Механикалық қол құралдары және құралмен әдістер

Қатты қызылиекүсті жұғындыларды және қызылиекасты кеңістіктен барлық жұғындыларды алып тастау үшін өңделетін беткейдің қисықтығын қайталайтын, кескіш қырлары бар арнайы металлды құралдар қолданылады.

Қол құралдарының сабы, жұмысшы бөлігі және оларды байланыстыртын өзегі бар. Жұмысшы бөлікте бүйір қырларын, бет жағын, кері жағын (арқасы), бүйір қырларын және ұшын ажыратады. Жұмысшы бөліктің дизайнының ерекшеліктеріне байланысты құралдардың бірнеше түрлерін ажыратады:

· скейлер: үшкір ұшы, үшбұрышты немесе трапеция тәрізді қиығы, бір немесе екі бүйір қырлары кескіш, ұшына жинала қабысу үйлесу, бет беткейі өзекпен 450 жасайды (сур. 6.9).

 

 

Сур. 6.9. Скейлерлер.

 


· кюрета: дөңгеленген ұшы, қиығында жарты шеңбер, бүйір қырлары параллельді кескіш (біреуі – Грейси кюреталарында, екеуі - әмбебап кюреталарда); бет беткейі өзекпен әмбебап кюретада 900 және Грейси кюреталарында 700 жасайды (сур. 6.10);

Сур. 6.10. Кюреталар.

· түрпі (рашпиль) – жұмысшы бөлігінің дөңгелек немес сопақша қиығы және бет бөлігінде көптеген кертіктері бар скейлердің түрі; тіс беткейінің шектелген бөліктерінен жұғындыны қырып алу үшін қолданылады;

· қашау: тіке немесе сәл иілген жұмысшы бөлігі және 450 бұрышпен ұшталған кескіш тіке ұшы бар құрал (сур. 6.11);


· кетпен: жұмысшы бөлігі 1000 бұрышпен бүгілген, тіке кескіш ұшы 450 бұрышпен ұталған (сур. 6.12).


Сур. 6.11. Қашау.

Сур. 6.12. Кетпен.

 

Гигиеналық тәжірибеде ең кең таралған скейлерлер және кюреталар. Дизайнның жарақаттаушы қауіпті элементтері бар скейлерлер терең емес қызылиек қалталарында жұмысқа арналған. Скейлерлер тіке және орақ тәрізді, екі жақты және бір жақты, фронтальды тістер және бүйір тістер үшін болады. Кіші гигиеналық жиынтыққа фронтальды топтар үшін бір және бүйір тістер үшін бір скейлер кіреді.

Әмбебап кюреталар тістің барлық беткейлерінде, соның ішінде терең қалталарда жұмысқа арналған. Фронтальды және бүйір тістер үшін әмбебап кюреталарды ажыратады; жіңішке жұмысшы бөлігі және қысқа өзегі бар кюреталар балалардың тістерін кәсіби тазарту үшін ұсынылған.

Тістің өңделетін беткейіне нақты бейімделген Грейси зона арнайы кюреталары: толық жиынтық күрек тістер мен ит тістердің, премолярлар мен молярлардың вестибулярлы-дистальды, вестибулярлы-медиальды, оральды-дистальды және оральды-медиальды бүйір беткейлерін өңдеуге арналған 14 құралдан тұрады. Стоматологиялық гигиенисттің кіші жиынтығына Грейси 4 стандартты кюреталары кіреді:

1) фронтальды тістердің барлық беткейлерін өңдеу үшін (SG1/271);

2) молярлар мен премолярлардың вестибулярлы және ұрттық беткейлерін өңдеу үшін (G7/877);

3) молярлар мен премолярлардың медиальды беткейлерін өңдеу үшін (SG1/271);

4) молярлар мен премолярлардың дистальды беткейлерін өңдеу үшін (SG13/1478).

Қашау мен кетпенді кәсіби гигиенада шектелген кеңістікте тістің тегіс беткейінен қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін қолданылады.

