды (бастапқы) тіс жегісі микроскопиялық қуыстар түзілуінің алдында болады және эмальдің көзге көрінбейтін өзгерістері терең дамуы мүмкін. Кейде тіс жегісінің басталуынан, оның клиникалық көрінуіне дейін 18 айдан көп уақыт өтеді.

Фиссуралардың жегіленген эмалінің көзге көрінетін өзгерістері оның түсіне байланысты: бор тәрізді, сары, қоңыр, қара. Жақында жарып шыққан тістерде фиссураның қоңыр түсі - тиісті тіс жегісінің индикаторы. Ересек адамдардың тістеріндегі қара фиссуралар созылмалы үрдіс туралы немесе тіпті реминерализация туралы дәлелдеуі мүмкін. Бірақ осындай “қолайлы” жағдайларда да пигменттелген эмаль микроағзалармен қаныққан, ал тиісті дентин айтарлықтай өзгерген.

Фиссураларды, шұңырларды зондтау және олардың нәтижелері интерпритациясының ерекшеліктері бар. Біріншіден, өзекте эмальдың механикалық ақауының (“зонд тірелмейді”) болмауы тіс жегісінің жоқтығын білдірмейді, ол зондтау зонасында аз өзгерген астында да, сонымен қатар зондтауға келмейтін фиссуралардың тереңдігінде де дамуы мүмкін. Екіншіден, зондтың тірелуі бұзылыспен байланысты болмауы мүмкін, ал тіндердің жетілмеуімен байланысты болуы мүмкін (металлды үшкір зонд эмальдің гипоминерализацияланған құрылымын қайтымсыз зақымдайды, сондықтан төмен мықтылықтағы “жас” эмальдан төмен мықтылықтағы, ағаштан ұшы бар зонд қолдану ұсынылыды).

Рентгенологиялық зерттеу окклюзионды беткейлер тіс жегісі диагнозын нақтылайды, бірақ ол тек дентинде орналасқан кезде. Электрометрия фиссуралардың жегіленген (деминерализацияланған) және жетілмеген (гипоминерализацияланған) тіндерін ажыратуға мүмкіндік бермейді. Микробты массада лазерлі жарықпен индуцирленген флюоресценцияны өлшеуге негізделген диагностика әдісі сау эмаль туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ Диагнодент аппаратымен фиссураның тереңіндегі тіс жегісінің анықтау үлесі жақсы жағдайда 70% жетеді.

Қарапайым клиникалық жағдайда, айна мен ауалы писталетті қолданумен жақсы жарықтану кезінде жегіленген шұңқыр мен фиссураларды анықтауға 20-50% шынайы санын есептеуге болады.