Қол құралдарымен тіс жұғындыларының әр түрлі түрлерін қырып алуға, кесуге немесе опырып алуға болады. Құралдың жұмысшы қырын оның мойыналды аймағында тіспен тығыз емес қатынаста әкеледі (қара сур. 6.13а) және тастың апикальды полюсіне жылжытады (қара сур. 6.13б). Содан кейін құралды өңделетін беткейге тығыз қысады (сур. 6.13в) және күшпен (бірақ бір қалыпты және абайлап!) оны коронарлы бағытта тістің ұзын осі бойымен жүргізеді, бұл кезде жұғындыны кескіш жиекке/окклюзионды беткейге ығыстыруға және бұзуға тырысады (сур. 6.13г). Жұмысшы алаңды стоматологиялық қондырғының пистолетінен немесе бос қалған жерінен, шприцтан инемен дистилденген сумен немесе антисептиктермен жуа отырып, тазалайды. Беткейдің тазару сапасын көзбен (стоматологиялық айна көмегімен) және тактильді (түймелі, саңырауқұлақ тәрізді немесе қарапайым зонд, немес кішкентай экскаватор көмегімен) тексереді. Процедураны жылтыратумен аяқтайды, ол үшін ротациялық щеткалар, резиналы тостағаншалар және бастар, сықпалар, жолақтар және т.б. қолданылады.





Сур. 6.13. Кюретамен қызылиекасты тіс жұғындыларын алып тастау кезінде жұмыс сатылары.

 

Тіс жұғындыларын қолмен алып тастау техникасы ыңғайсыздықтың жоғары қаупімен және науқас пен дәрігерге жарақатпен кезектеседі, сондықтан қауіпсіздік және эргономика талаптарын қатаң сақтау қажет.

· Құралдардың түрлері мен мөлшерлері процедура жоспарымен сәйкес таңдалуы қажет: өңделетін тістердің топтық жатуын және олардың мөлшерлері мен түрлерінің жеке нұсқаларын, доғада тістердің орналасуын, тіс жұғындыларының сипатын есепке алады.

· Құралдардың бүйір қырлары өткір, жақсы ұшталған болуы қажет.

· Құралдар стерильді болуы қажет.

· Уатылған жұғындылар бөлшектері мен қанның науқаспен аспирациясы (жұту) мүмкіншілігін төмендету үшін коффердаммен, сілекей сорғышпен және шаң сорғышпен жұмыс мүмкіншілігі болғаны жөн. Соңғы заттар қоршаған микро ортаның инфицирленген бөлшектермен ластану дәрежесін төмендетеді.

· Қанмен және жұғынды бөлшектерімен көздің, терінің және киімнің ластану мен инфицирленуден қорғаныш заттарын дайындау қажет: науқасқа көзілдірік және төс салфетка, дәрігер мен ассистентке көзілдірік, макса (немесе маска-экран), биялай және алжапқыш.

· Жұмысшы алаңды сілекейден оқшаулау, антисептиктермен өңдеу қажет (3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,5% этоний ерітіндісі, 0,06% хлогексидин ерітіндісі, иодинол және т.б.).

· Жұмысшы алаң аппликациялық және инъециялық жансыздандыруды жүргізуге дайын болуы қажет (жиі мұндай қажеттілік төменгі күрек тістер мен ит тістерді тазарту кезінде пайда болады, тістердің түбірлері аймағында жұмыс кезінде).

· Құралды тұрақты тістерге, немесе жақтың альвеолярлы өсіндісіне, немесе иекке бүгілген төртінші саусақтың жастықшасымен немесе алақанның сырт жағымен тіреле отырып – тікелей немесе басқа қолдың саусақтары арқылы оң (жұмысшы) қолдың бірінші, екінші және үшінші саусақтарымен жазатын қалам сияқты ұстау қажет.

· Периодонтальды байламның жарақатын және қозғалғыш тістердің шығып кетуін алдын-алу үшін тіске механикалық күшті «бейтараптау» қажет: өңдеу кезінде оған «тазартушы» күштің мөлшері бойынша тең және бағыты бойынша қарсы күш түсіре отырып тісті сол қолдың саусақтарымен ұстап тұрады.

· Эргономика тістерді және олардың әр түрлі беткейлерін өңдеудің реттілігін анытайды. Бір енуден бір құралмен дәрігерге қатысты бірдей бағдарланған тістер беткейінің қисықтығы бойынша барлық ұқсастар өңделеді: мысалы, бір топқа төменгі сол жақ алдыңғы тістердің вестибулярлы-дистальды беткейлері (33, 32, 31) және төменгі оң жақ алдыңғы тістердің вестибулярлы-медиальды беткейлері (43, 42, 41) түседі.